11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандықтар арасында жүрек-қан тамырлары аурулары дендеп барады

26 июнь 2019, 17:08
Қазақстандықтар арасында жүрек-қан тамырлары аурулары дендеп барады
Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Қазақстанда осы дерттерге шалдығушылық 5-7 есеге өссе, ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша қазақ елі алғашқы орындарда тұр. Әлемде жыл сайын жүрек қантамырлары ауруларынан 17 млн адам көз жұмады екен. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Ал отандық мамандар дерттің соңғы 20 жылда елімізде де дендеп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Алматы қалалық кардиология орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты кардиохирург-дәрігер Алмат Қодасбаевтың айтуынша, бұрын бірінші орында онкологиялық аурулар болса, қазір жүрек қантамыр аурулары алғашқы орынға шығып жатыр.
Жүрек-қантамыр ауруларының себептері сан түрлі. Мәселен, 10-15% тұқым қуалаушылықтан болса, қан құрамында қанттың нормадан жоғары болуы, қан құрамындағы холестериннің жоғары болуы, жүректен тыс басқа да органдардың зақымдануы, ми қабатының зақымдануы, бүйрек үсті безінің аурулары да қан қысымының үнемі жоғары болуына әкеліп соғады, қалқанша без гармондарының ауытқуы тағы бар.

«Жүрек қан-тамырлар жүйесіне зиянды әдеттер қатарына, спирттік ішімдіктерді жиі пайдалану жатады. Алкоголь құрамындағы сивуш майы тамырдың кеңейуін тудырып, жүрекке салмақ түсіреді. Аурудың туындауына тамақтың құрамының да әсері бар. Майлы, тұзды, кептірілген, қуырылған тамақтар қандағы холестеринді көбейтеді. Атам қазақ айтпақшы, ауру астан деген. Дұрыс тамақтанбаудың өзі жас қорыту жүйесіне ғана емес жүрек қантамыр ауруларына кері әсерін тигізеді. Сондықтан күнделікті пайдаланатын тамақтың құрамы мен сапасына аса мән берген абзал.» - дейді Алмат Қодасбаев.

Қантамырдағы қан қысымының жоғарылауы жүректің әлсіреп зақымдануына алып келетіні белгілі. Сондықтан осы күні әлемдік дәрігерлер гипертонияны жүрек ауруларымен бірге емдеуді негізгі жолға қойып отыр. Бүгінде жастар арасында қан қысымының жоғарылауы жиі кездесіп жатыр. Ол зиянды әдеттерге ғана емес жалпы стресттік жағдайларға да байланысты екені дәлелденген.

«Жастар арасында аталмыш аурулардың кең етек алуы дене қызметінің азаюынан да белең алуда. Себебі дене белсенділігі шынымен аз. Сондықтан әрбір өз денсаулығын ойлаған азамат дене еңбегін ой еңбегімен өзара ұштастыра білгені дұрыс болар еді»,- дейді дәрігер.
Маман сөзінше, инфаркт пен инсультте осы арттериалды гипертония ауруларының басты салдары. Яғни адам өз денсаулығына салғырт қарайтын болса, қан қысымының жоғары екенін біле тұра оған көңіл аудармаса, болашақта инфаркт пен инсультқа жолығуы әбден мүмкін.

«Қазіргі таңда жүрек қантамыр ауруларының алдын алу мақсатында елімізде біршама бағдарламалар бекітілген. Әрбір 40 жастан асқан азаматтар тегін скрининг тексерістен өту мүмкіндігіне ие. Скрининг нәтижесінде қант диабеті, семіздік, артерриалды гипертонияның алғашқы сатылары ертерек анықталады. Бұл аурулардың осы тексерістер арқылы асқынып кетпей уақытылы ем шараларын қолдану процесін бастау үшін қажет», - деді дәрігер.

Бүгінде медицинада жүрек сырқаттарын анықтаудың заманауи әдістері дамыған. Мысалы, емханалық түрі пациенттің шағымдануы арқылы электрокардиография (ЭКГ) аппараты арқылы тексеруге болады. Бірнеше қан талдаулары алынып, қан қысымы өлшенеді. Егер пациент стационарлық емге мұқтаж болса арнайы коронарография деген тексеру жүргізіледі. Ол қан тамырларына арнайы құрылғыларды жібере отырып ауру белгілерін түбегейлі зерттейді. Электрокардиостимулятор қондырғы орнату арқылы сырқат адамның жүрек ырғағын бақылап емдеу тағы бар.

Дәрігер маманның айтуынша, көп науқастар көбіне ауру асқынып кеткенде ғана медициналық көмекке жүгініп жатады. Осы ретте аурудың кез келген түрін бастапқы сатыда анықтап, емдесе оңтайлы нәтиже мол болатынын ескерген жөн.

«Кез келген ауруды емдеуден гөрі ауырмайтын жол іздеу керек. Жақында елімізде кардиологтар конгрессі өтті. Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайту үшін, ол жиналыста аталмыш аурулардың салдары мен алдын алу жұмыстары жайлы сөз қозғалды. Сондықтан, ең қарапайым кеңес ретінде айтар болсақ, ең алдымен спортпен шұғылдану, тамақ сапасын қадағалау, майлы тамақтарын көп пайдаланбай салауатты өмір салтын барынша жүргізу басты қағидаға айналуы тиіс. Аурудың қандай да бір белгілері байқалса уақыт созбай дәрігерге қаралған абзал. Дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз қолында.»,- дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қоғамдық ұйымдар бірнеше жылдан бері қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне зиянды төмендету тұжырымдамасының принциптерін енгізуді ұсынып отыр.

Өйткені, адамдар өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өздері түсінуі және зиянды әдеттерден бас тартуы тиіс. Бірақ кейде адамдарда зиянды әдеттерден толық бас тартуға ерік күші жетіспейді. Олардың қатарына алгогольді пайдаланудан бастап дұрыс емес тамақтану дейін кіреді. Бұл жағдайда зиянды төмендету тұжырымдамасы көмекке келеді.

Тұжырымдаманың мәні, егер адамдар зиянды әдеттерден бас тарта алмайтын болса, онда олар зияны барынша аз баламаларды таңдауға тиіс, мысалы, күшті алкогольдің орнына жеңіл алкогольді ішуге, өте майлы тағамның орнына аз майлы тағам пайдалану тағысын тағы. Осылайша, зиянды төмендету принциптерін қолдана отырып, адамдар өз ағзасына, оның ішінде жүрек-қантамыр жүйесіне де келтіретін зиянды айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Просмотров материала: 2 150

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 943 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 536 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 047 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 104 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 454 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 349 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 443 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 736 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 188 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 626 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 165 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 668 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930