17 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Өйтпесек болмайды, ағайын": Сапарбаев екі сиырға қатысты сұраққа жауап берді

26 август 2019, 15:48
"Өйтпесек болмайды, ағайын": Сапарбаев екі сиырға қатысты сұраққа жауап берді
Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады деп санайды. Тек ол үшін жұмыс істеу керек. Бұл туралы ол елордада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Екі сиыр төңірегіндегі әңгіме Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін туындаған еді. Сол жолы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жаятындарды сынаған болатын. Елбасы көмек сұрай беретіндерге "екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп кеңес берді.

Бүгін астанада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылуында журналистер Бердібек Сапарбаевтан осыған қатысты пікірін сұрады.

"Еңбек етсеңіз, күн көруге болады. Бәріміз де, негізінен, ауылдан шықтық қой. Бір сиырмен де, екі сиырмен де күн көруге болады. Бірақ ол үшін сиырға да жағдай жасау керек", - деді вице-премьер.

Ол әңгіме екі сиыр да емес, халықтың жұмыс істеуінде екенін айтты.

"Ешкім ешкімге жем-шөпті әкеп бермейді. Құдайға шүкір, біздің жеріміз де, шөбіміз де, суымыз да жеткілікті. Тек әрекет жасау керек. Ол сиырға жем-суын дер кезінде берсең, ең кем дегенде 7-8 литр сүт береді. Сол сүттің 2-3 литрі өзіңнің қажетіңе кетсе, қалғанынан май да, құрт та, қатық та, қаймақ та шығады. Әңгіме екі сиырда емес. Әңгіме халықтың жұмыс істеуінде. Өйтпесек болмайды, ағайындар!", - деді Сапарбаев.

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары он екі мүшесі сау адамдарды жұмыс істеуге шақырды.

"Әсіресе балаларымызды еңбекке баулуымыз керек. Әсіресе, ауыл балаларын", - деді ол.

"Жанұя" орталығы қандай көмек көрсетеді

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Салтанатты жиынға премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мен қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Аким Нур-Султана Алтай Кульгинов и заместитель премьер-министра Бердыбек Сапарбаев в Центре семьи Жануя

"Жанұя" орталығында отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді. Олар 70-тен астам қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алу, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналастыру, жаппай оқыту бағдарламасына қатысу, балабақшаға кезекке тұру, қамқоршылық орнату, жәрдемақы алу және тағы басқа мәселелер бойынша.

Сондай-ақ, мекемеде аналарға арналған "Кәсіпкер ана" атты орталығы да ашылған.

Бұдан бөлек, орталықта қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары да бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды.

Орталық дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Просмотров материала: 1 271

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 227 006 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 702 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 226 209 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 226 252 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 611 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 094 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 112 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 463 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 164 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 180 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 386 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 966 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 101 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 707 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 592 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 650 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 827 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 581 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 000 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 774 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 589 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 445 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 284 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 655 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 519 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 018 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 464 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 337 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 569 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 974 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 317 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 253 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 397 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 333 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 593 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 708 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30