9 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкімі парамен ұсталған Архимед отставкаға кете ме?

Әкімі парамен ұсталған Архимед отставкаға кете ме?
Жалпы, бізде ауыл әкімінен қала әкімдеріне дейін ашкөздік ауруына ұшырап, парамен ұсталып сотталып жататындығы үйреншікті жайға айналған. Солардың ішіндегі бүкіл елге масқара атымыздың жайылғаны - Қостанай қаласының әкімі Ахметжанов дегеннің өзінің бірталай жетіктестерімен істі болып, оның аяғы облыс әкімі Сәдуақасовтың қызметінен кетуіне әкеліп соққандығы туралы «сенсация» болды.

Пендеміз ғой, қайдан білейік, түрлі деңгейдегі басшыларымыз бұдан қорытынды шығарып, әлгіндей сорақылыққа бара қоймас деп ойлағанбыз. Қателескен екенбіз. Халықтың ақшасынан жиналған бюджет қаржысын «жолда жатқан батпан құйрық» санайтын әкім-қараларымыз сол бір «тегін қазынадан» бірдеңе іліп қалғысы келетін сырқаты жазылмайтын дүние көрінеді. Жақында ғана облысымыздың Әуликөл ауданының әкімі Асхат Қисықов 7 миллион теңге пара алып жатқанда ұсталғандығы туралы ақпармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөнінідегі департамент жұртшылықты хабардар етті. Сол баяғы тендерден жырып алудың әрекетінен туындаған дүниеқоңыздық. Әкім өз кінәсін толық мойындап, қылмысты ашуға көмектесетіндігін мәлімдеді. Сөйтіп, 40 жасқа жетер-жетпес азаматтың алдағы тағдыры осылай шешілетін болды.

Алайда бұл жерде әңгіме парамен ұсталған әкім туралы ғана болып тұрған жоқ. Мәселе түптеп келгенде облыс әкімі Архимед Мұқанбетовтың алдағы іс-әрекеті жайлы болмақ. Міне, осы жай бүгінде бүкіл облыс қауымын алаңдатып отыр. Бұрындары болса «жарайды, қай әкім ұсталмай жатыр. Бізде бұл үйреншікті жағдай ғой» деп жылы жауып қояр едік. Бұл жолы жағдай мүлдем бөлек сипат алып отыр. Осы жылдың мамыр айының аяқ кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік олргандар басшыларымен кездесуінде «Егер қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа барса, онда басшылары отставкаға кетуі керек» деп ашық айтқан болатын.

Сонымен қатар ол ешкімнің де заңнан жоғары тұра алмайтындығын, қарамағындағылар парамен ұсталған жағдайда орталықтағы болсын, жергілікті жердегі болсын бірінші басшылардың жауап беруі керек екендігін де қатты ескерткен. «Жыл сайын елімізде 2 мыңнан астам жемқорлық қылмыс тіркеледі екен. Осыған байланысты орта есеппен алған жылына мыңнан астам адам жауапқа тартылады. Біз осынау әлеуметтік ауруға үзілді-кесілді қарсы тұруымыз керек» деп осы бағыттағы жұмысты айқын тұжырымдаған еді.

Міне, қостанайлықтарды алаңдатып отырған да осы жайт. Бүгіндері Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес облыс әкімі өзінің отставкаға кететіндігі туралы арыз бере ме, әлде «жабулы қазан жабулы күйінде» қала бере ме деген күрделі де өзекті сауалға жауап табылмай тұр.

Рас, Архимед мырза өз «Инстраграм» желісіндегі парақшасында аталмыш аудан әкімінің парамен ұсталғандығы жайлы айта келіп «Әрине, бұл жағдай мені алаңдатады. Сот шешімі күшіне енгенге дейін мен түсініктемелерден қалыс қаламын» деп жазды.

Демек, күте тұрармыз. Алайда, әкімнің бұл жазғанын басшы есебінде жауапкершілікті түсінгендігі деуге аузымыз бармайды. Сірә, әліптің артын баққысы келетін шығар. Дегенмен, елімізде ешбір сотты күтпей-ақ, басшылық қызметкен кеткен азаматтардың да бар екендігін ескерелік. Мәселен, қарамағындағылар парамен ұсталғанда қызметке келгендігіне көп бола қоймаса да Білім және ғылым министрі Күләш Шамшиденова ханымның қызметінен қош айтысқандығына жұртшылықтың барлығы да куә. Мүмкін, әкімнің өз ойлағаны бар шығар.

Айтпақшы, осы жақында ғана облысымыздағы Федоров ауданы әкімінің орынбасары парамен ұсталып, абақтыға қамалған. Сол үшін аудан әкімі мойнына сөгіс іліп тынды, Алайда білгіштердің айтуына қарағанда егер әкім алты ай бойы жақсы жұмыс істесе, бұл сөгістен арылып, баяғы періштедей таза қалпына қайта оралады екен.

Бізді таң қалдырғаны бұл емес. Бір аудан әкімінің парақорлықпен сотталып жатқанда, екінші бір аудан әкімінің ештеңеден де қорықпай, ешнәрседен де сескенбей, жалғыз ғана қазақ мектебіне бөлінген қаржыға ашқарақтықпен қол салғаны, қол салғанда мол салғаны бір ғана нәрсені дәлелдейді. Ол облысымызда жемқорлық деген пәленің әбден діндеп бой бермей кеткендігі. Яғни жазылмас әлеуметтік сырқатқа айналғаны.

Алайда біз осы секілді өзекті мәселелерді сөз еткен мақала жазсақ «Ойбай облысымызда ешқандай мін жоқ. Архимед секілді әкімді күндіз шам іздесең де таба алмайсың. Ал сіздер оған пәле жауып, тырнақ астынан кір іздеп, облыстың беделіне нұқсан келтіріп отырсыздар» деп улап-шулап шыға келетін «жалған патриоттар» мұнда жетерлік. Енді оларға сөзімді шығандамай-ақ қояйын.

«Tengrinews.kz» агенттігінің жазуына қарағанда былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жемқорлық қылмысы жөнінен ешкімге де дес бермейтін көрінеміз. Оны Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің реси өкілі Жанна Бастарова тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Бізді «фактілерді бұрмалап отыр» деп айыптамас үшін осы өкілдің айтқандарын сол қалпында берелік.

"Из общего количества преступлений 112 зарегистрировано в Астане, так как именно в столице работает наибольшее количество госслужащих. Далее следуют Костанайская и Туркестанская области - 109 и 108 коррупционных преступлений соответственно. Самый низкий уровень коррупции - в Северо-Казахстанской области - 52 преступления с начала года".

Шындық ащы болса да, осылай айтылады. Асылы, Астанадан кейін қалып қойыппыз деп ренжімелік, екінші орын да осал емес қой. Енді биылғы жылдың нәтижесін күтелік. Ол да көңілімізді қалдыра қоймас деп ойлаймыз.

Ал енді бұдан облыс әкімі Архимед Мұқанбетов қандай қорытынды шығарады? Азаматтық мінез танытып, отставкаға кету жөнінде арыз бере ме, әлде «әкімге сот шешімі шықсын, сосын бірдеңесі болар» деген үмітпен әліптің артын күте ме, ол өңір басшысының өзінің еншісіндегі шаруа.

Ал жалпы отставкаға кету жаман атпен қызметінен босату дегенді білдірмейді. Архимед әкім болмаса да жерде қалмайтын білікті маман. Негізгі мамандығы инженер-электрик көрінеді. Кезінде анау-мынау емес, Ресейдегі Самара мемлекеттік техникалық университетін ойдағыдай аяқтаған. Инженер-электрик деген де еліміздегі аса қат мамандықтың бірі. Мүмкін, осы уақытқа дейін байқалмай келген таланты сонда ашылар. Сәттілік тілейміз. Қанша дегенмен айтулы азаматтардың бірі ғой. Ал тағдыр дегенге дауа жоқ. Өмір ылғи маңдайдан сипай бермейді.

Жайберген Болатов
Қостанай
Abai.kz
Просмотров материала: 1 170

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 142 893 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 142 696 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 352 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 375 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 142 684 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 631 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 764 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 243 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 442 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 535 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 835 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 844 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 726 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 547 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 680 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 835 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 507 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 866 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 605 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 608 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 452 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 291 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 539 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 480 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 994 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 403 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 325 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 561 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 911 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 321 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 309 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 351 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 294 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 515 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 664 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930