22 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сәбилерге әскери форма кигізу ең нашар идея

14 май 2019, 14:15
Сәбилерге әскери форма кигізу ең  нашар идея
Жеңіс күні ресейліктер үшін шектен тыс қасиетті мереке болса, соғысқұмарлықты насихаттайтын әртүрлі тауарлар, киім-кешектер сататын саудагерлер үшін де мереке.

Дүрмекке ілескен тобырға тауарларын өткізіп, ақшаға қарық болатын мереке. Қызыл жалаулар, алабажақ георгий шүберектері, пилотка, гимнастерка, солдат белдіктері, қысқасы мелитаристік бағыттағы түрлі пәле сатылады.

Ең сорақысы - осының бәрі кішкентай сәбилерге арналған өлшемдер.
Неге екенін итім білсін, ата-аналар соңғы жылдары балаларына сексен жыл бұрынғы әскери киімдер кигізуді дәреже санайтын болыпты.

Неге екенін де түсінетін де сияқтымын. Әскери киім киген әп-әдемі сәбидің суретін инстаграмға салады. Әріптестеріне көрсетіп мақтанады. Оны көрген жұмыстағы бастығы «Ойпырмай, керемет патриот екен!» деп қызмет бабында өсіруі де мүмкін.

Мұның бәрі сұрапыл соғыста қырылған ата-бабасының рухына көк тиын пайдасы жоқ. Әшейін пендешілік пен бейшара маскарад қана.
Бір жаманы, ұрпақ санасын мелитаризация жасаумен мемлекет айналысуда.

Мұның бәрі кіп-кішкентай «жауынгердің» санасына қалай әсер етеді, онымен ешкімнің шатағы жоқ. Қажет деп тапсаңыз, психолог Елена Кузнецованың зерттеуіне мән берсеңіз болады. «Бала психикасын зерттеп жүрген маман ретінде айтайын, бұлай жасауға болмайды.

Соғыс - адам өміріндегі ең жексұрын, ең қорқынышты нәрсе болуы керек. Бала санасында оны керемет романтика, шаттық сезіммен көмкерілген мейрам ретінде сіңіру жақсы емес.

Үлкендердің осындай «тәрбиелік шаралары» бала үшін «Соғыс - жақсы нәрсе екен. Бәрібір соңында жеңіске жетіп, бүкіл халық тойлайды ғой» деген ұғым қалыптастырады. Бұл дұрыс емес. Соғыс - қыршынынан қиылған ғұмырлар.

Мың-миллиондаған қабірлер. Туысқандар зираты. Әр жерде қалған төмпешіктер. Екі жақтан да. Соңында мүлде іздеушісі жоқ, көмусіз қалған мүрделер. Пенделер бейбіт өмір сүре алмайтын болса, жазасын соғыс береді.

Соғыста мейірім жоқ. Тұтас әулетті де қырып салады. Соғыс дос-дұшпан деп таңдамайды. Шыбын жаныңды шырқыратып қия береді. Міне, балаларға осыны түсіндіру керек.

Балалар әскери киімді кимеу керек. Соғыста болған аталарымыз үшін әскери киім әрі кебенек, әрі кебін еді.

Әскери киім - өлім себушінің киімі. Көктей солдыратын, өзі де көктей солушы киетін киім. Басқан ізінде қайғы-мұң мен зар қалдыратын киім.

Балалардың санасына өмірге құштарлық пен жасампаздық идеясын сіңірген дұрыс».

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 664

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 806 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 470 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 208 955 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 000 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 376 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 174 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 508 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 161 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 240 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 420 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 721 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 780 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 494 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 367 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 164 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 595 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 317 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 722 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 527 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 376 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 216 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 076 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 412 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 297 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 780 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 965 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 132 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 366 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 747 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 108 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 050 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 185 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 337 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 496 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031