1 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Халықты қынадай қырасыз ба, Біртанов мырза?

21 июнь 2019, 15:53
Халықты қынадай қырасыз ба, Біртанов мырза?
Қазір біздің елімізде бір нәрсені міндетті түрде реформалау қажеттігі деген нәрсе «жазылмас сырқатқа» айналған сыңайлы. Қандай да министр келмесін, ол жұмысын ең алдымен өз саласын мүлдем жаңғыртуды мықтап тұрып қолға алады. Ал мұндай жаңғырту сол бағыттағы жұмысты жақсарта ма, қайта мүлдем ақсата ма, онда мүлдем шаруасы жоқ. Ең жаманы, мұның өзі бүкіл халықтың жағдайын мүшкіл халге түсіру тіпті де ғажап емес. Ол әсіресе ең бір күйіп тұрған денсаулық мәселесіне келіп тірелсе, тек бір Құдайдан ғана үміт күтуден басқа ештеңе де қалмайды.

Халқымыз қазір дәл осындай аса ауыр жағдайды бастан кешіп отыр десек, шындыққа қиянат жасай қоймаспыз. Жақында осы денсаулық сақтау министрлігіміз «енді барлық дәріханадағы дәрі-дәрмектер дәрігерлердің арнайы рецептісінсін сатылмасын» деген бет қаратпас шешім қабылдады. Ол қазір жедел күшіне еніп, әбден қаһарына мініп тұр. Енді жағдайдың қалай күрт өзгеретінін елестетудің өзі қорқынышты. Мәселен, сіз көптен бері жүрегіңіз қысылатын сырқатқа ұшырадыңыз делік. Бетін аулақ қылсын, әрине. Алайда бұл сырқат елімізде көп тарағанын ешкім де жоққа шығара қоймас. Енді бұрынғыдай жаныңыздағы дәріханаға барып, керекті дәріні ала қояйын деген арманнан арылыңыз. Ол үшін ең алдлымен өзіңіз бекітілген емхананың учаскелік дәрігеріне жазыласыз. Ал оны кемінде бір жеті, не он күн күтесіз. Тіпті бұдан ертерек қабылдандыңыз дегеннің өзінде ол кісі сізді салалық дәрігер, яғни кардиологқа жібереді. Оған енді қайтадан жазыласыз. Бұған да оншақты күн кетеді. Міне бас-аяғы жиырма шақты күннен кейін аса күткен рецептіңіз қолыңызға тиіп, ақырындап өзіңіздің дәріхананаңызға қарай аялдайсыз. Оған жете алсаңыз, әрине.

Жұрттың жүрек ауруынан басқа да сырқаттары жетіп артылады емес пе? Мәселен, аяқ астынан қан қысымыңыз қатты көтеріліп, төсек тартып жатып қалдыңыз делік. Оу, ондай жағдайды басыңызға бермесін. Енді қан қысымын түсіретін, әншейінде өзіңіз ішетін дәріні "алып кел" ешкімді де дәріханаға жібере алмайсыз. Олар қазір "хал үстінде жатырмын" десең де бермейді. Өйткені министріміздің шешімі осындай. Енді не істеу керек? Оған аталмыш министрліктің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін тексеретін комитеттің төрайымы Людмила Бурабекованың жауабы дайын. «Қиналсаңыз, "жедел жәрдем» шақырыңыз", - дейді ол. "Ау, мұндай ауру аса қауіпті емес төртінші санатқа жататындықтан оған жаңағы "жедел жәрдем" келе қоймайды ғой. Оның үстіне емханалардың барлығында бірдей күндіз-түні күзететін "жедел жәрдем" машиналары да жоқ. Демек, сырқат адам оны таң атқанша күте ала ма?" деген сұраққа, еш қиналмастан: "Ол біздің, яғни фармацевтердің мәселесі емес. Ол медициналық көмектің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылуына байланысты" деп қарап отыр. Енді бұдан артық не деуге болады?

Жалпы, мұндай аса күрделі дүниелерді қолға алмас бұрын, оған қаншалықты жағдай бар деген сауалға жауап ізделмес пе еді? Алайда оған біздің министрлігіміздің басы ауырмайтын секілді. Ал дәрігерлердің жетіспеуі елімізде басты проблемаға айналғалы қашан. Егер сол дәрігерлердің өзі аса қат болып тұрғанда оған кірудің өзі қанша уақытқа созылатынын айтып жатудың өзі артық қой. Мәселен, өзгені былай қойғанда біздің Қостанай облысында ғана 350 дәрігер жетіспейді. Мұның 100-ге жуығы ауылдық жерлерге қатысты. Оның үстіне облысымыздағы барлығы 1 777 дәрігердің басым көпшілігінің зейнеткерлік жасқа жетіп қалғанын да ескеріңіз. Осының салдарынан бір маманға түсетін орташа салмақ бізде 2600 адамды құрайды. Ал елімізде бұл көрсеткіш 1700 адамды құрайды. Демек, бұл мәселе бізде аса күрделі әрі жақын арада шешіле қоймайтын проблема. Мұндай деректі анау-мынау адамнан емес, облысымыздың денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Вячеслав Дудниктің өз аузынан естідік.

Мақаламыздың соңында мына бір жаға ұстатаын жайтты айта кетуді жөн көрдік. Қостанайлық Диана Бейсембаеваның айтуына қарағанда ол кісі жаз шыққан сайын қышыма ауруына ұшырайтын көрінеді.

- Мен енді аллергиямды сәл де болса басатын қарапайым дәрілерді сатып ала алмаймын, - дейді ол. - Мәселен, қазір диазолин немесе тавегил дегендер көзден бұл-бұл ұшты. Менің үйде кішкентай екі сәбиім бар. Балаларыма антивирустық препараттар да аса қажет. Ал аллерголог-дәрігерге кемі бір ай бұрын жазылуым керек. Мен олармен қалай ұзаққа созылған кезекке тұра аламын? Ақылы дәрігерлерге көрінуге мүмкіндігім жоқ.

Мінекей, біздің денсаулық сақтау саласындағы бүгінгі қалыптсып отырған аса күрделі жағңдай осындай. Бұған Біртанов мырза не дер екен?

Жайберген Болатов, Қостанай

Abai.kz
Просмотров материала: 1 025

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 907 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 578 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 077 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 123 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 492 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 520 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 842 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 504 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 563 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 756 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 791 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 889 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 557 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 431 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 378 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 671 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 412 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 812 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 611 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 437 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 283 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 135 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 484 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 368 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 852 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 201 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 432 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 817 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 116 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 193 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 418 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 566 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930