28 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Көксеректегі" Құрмаш "СТО-да істеп, өмірін пәтерде өткізген"

23 май 2019, 15:37
"Көксеректегі" Құрмаш "СТО-да істеп, өмірін пәтерде өткізген"
Ал әйгілі фильмде Құрмаштың рөлін сомдаған Қамбар Уәлиев туралы не білеміз? Кинодан кейін актердің тағдыры қалай құбылды? Бұл туралы продюсер Әлия Құдайбергенова әлеуметтік желі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналист Қамбар Уәлиевтің тек жақсы актер ғана емес, жақсы адам болғанын айтты. Ол актермен кездескен сәттегі сезімі мен оның тағдырын баяндап берді.1973 жылы көрерменге жол тартқан "Көксерек" фильмі әлі де көптің жадында.

Мұхтар Әуезовтің шығармасы желісімен түсірілген картинаның Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өткен.

"Жалынғандай боп, табан тіреп тұрып алдым. Тілектес екенімді, сыйлайтынымды айттым. Келіншегі өте жақсы адам екен.

Қамбар ағаның көңіліне қарағыштап, "ағаң бөлек адам ғой, Әлия. Атақпен де, ақшамен де ауырған жоқ. Ешкімнен ешнәрсе сұраған жоқ. Айтар болсақ әңгіме көп... Реніш те, қиянат та... Оның бірін де айтқызбайды, Қамбар" деп, мұңайды.

"Аға, "Көксерек" сізге не берді?" дегеніме "кір жуатын машина" деді. Еріксіз мырс етіппін, шынымен олай ойламаппын.

"Көксерек" ғажап кино ғой! Ал, Құрмашты сізден өзге ойнауы мүмкін еместей! Қалай, сұмдық сендіріп ойнағансыз!" деп едім, селқос қана:

"Есесіне күлкімді ап қойды... Содан кейін күле алмай қалдым. Психологиямның күл-талқанын шығарды..." деді.

Қазақ ұлттық кино өнерінің дамуына үлес қосқан "Көксеректі" көрмеген қазақ жоқ шығар?! Құрмашты да. Бірақ "сол бала қайда?" деген ешкім болмағаны, біздің елде таланттарды бағалаудың жоқтығы, олардың көбінің өмір сүруге икемсіз екенін біле тұра, көре тұра мән бермейтініміз жанымды ауыртты, ағаға қарап отырып...

Тұрмыс- тіршіліктің ауыртпалығы, күнделікті жасап жүрген тірлігі ағаны қажытып-ақ тастапты. СТО да істейді екен. Әйелі мейірбике. Балалары бар. Екеуінің тапқандары пәтерақы мен ас-ауқаттан артылмайды.

"Аға, көлік жөндетуге келгендер Құрмаш деп, танып жататын шығар?" дедім, қойғым келмеген сұрақты қойып. "Жоқ, көбі емес. Бірақ, білетіндер біледі. Одан не пайда? Қазір денсаулығым да сыр беріп жүр.

Баяғы сол фильмге түсіп жүргенімде суық тигізгенмін, әлі күнге сол сырқат қыр-соңымнан қалмайды..." деді.

Айтпасына қоймай, біраз дүниені ақтардық. Аға балаларының болашағына алаңдаулы екенін баса айтты.

"...Жеңгеңнің жақсылығы ғой, әйтпесе мына қоғамға қажетсіз екенімді баяғыда ұққанмын! Әйтеуір... тірі жүргеніңе тәубе дейсің... Үй сұрамаймын. Өздері бірнеше рет бермек боп, қайтадан бермейтін боп... Бала емеспін ғой. Қоя салыңдаршы, дедім.

Менің өмір сүргенім ешкімге де міндет емес. Менен де зорлар өтті ғой, сый көрмей...", - деді әңгіме арасында.

Қамбар ағаның өмірден өткені туралы хабар жанымды қарып өтті. Оған да пәлен жыл.

Тіліме "рахат көрмесі кете салды-ау?!" деген сөз орала берді... Талант деген бар болса, ол "Көксерекке" мән берген, Құрмашқа жан берген

Қамбар Уәлиев еді ғой! Ол қазақтың киносы еді ғой!

Ағаның отбасы қайда екен, жағдайлары не болды екен? Соны ойлап отырмын... Қамбар аға жақсы актер ғана емес, жақсы АДАМ болды!

Біз ол кісінің аты аталғанда нені айтамыз? Несін айтамыз? Немізді айтамыз? Бүкіл ғұмырын пәтерден пәтерге көшіп жүріп өткізгенін, анадай талантты майға "көміп" "стошник" еткенімізді ме?!", -деп жазды Құдайбергенова.
Просмотров материала: 6 304

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 571 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 384 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 028 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 154 063 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 358 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 114 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 259 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 439 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 141 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 333 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 213 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 243 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 021 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 715 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 169 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 496 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 836 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30