4 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ағылшын тілін оқытуды 5-ші сыныптан бастау орынды, - Қ.Тоқаев

20 август 2019, 14:25
Ағылшын тілін оқытуды 5-ші сыныптан бастау орынды, - Қ.Тоқаев
"Ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын".

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған мәселе оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

"Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс", - деді ол.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай белгілі ғалымдар мен ұстаздардың пікірін білген едік, деп хабарлайды abai.kz.

Айгүл Ісмақова, ғалым

- Жуырда өткен Тамыз конференциясында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев көптен бері мұғалімдердің, ғалымдардың көкейінде жүрген мәселені айтты. Мемлекет басшысының әлемдік тәжірибеде жоқ бастаманы тоқтатып, мәселені оң бағытқа бұрғанына барша зиялы қауым мен ата-аналар бөркін аспанға атып қуанып жатыр.

Бәріміз білетіндей, Жапонияда, Еуропа елдерінде, тіпті бүкіл әлемде мектепте ең алдымен ана тілі оқытылады. Бала тоғыз жасқа дейін өз ана тілінде білім алуы керек. Тоғыз жастан кейін ғана шет тілдерді өз таңдауымен үйренеді. Баланың психологиясы 9 жасқа келгенде ғана басқа тілді меңгеруге толық қабілетті болады. Осыны қанша айтсақ та, бұрынғы Білім және ғылым министрлері құлаққа ілмей келген еді. Енді осы мәселеге Президенттің өзі нүкте қойып отыр.

Тамыз кеңесінде мемлекет басшысы өз ойын Білім және ғылым министріне шегелеп тұрып айтты. Министр де алдағы басты ұстанымымыз осы болатынын жеткізді. Ендігі мәселе, осы айтылған істердің жүзеге асуы болып отыр. Бірақ, ең маңыздысы бұл мәселеде тұңғыш рет заң жүзінде тұжырым орнықты.

Екінші жақсы жаңалық, бірінші сыныптан бастап әліппе қайтарылатын болды. Министр Айтмағамбетовтың өзі "Ахмет Байтұрсынұлы бекіткен әліппе негізге алынады" деп сөз берді.

Осы екі ұстаным іске асса, еліміздің білім саласы үшін үлкен жетістік болғалы тұр. Президент Тоқаевтың ұлттық білім беру жүйесін тура жолға салып, баяғыдан келе жатқан классикалық үлгіге көшіруді көздеген тұжырымы бекітіледі, іске асады деп сенеміз.

Президент Тоқаев бұрыннан бері мектеп оқулықтарының, соның ішінде қазақ тілді оқулықтардың сынға ұшырап жатқанына байланысты пікір айтып жүреді. Білім беру жүйесіндегі кемшіліктердің бәрін біліп отыр деп ойлаймын. Сондықтан да, шет тілдерін оқытуда ата-аналардың өтінішін,тілегін ескере отырып, салмақты шешім шығару керек деп айтып отыр.

Аягүл Миразова, ардагер ұстаз

- Ең алдымен Тамыз кеңесіне мемлекет басшысының қатысуын ұстаздарға деген, білім саласына деген құрметтің көрінісі деп қабылдадық. Жиналыста өте көп мәселе айтылды. Оның ішінде мұғалімнің біліктілігі мен білімнің сапалы болуы маңызды екені сөз болды. Бұдан бөлек, мектептердің ахуалы, мектептердегі үш ауысыммен оқу мәселесі жайлы тоқталып, арнайы тапсырмалар берді.

Президент айтқан маңызды мәселелердің бесіншісі - өте өзекті болып тұрған Үштілді білім беру жүйесі жайлы болды. Қазіргі таңда үш тілді білудің керек екенін бәріміз білеміз әрі қолдаймыз. Бірақ, бұл тілді қалай білу керек, қашаннан бастап үйрену керек деген мәселе бәрімізді алаңдатып жүрген.

Осыған байланысты, мемлекет басшысы ұлы тұлғаларымыздың сөзін мысалға келтіре отырып, жасөспірімдер үшін ең маңыздысы ана тілі екенін айтты. "Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті" деген Мағжан Жұмабаевтің сөзін, "әр халықтың ана тілі - білімнің кілті" деген Ахмет Жұбановтың сөзін айтты. Сондықтан қазақ тілі ең алдыңғы қатарда тұру керек. Барлық білімді алдымен ана тілмізде беруіміз керек.

Ал қалған екі тілді білмеу керек демейміз. Оларды да білу керек. Себебі, қазақстандық жастар елде ғана емес, әлемдік деңгейде білім алып, өзгелердің озық жерлерін өз елімізде жүзеге асыруы керек. Сол үшін де әлемдік деңгейдегі шет тілдерін білу керек.

Бірақ, қазіргі таңда балабақшадан бастап ағылшын тілін үйретіп жүрміз. Жеткіншектеріміз балабақшадан бастап үш тілді қатар алып келе жатыр. Елу жыл мұғалім болған тәжірибеме сүйенсем, әсіресе үлкен қалаларымызда өз тілін толық меңгермеген балаға үш тілді қатар үйрету дұрыс емес екен. Ана тілі әлі толық шықпаған балалар бұндай жағдайда өз тілін емес, өзге тілді үйреніп кетеді. Сөйтіп, ана тілі ақсап жатады.

Осының бәрін ескере отырып, Президент бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет екенін айтты. Бұнда оқушылар мен ата-аналардың қалауын ескеру керек екенін еске салды. Үш тілді қатар оқытуға шарт-жағдай жан-жақты пісіп-жетілмегендіктен, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деді.

Мен ұстаз ретінде осы пікірге қосыламын. Бірақ, менің байқағаным ауылды жерлердегі балалардың қазақ тілі жақсы, ал ағылшын тілі ойдағыдай емес. Сондықтан, ауылды жерлерде ағылшын тілін үйретуді екінші сыныптан бастаса деймін. Себебі, бесінші сынып сәл кештеу болатын секілді. Бала қанша жас болса, білімді сонша тез қабылдайды. Ал ата-аналар мен оқушылардың талабы солай болса бесінші сыныптан бастаса да кеш қалмайды. Бала үшін бірінші сыныптан бастап үш тілді қатар үйрету ауырлау болады.

Мемлекет басшысының баяндамасына сонда отырған қатысушылар да, өзге ұстаздар мен ата-аналар да разы болды деп ойлаймын. Ұстаздардың беделін қорғау, материалдық жақтан қолдау мәселелері жаңа жылға дейін заңға енетін болады. Бұның бәрі оң бастама екені сөзсіз. Президент "Елді түзетуді баланы оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек" деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін айтты. Осыдан-ақ, ол кісінің білім беру саласына барынша көңіл бөліп отырғанын аңғаруға болады.
Просмотров материала: 1 699

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 146 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 150 959 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 612 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 642 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 150 940 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 905 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 053 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 221 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 862 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 058 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 993 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 104 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 947 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 819 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 644 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 788 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 931 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 597 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 966 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 695 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 701 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 543 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 385 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 641 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 584 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 095 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 519 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 424 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 667 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 013 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 425 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 403 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 443 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 385 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 620 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 763 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30