2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытай компаниялары қазақ заңын да, жұмысшысын да құрметтемейді

Қытай компаниялары қазақ заңын да, жұмысшысын да құрметтемейді
Ақтөбенің №2 қалалық сотының күн тәртібінде ҚР азаматы Бауыржан Юнусовтың "Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету" ЖШС бұрынғы бас директоры, Қытай азаматы Чжан Личуннің үстінен ҚР ҚК 152-бабы бойынша "ҚР еңбек заңдылығын бұзды" деген айыппен шағымы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Times.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, Қытай азаматы Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығын бұзды деп санайды және шара қолдануды сұрайды.

Юнусовтың айтуынша, өткен жылдың маусым айынан бастап ол "Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету" мекемесінің бұрғылау

бригадасында, "Көкжиде" құдығы маңында инженер-технолог болып жұмыс жасаған. Осы жұмысты атқару барысында алған омыртқа жарақатынан аяқтары семіп қала жаздапты.

Өткен жылдың 20-маусымында бір скважинадан екінші скважинаға бара жатқан тұста бұрғылау бригадасы мінген автобус шайқалып кетіп,

Бауыржан оқыс қимылдан қатты соғылып артынша арқасының қатты ауырғанын байқайды. Ақтөбе қаласына дейін тыныштандыратын дәрі-дәрмектің арқасында жетеді.

Жарақат бойынша жүргізілген тексеру амалдары оның жұмыс барысында болғанын анықтап береді. Осылайша ер адам үшінші топтағы мүгедекке айналды. Рас, айта кету керек, алғашқы отаны қытайлық компания төледі.

Бірақ кейіннен жұмысшыға "Ауырсаң – жұмыстан шық!" деп қуып шығыпты. Айына шамамен 200 мың теңге шамасында табыс табатын Бауыржан қазір мүгедектігі үшін алатын зейнетақымен күн көруде. Оған 20 жастағы қызы қамқорлық көрсетуде.

Қытай компаниялары Қазақстан сотын бір тыңдап, бір тыңдамайды...

Омыртқасы шойырылған Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға

барын салған. Өйткені, инженер-технолог өзінің басынан өткен барлық жағдайға Чжан Личуньді кінәлі деп санайды.

"Бұрғылау компаниясының Қазақстан заңдарына бағынбайтыны мені қынжылтады. Мен жұмыста жүріп мүгедек атандым. Ал қазір кез-келген мәселемді тек сот арқылы шешетін жағдайға жеттім.

Жарақат алғаннан кейін мені сот шешімімен жұмысқа алуын алғанымен, артынша көпке ұзамай шығарып жіберді", - дейді Бауыржан Юнусов.

Инженер-технологтың ойынша, Чжан Личунь Қазақстан заңдарына құрмет танытпайды әрі оларға бағынғысы келмейді.
Просмотров материала: 1 112

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 873 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 522 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 011 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 067 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 434 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031