5 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Кызылординская область

Кызылординская область (Кзыл-Ординская область) (каз. Қызылорда облысы) — область в составе Казахстана. Образована 15 января 1938 года. Расположена в южной части республики. Административный центр — город Кызылорда.

Область образована в 1938 году из части Южно-Казахстанской области. 17 июня 1997 года Указом Президента Казахстанатранскрипция названия области на русском языке изменена с Кзыл-Ординская на Кызылординская.

Кызылординская область награждена орденом Ленина (21 августа 1967).

Все материалы региона Материалы других регионов

"Сибу - Қызылорда" инженерлік-бұрғылау компаниясы" ЖШС төңірегіндегі мәселе шешіліп жатыр

Бұл туралы қытайлық "Сибу- Қызылорда" ИБК ЖШС бас директоры Ван Дося, ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалбаева хабарлады.

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Н.Анарбаев «Қазіргі кезде Ә.Егембергеноваға («Сибу–Қызылорда» ИБК ЖШС еңбек ресурстары департаментінің директоры) қатысты ҚР ҚК 190 бабы, 2 бөлігі, 3 тармағы "алаяқтық" дерегі бойынша тергеу амалдары жалғасуда» деп мәлімдеді. "Тергеу барысында біз «беттестіру» әдісімен екі тараптың уәжін тыңдап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деп атап өтті Нұрлан Анарбаев.

Аталмыш іс "Сибу-Қызылорда" инженерлік-бұрғылау компаниясы» ЖШС жұмысшыларының арызы негізінде қозғалды.
Компанияның бас директоры Ван Дося А.Егембергенова 2018 жылдың 8 қаңтарынан бастап қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыс көлемінің азаюына қарамастан қызметкерлер қысқартылмаған. 2015 жылы компания 11 бұрғылау қондырғысына қызмет көрсетсе, қазір 3 қана қондырғы жұмыс істеп тұр.

"Осыған қарамастан, біз, әкімдік, жұмыс беруші және жұмысшылардың өкілдері арасындағы үшжақты меморандумға сәйкес жұмыс орындарын сақтап қалдық", - деп атап өтті Ван Дося. Сонымен қатар, компания директорының айтуынша, арызданушылардың ешқайсысына қудалау жасалған жоқ. Өндірісте істейтін жұмысшылардың еңбек шарттары мен тамақпен қамтылуына қатысты кемсітушілік жоқ» деп мәлімдеді.

"Сибу - Қызылорда" инженерлік-бұрғылау компаниясы" ЖШС төңірегіндегі мәселе шешіліп жатыр

Мұны "Сибу-Қызылорда" инженерелік-бұрғылау компаниясы" ЖШС қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз етіп отырған мердігер "Алтай Торгсервис" компаниясының өкілі Берікбол Жеткерген де нақтылады. "Айырмашылық тек ас мәзірінде ғана бар. Қытайлық жұмысшылар қытай асханасын, біздің азаматтар ұлттық тағамдарды қалайды. Дегенмен, адам басына бөлінетін қаржы сомасы бірдей. Қайталап айтамын, қаражат сомасы бірдей» ,- деді ол.

Ван Досяның айтуынша, жұмыс ауқымының азаюына қарамастан компания жыл басында еңбеккерлерінің жалақысын орташа есеппен 10 пайызға көбейткен. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап барлық жұмысшыны қамту мақсатында вахталық жұмыстарға баратын азаматтардың кестесі бекітілді.

Атап өту керек, жұмысшыларды еңбекке тартудағы бұл кемшілік бұған дейін облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы тарапынан анықталды.

"Бізге "Сибу-Қызылорда" компаниясының 46 жұмысшысынан Әлия Егемербенованың заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым түскен болатын. Арыз бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, вахталық жұмысқа баратын жұмысшылардың жұмыс кестесінің жоқтығы, сондай-ақ жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін төлемақының уақытынан кеш берілетіні анықталды", - деп атап өтті облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалбаева.

Сонымен бірге, заң талаптарына сәйкес бизнес субъектілерін тексеру нақты фактілер көрсетілген арыздар бойынша жүретінін айтты."Біз "Сибу-Қызылорда" компаниясы қызметкерлерімен бірнеше мәрте кездестік. Оларда біздің байланыс нөмірлеріміз бар. Кез-келген өтініш-шағым бойынша дер кезінде әсер етуге әзір екенімізді ескерткенбіз", - деді Тұмар Шалбаева.

Ван Досяның айтуынша, алдағы айда компания қосымша бұрғылау қондырғыларын іске қосады. Бұл тағы 450 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді. Әкімдіктің ұсынысымен осы жылдың 1 наурызынан бастап бас директордың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары тағайындалатын болады, бұл лауазымды Қазақстан Республикасының азаматы атқарады. "Сонымен бірге, БАҚ өкілдеріне компания ар-намысы мен абыройын сот арқылы қорғауға құқылы екенін ескерткім келеді", - деді Ван Дося.

Мұндай жағдайлар ұлтаралық араздық пен қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті қоздыруға ықпал ететінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш мәселе облыс басшылығының бақылауында. Бұған дейін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының алаңында компания жұмысшыларымен кездесу өтіп,арызданушылардың шағымдары тыңдалды. Оларды шешу үшін тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, Ә.Егембергенованы қызметтен аластату, еңбеккерлердің жұмыс кестесін жасау, мамандарды компанияға жұмыспен қамту орталығы арқылы алу, сондай-ақ бас директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын тағайындау жөнінде шешім қабылданды.
Просмотров материала: 1 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 177 845 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 357 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 176 951 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 298 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 402 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 540 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 770 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 059 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 699 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 028 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 432 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 262 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 084 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 291 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 348 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 028 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 423 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 141 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 149 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 979 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 818 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 081 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 019 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 534 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 038 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 851 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 122 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 481 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 867 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 819 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 866 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 831 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 063 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 205 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031