30 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ОРАЛМАН" ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

15 сентябрь 2017, 10:43
"ОРАЛМАН" ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ Астанадағы «Сары-арқа» СОО кинотеатрында Ауғанстаннан туған жеріне оралған қазақ отбасының өмірі туралы баяндайтын «Оралман» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәдени іс-шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, «Республикалық радио» ЖШС Бас директоры Мәди Манатбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сламбек Тәуекел, сонымен қатар фильмнің шығармашылық тобы қатысты. Картинаның режиссері – Сәбит Құрманбеков («Секер», «Жиде»).

Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Кадам» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Кинотуындының сценарийін белгілі кинодраматург Нұрлан Санжар Сәбит Құрманбековтің қатысуымен жазған.

«Бұл фильмді түсіруге тек Нұрлан Санжардың сценарийі ғана емес, сонымен қатар репатриация тақырыбына арналған көптеген мақалалар түрткі болды. Жергілікті басылымдардың бірінен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан замандасымыз туралы мақала оқыдым, кейін сол бейнені фильмнің кейіпкері етіп алдым. Туған жерге оралған азаматтардың бастан кешетін қиындықтары әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Қай елді алсаңыз да, репатрианттары бар. Кино немесе БАҚ арқылы болсын, осы тақырыпты қозғауымыз қажет. Біздің фильм атамекеніне қоныс аударуды армандайтын қарапайым адам және Отан туралы», - деді фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков.

Картинаның түсіру жұмыстары Тәжікстан астанасынан 150 км. шақырым жерде, сонымен қатар, Қарағанды облысы Приозерск қаласы мен Алматы облысындағы Қапшағай қалаларының маңында жүргізілді. Фильмге еліміздің танымал актерлері: Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева және басқа да актерлер түскен.

Естеріңізге сала кетсек, «Оралман» фильмінің әлемдік премьерасы Иранда өтті. Тегеран қаласында өткен, 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінің «Шығыс панорамасы» атты конкурстық бағдарламасына қатысқан отандық кинотуынды ондаған фильмдер арасынан топ жарып, үздік атанды. 2017 жылдың шілде айында «Оралман» фильмі Астанада өткен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі бағдарламасына іріктеліп, нәтижесінде Бас жүлдені иемденді. Ал қыркүйек айының басында аталған фильм Қазақстанның атынан Татарстандағы Қазан қаласында өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестиваліне қатысып, фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ кинотуынды Брисбен (Австралия) және Оренбург (Ресей) қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдердің негізгі бағдарламаларына қатысқан болатын.

«Біздің фильмнің фестивальдік тағдыры әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі күні «Оралман» фильмі 6-шы Забайкал фестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысып жатыр, қазан айында өтетін Италиядағы фестивальде де бақ сынайтын боламыз. Сонымен қатар, күздің ортасында Австралияда халықаралық прокатқа шығады, ал келер жылдың басында «Оралман» фильмін итальяндық көрермендер тамашалайтын болады», - деді режиссер.

Қазақстандықтар «Оралман» фильмін бүгіннен бастап (15 қыркүйек) еліміздің кинотеатрларынан көре алады.

Просмотров материала: 3 281

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 579 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 249 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 748 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 792 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 161 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 466 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 502 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 825 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 485 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 544 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 736 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 787 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 881 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 553 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 426 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 373 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 667 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 407 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 808 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 606 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 434 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 279 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 132 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 480 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 365 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 847 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 194 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 185 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 426 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 815 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 165 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 114 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 246 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 188 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 410 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 562 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31