25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қостанай облысының әкімі резиденциясынан бас тарта ала ма?

Қостанай облысының әкімі резиденциясынан бас тарта ала ма?
Жақында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өзінің шаһардың ең көрікті жері - қарағайлы орманда орналасқан аумағы ат шаптырымдай резиденциясынан өз еркімен бас тартатыны жайлы хабарлап, баспасөзді бір шулатып тастады.

Ермактың бұл «ерлігі» бүкіл елді елең еткізгені сөзсіз. Шындығында да қай әкім өз қалауымен жанға жайлы орыннан ығысып еді.

- Мен ол жерден өз еркіммен көшіп кеттім, - деді ол. - Қазір қалада тұрамын. Бұл орынға көп ақша жұмсалады. Ондай шығынның қажеті қанша? Бұдан да оны бай кәсіпкерлерге сатуды ұйғардық деді.

Ермак Бидахметұлы мұнымен ғана тынбаған көрінеді. Резиденция жай ғана сатылып қоймайды, оны алғандарға қойылатын талап та қатты.

Ол міндетті түрде балалар демалатын орынға айналуы керек. Мұның үстіне оның болашақ иесі жылына бір рет әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларын тегін тамақтандырып, демалдыруға міндетті.

Қысқасы, мұндай керемет мекенжайды иеленгендер кедей-кепшіктің балаларын қамқорлыққа ала жүруі қатаң қадағаланады.

Демек, қазір құны 158 миллион теңгеге бағаланған бұл резиденцияның рахатын қарапайым халық та көретін болады.

Осындайда бізді бір сауал мазалап отыр. Ермактың осы бастамасын өзге әкімдер іліп әкете ала ма?
Әлде мұндай жаңалықтарға жатырқай қарап, білмегенсіп, байқамағансып жүре берер ме екен деп жазады Жайберген Болатов Abai.kz сайтында.

Өзге өңірлерді білмеймін, ал біздің Қостанай облысында мұндай резиденцияның «көкесі» бар. Жалпы көлемі анау-мынау емес, аумағы 21 гектар құрайтын, ішінде теннистік корт, монша мен бассейінін қосқанда бақандай

13 обьекті бар мұндай келісті мекенжайда облысымыздың әкімі Архимед Мұқанбетовтың жалғыз өзі тұрып жатыр деген автор бұл мәселенің бірнеше рет көтерілгенін де алға тартады.

Біз бұл жерде үлкен бір облысты басқаратын әкім жайлы да жақсы орында тұрмасын деген ойдан аулақпыз. Онысы заңға томпақ келеді деуге де құқымыз жоқ. Тұрсын, демалсын, тынықсын, сергісін.

Біздікі тек халықтың арасында кеңінен қолдау тапқан Ермак Сәлімов секілді әкімнің артық шығындардан арылып, қарапайым жұртқа жақынырық тұруды көздеген бастамасын Архимед қолдай ала ма деген сауал ғана.

Оның үстіне қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік органдардардың тым далиып кеткен орындарды иеленіп жүргенін,

ал қазіргі таңда бұларды босату мен оңтайландыру туралы нақты мәселе қойып отырғанын ескерсек, бұл айтқандарымыз негізсіз емес шығар деп ойлаймыз.
Просмотров материала: 1 151

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 805 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 474 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 972 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 013 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 386 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 428 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 462 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 785 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 439 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 502 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 694 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 775 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 870 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 545 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 316 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 658 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 398 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 797 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 596 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 473 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 837 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 133 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 103 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 400 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 552 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31