25 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сапарбаев: Осы айда 1,1 млн-нан астам қызметкер көбейтілген жалақы алады

17 июнь 2019, 10:55
Сапарбаев: Осы айда 1,1 млн-нан астам қызметкер көбейтілген жалақы алады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстармен бөлісті.

Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар - бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

«Ел Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады», - деді Б.Сапарбаев

Министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 273 мың отбасыға орташа мөлшері 105 мың теңгені құрайтын жалпы сомасы 55 млрд теңге АӘК төленді.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмектің 11 түрін қамтитын бірыңғай қызметтер пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін өңірлерде жеке бастамалар есебінен әлеуметтік жобалар, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау жөніндегі жобалар іске асырылуда.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсартуға, сондай-ақ осы саланы цифрландыруға аса маңызды мән беріледі.

2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 296,5 млрд.теңге көзделген. Ағымдағы жылдың 28 мамырында 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл жоспарға әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. шаралар кешені кіреді.

Баяндама барысында халықтың табысын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері атап өтілді.

«Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін, ал 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға дейін арттырылды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда арттырылған жалақы алады» - деп атап өтті министр.

2018 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша барлығы 497 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның 379 мыңы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

2019 жылы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 13 - і электрондық форматта көрсетіліп отыр. Жыл соңына дейін тағы 22 мемлекеттік қызмет электрондық және проактивті форматта қолжетімді болады.

Жалпы алғанда, мемлекет бюджеттен төленетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың 39 түріне кепілдік береді. Мәселен, 2018 жылы 3,8 млн адам (халықтың 20,9%) жалпы сомасы 2,5 трлн теңгені құрайтын жәрдемақы алған болса, 800 мың адамға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бөлінетін 190 млрд теңге төленді.

2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат көлемі 379 млрд теңгеге өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 27%-на тең.

Баяндаманы талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері көтерген бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарға толыққанды жауап берілді. Кездесу қортындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері ведомствоның өткен жылғы жұмысына оң баға беріп, Министрліктің бастамаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, реформалар мен өзгерістерді насихаттауға белсенді түрде қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Просмотров материала: 1 403

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 991 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 595 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 100 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 151 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 516 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 555 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 853 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 359 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 457 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 731 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 518 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 607 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 253 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 754 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 490 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 185 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 582 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 365 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 282 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 966 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 273 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 184 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 683 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 527 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 021 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 269 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 646 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 023 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 062 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 026 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 220 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 379 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930