9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ораза ұстамаудың себеп-сылтаулары туралы жұлдыздардың пікірі

06 май 2019, 12:08
Ораза ұстамаудың себеп-сылтаулары туралы жұлдыздардың пікірі
Бүгін мұсылман қауымның қасиетті ораза айы басталды. Осыған байланысты отыз күн ауыз бекітіп, ниет етушілер мен бұл айда ораза ұстамайтын елімізде танымал тұлғаларға Stan.kz сауалнама жүргізіпті. «Сіз ораза ұстайсыз ба?» деген сұраққа өнер адамдарының берген жауаптары әртүрлі.

«Ораза ұстамаймын. Себебі, мен ораза күндері шет елге де, осы елде де сапарға кетемін. Биыл біздің елде сайлау болады. Мен сол сайлауға қатысушылардың бірімін. Күні бойы көп жұмыс істеймін.

Біріншіден, мен әзірге өзім де дайын емеспін. Екіншіден, менің жұмысыма байланысты. Мен тамақ ішпей, аш құрсақта ән айта алмаймын. Мен міндетті түрде тамақ ішуім керек. Сахнада талып құлап жатсам кімге керек ол?

Уақыты келеді, мен де оразаны ұстаймын. Бірақ денсаулыққа пайдалы екенін білемін», - дейді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

Роза Рымбаеваның дәл осы жауабы Шахизадаға жақсы таныс. Кезінде ол да осындай пікірде болған. Бірақ жылдар жылжып, уақыт сырғыған соң, өнер иесі өз әрекетінің қате екенін түсінгенін айтады.

«Ондай сылтау менде де болды. Ораза ұстап келе, бір күні ұстай алмай қалған кез болды. Биыл үшінші жыл қайтадан ұстағалы жатырмын. Ораза мен жұмыс сәйкес келмейді дейтін адамдардың пікірі – тек сылтау деп ойлаймын.

Әр жылы ораза ұстаған кезде бізде жолда жүрдік, концертпен кеттік. Бұл жолы да Нұр-Сұлтанға концертпен кетіп барамыз. Әрине, кішкене қиындау болады. Бірақ ниеттенсе, мен ойлаймын жеңіл өтеді.

Ораза қабыл болсын. Биыл міндетті түрде ұстаймын. Келе жатқан Рамазан айы, мұсылмандар мерекесі құтты болсын», - дейді Шахизада.

Абай Бегей де жыл сайын ораза ұстайды. Әнші денінің саулығы мен отбасының амандығы үшін пітір-садақаны да жадынан шығарған емес.
«Ораза – Алланың айы. Әркім өзінің тұтатын оразасын Алланың разылығы үшін тұтады.

Ораза, әрине, тұтамыз. Ниетіміз бар. Біз енді көбінесе ән сапарға шығып кетеміз. Жолға басқа қалаларға шығып кеткен кезде жеңілдіктер көп. Қазір енді баяғыдай атпен жүретін заман емес қой. Сол себептен оның ешқандай ауыртпашылығы жоқ деп ойлаймын.

Алланың алдына барғанда бізден ән сапар сұралмайды ғой. Сыныққа – сылтау дейді. Егер сылтау айта беретін болсақ, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүре береміз де. Сол себептен адамның ниетіне байланысты», - дейді Абай Бегей.

Айлардың сұлтанында құлшылық етіп, әр жылы ораза ұстайтын өнерпаздардың бірі – Асхат Тарғын. Жұмысы тығыз кестеге түзілсе де, «Чип-чип» хитінің орындаушысы мұсылмандық парызына дақ түсірмеуге тырысады.

«Жұмыс сылтау емес. Бір ай қызметтегі жүрісті азайтып, қоя тұруға болады. Өйткені бұл жылына бір-ақ рет келетін құлшылық айы. Ораза – парыз! Сондықтан ұстау керек деп ойлаймын. Мен жылда оразаға дайынмын. Жылда ұстаймын.

Құдай қаласа, биыл 10-шы жыл шығар ұстап жатқаным», - дейді Асхат Тарғын.

Айта кетейік, 2019 жылы оразаның алғашқы күні 6 мамырдан басталса, аталған айдың 31-і – Қадір түні. Ал, 5 маусымда ораза айт мейрамы тойланады.
Просмотров материала: 1 611

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 086 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 759 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 261 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 305 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 676 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 546 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 584 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 573 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 625 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 819 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 909 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 264 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 582 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930