22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанның өсімдік атауларындағы Ресей отарлауының іздері (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің,Үкіметінің назарына – Рухани жаңғыруды ғылыми терминдер мен номенклатураны отарсыздандырудан бастау керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында: «7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» - делінген. Яғни, алма мен қызғалдақ қазақтың мақтанышы, символы десек те болатындай. Егер мақтаныңқырап айтар болсақ, алма мен қызғалдақ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ іспетті.


Бірақ, істің мән-жайына тереңірек үңілсек бірқатар әттеген-айлар шыға келетін түрі бар. Ең басты себебі, осы алма мен қызғалдық түрлерінің ғылыми атауларында, яғни халықаралық номенклатурасында ҚАЗАҚҚА тиесілі дүниенің кемдігі.

Алманы алатын болсақ, Қазақстанда алманың үш түрі өседі: Malus sieversii – Сиверс алмасы; Malus niedzwedzkiana – Недзвецкий алмасы; Malus kirghizorum – Қырғыз алмасы.

Осы тізімнен көрініп тұрғандай біздегі алманың ғылыми атауларынан Ресей отарлауының іздері анық көрініп тұр. Қырғыз алмасы деген атау да көңілге жұбаныш әкелмек емес, себебі отарлаудың «тасы өрге домалап» тұрғанда бізді – ҚАЗАҚТЫ, қырғыз деп атағаны белгілі.

Біздегі алманың екі түріне аты берілген И.Сиверс пен Э.Ф.Недзвецкий – кімдер? Интернет қойнауына үңілсек – Иоган Сиверс – ғалым-ботаник, Сібір зерттеуші, Ресей Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Санкт-Петербургтегі «аптекарский огород»-тың басшысы;

Эдуард Фомич Недзвецкий – ресейлік дәрігер-ғалым, зерттеуші, «действительный статский советник». Қалай аударып-төңкерсең де отарлаушы елдің – Ресейдің марқасқалары, қарапайым мұжығы емес, жергілікті қазақ емес.

Ал енді қызғалдаққа келсек, тіпті удай ащы шындыққа тап боласыз, Қасқырдай ұлығың келеді.

Қазақстанда қызғалдақтың (Tulipa) 35 түрі тіркелген. Ерінбей тізіп шығайық:
Tulipa alberti– Альберт қызғалдағы;
Tulipa altaica– Алтай қызғалдағы;
Tulipa behmiana– Бем қызғалдағы;
Tulipa biebersteiniana – Биберштейн қызғалдағы;
Tulipa biflora – Қосгүлді қызғалдақ;
Tulipa bifloriformis¬– Жалғанқосгүл қызғалдақ;
Tulipa binutans – Қосиілме қызғалдақ;
Tulipaborszczowii – Борщов қызғалдағы;
Tulipa brachystemon – Қысқааталық қызғалдақ;
Tulipa buhseana – Бузе қызғалдағы;
Tulipa butkovii – Бутков қызғалдағы;
Tulipa dasystemon – Түктіаталық қызғалдақ;
Tulipa dasystemonoides – Жалғантүктіаталық қызғалдақ;
Tulipa dubia – Күмәнді қызғалдақ;
Tulipa greigii – Грейг қызғалдағы;
Tulipa heteropetala – Алакүлте қызғалдақ;
Tulipa heterophylla¬¬– Алажапырақ қызғалдақ;
Tulipa iliensis – Іле қызғалдағы;
Tulipa kaufmanniana – Кауфманн қызғалдағы;
Tulipa kolpakovskiana– Колпаковский қызғалдағы;
Tulipa korolkowii– Коральков қызғалдағы;
Tulipa krauseana – Краузе қызғалдағы;
Tulipa lehmanniana–Леманн қызғалдағы;
Tulipa orthopoda – Тікаяқ қызғалдақ;
Tulipa ostrowskiana– Островский қызғалдағы;
Tulipa patens – Жатаған қызғалдақ;
Tulipa regelii– Регель қызғалдағы;
Tulipa schrenkii– Шренк қызғалдағы;
Tulipa sogdiana – Соғды қызғалдағы;
Tulipa tarda –Кеш қызғалдақ;
Tulipa tetraphylla – Төртжапырақ қызғалдақ;
Tulipa tanirtauica– Тәңіртау қызғалдағы;
Tulipa turkestanica – Түркістан қызғалдағы;
Tulipa uniflora – Дарагүл қызғалдақ;
Tulipa zenaidae – Зинаидақызғалдағы.

Сонымен осы тізімдегі қызғалдақтың 17 түрі (48,6%) адам аттарымен, 3 түрі (8,6%) жер-су аттарымен, 15 түрі (42,8%) морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты аталған. «Біздің қызғалдақтарға есімі берілген адамдар – кімдер?» деген заңды сұрақ туындайды. Қарап көрейік.

Альберт қызғалдағы – белгілі ғалым Э.Регельдің баласы Альберттің атымен аталған. Альберт Регель Құлжада 1876-1885 жылдары дәрігер болып қызмет атқарған. Сонымен қатар Петербург ботаникалық бағының тапсырмасымен өсімдіктер жинаған. Бұл түр Қаратаудан табылып, жиналған. Жинаған Альберт Регель. 1877 жылы түрді сипаттап жазған Э.Регель (әкесі).


Грейг қызғалдағы – 1868, 1873 жылдары Э.Регельмен сипатталып жазылған. Бұл түр де Қаратаудан табылып жиналған, Ресей бау-бақша қоғамының Президенті Самуил Алексеевич Грейгтің құрметіне аталған.


Леманн қызғалдағы – 1854 жылы Ресей ботанигі К.Е.Мерклинмен сипатталынып жазылған. Бұл түр Бұқара қаласының маңынан табылып жиналған. Ресей ботанигі Александр Леманның құрметіне аталған.


Бем қызғалдағын 1880 жылы Э.Регель сипаттап, жазған. Бұл түр Іле кентінің (қазіргі Қапшағай қаласы) маңынан табылып жиналған. Ресей суретшісі, силуэтист Елизавета Меркурьевна Бемнің (1843-1914) құрметіне аталған.
Қазақстанның өсімдік атауларындағы Ресей отарлауының іздері (ФОТО)


Борщов қызғалдағын 1868 жылы Э.Регель сипаттап жазған. Түрді алғаш рет 1857 жылы орыс ботанигі Илья Григорьевич Борщов Аралбойлық Қарақұмнан жинаған және оның құрметіне аталған.


Шренк қызғалдағын 1873 жылы Э.Регель сипаттап жазған. Бұл түр Ишим қаласының маңынан (Төмен (Тюмень) облысы) табылған. Петербург ботаникалық бағының қызметкері Александр Иванович Шренктің құрметіне аталған.


Островский қызғалдағын 1884 жылы Э.Регель Верный қаласының (қазіргі Алматы) маңынан жиналған өсімдіктен сипаттап жазған. Мәскеулік орыс драматургі Александр Николаевич Островскийдің (1823-1886) құрметіне аталған.


Колпаковский қызғалдағы 1877 жылы Э.Регель сипаттап жазған. Табылып, жиналған жері – Верный қаласы (қазіргі Алматы) маңайы. Жетісудың генерал губернаторы, орыс географиялық қоғамының құрметті мүшесі Герасим Алексеевич Колпаковскийдің құрметіне аталған.


Зинаида қызғалдағы 1935 жылы А.И.Введенский Қырғыз Алатауында жиналған өсімдіктен сипаттап жазған. Өмірін Ортаазиялық қызғалдақтарды зерттеуге арнаған ботаник-ғалым, профессор Зинаида Петровна Бочанцеваның (1907-1973) құрметіне аталған.


Краузе қызғалдағын 1889 жылы Э.Регель сипаттап жазған. Бұл түрді Қаратаудан жинаған 1870 жылдан бастап Түркістан аймағында аптекарь болып жұмыс істеген Иероним Иванович Краузе. Осы коллектордың құрметіне аталған.


Кауфманн қызғалдағын 1877 жылы Э.Регель сипаттап жазған. Бұл өсімдік Шыршық өзенінің аңғарынан табылған. Түркістан аймағының генерал-губернарторы К.П.Кауфманның құрметіне аталған.


Регель қызғалдағын 1887 жылы А.Н.Краснов сипаттап жазған. Бұл түр Бұрынтаудың Аңырақай жазығында табылған. Петербург ботаникалық бағының директоры, қызғалдақтардың көп түрлерінің авторы Эдуард Людвигович Регельдің (1815-1892) құрметіне аталған.


Бузе қызғалдағын 1859 жылы Швейцариялық ботаник Пьер Эдмонд Буасье сипаттап жазған. Бұл түрді Ираннан тауып, жинаған Федор Александрович Бузе, осы кісінің құрметіне аталған.


Биберштейн қызғалдағы 1829 жылы әкелі-балалы Шультестермен сипатталынып жазылды. Түр оны алғаш рет тауып, жинаған көрнекті ресейлік ботаник Ф.К.Биберштейн-Маршаллдың құрметіне аталды.



Корольков қызғалдағын 1875 жылы Э.Регель сипаттап жазған. Инфантерия генералы, әскери қызмет қайраткері, Ферғана және Сырдария облыстарының генерал-губернаторы Николай Иванович Корольковтың (1837-1906) құрметіне аталған.



Қазіргі уақытта ғалымдардың басым бөлігі мойындап отырған ғылыми факт мынадай: Қазақстанның оңтүстігі және онымен шекаралас Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстанның жерлері жабайы қызғалдақ түрлерінің пайда болған жері – Отаны деп танылады.

Қызғалдақтар бұл өңірде миоценнің соңы – плиоценнің басы аралығындағы дәуірде, шамамен 10-20 миллион жыл бұрын пайда болып, содан соң батысқа және шығысқа қарай тараған. Яғни біздің, ҚАЗАҚТЫҢ ата-мекеніміз қызғалдақтың отаны деуге толық негіз бар.

Осының дәлелі ретінде біздің жыл санауымызға дейінгі VI-IV ғасырларда болған Жетісудағы Теңлік қорғандарынан табылған «алтын қызғалдақ» әшекейлерін айтуға болады. ХІІ-ХІV ғасырларда тұрғызылған Айша-бибі және Қожа-Ахмет Яссауи кесенелеріндегі кірпіштер мен сыртқы әшекей тақталарындағы қызғалдақтың әсем кескіндері де осыған меңзейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламалық «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында былай дейді: «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар».

Осындай даңқты ойшылдарымыздың бірі, әрі бірегейі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қызғалдақтың 10 түрін ажырата білген. Олар – қырғалдақ, қаңғалдақ, сағалдық, қызғалдақ (шұғынық), қауыздақ, сарғалдауық (сарғалдақ), бәйшешек, жауталдақ (жанар), жауқазын және ақғалдақ.

ХVIII-XIX ғасырдағы қызғалдақ зерттеуші Ресейлік ғалымдардың Өтейбойдақ бабамызға еліктемегені анық. Бұл Ресейдің отарлау саясатына қарсы келер еді. Сондықтан жаңадан ашылып жатқан қызғалдақ түрлерін атауда Еуропацентристік көзқарас басшылыққа алынғаны көзге ұрынып тұр.

Сөйтіп халықаралық номенклатураға біздің қызғалдақтарымыз отарлаушы Ресейдің азаматтарының атымен аталып, солардың құрметін әспеттеуге арналған саяси құрал болып енген. Мұны түсінуге болар, бірақ мойынсұнып үндемей қалуға бола ма? Гәп-осында!

Зерттеуші-ғалымның атымен аталған қызғалдақты мойындап, шыдауға болар. Ал енді ҚАЗАҚТЫҢ өзін де, жерін де отарлап, жаншып отырған генерал-губернаторлардың атымен аталған қызғалдақтарды қалай әспеттейміз? Қалай мадақтаймыз? Қалай мақтанамыз?

Бүгінгі мәдени қызғалдақтардың сұрыптарын шығарып, олардың ассортиментін қалыптастырудағы негізгі басты рөл ойнаған хан-қызғалдақтар – Грейг қызғалдағын, Кауфманн қызғалдағын және Шренк қызғалдағын қайтіп қазақылаймыз? Олардың заты ҚАЗАҚТЫКІ болса да, аты ҚАЗАҚТІКІ болмай тұр-ғой.

Осы қызғалдақтың мысалынан көрініп тұрғандай, ғылыми терминдер мен номенклатураны отарсыздандырмай рухани жаңғыру оңайға түспейді, тіпті болмайды десе де болады. Рухани жаңғыру дегеніміз тарих қойнауында ұмыт қалған, өшіп-сөнген дүниелерді қайта жандандыру, тірілту екені рас.

Елбасымыз айтқандай: «Рухани жаңғыру – тарихқа деген дұрыс ұстаным... Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады». Тағы да осы қызғалдақ пен алманың мысалынан көрініп тұрғандай ҚАЗАҚТЫҢ рухани дүниесінде «күрмеулі түйін» аз емес екен.

Ең ыңғайсызы – ҚАЗАҚ – «біз қызғалдақтың отанымыз» - деп мақтанса, Грейг қызғалдағын көрсетіп, Грейгті дәріптеп шыға келмек, немесе отарлаушы генерал-губернарторлар Колпаковскийді, Кауфманнды, Корольковты ұлықтап, әспеттеп әлек болмақ.

Не істеу керек?

Біз үшін қасиетті ұғымға айналған алма мен қызғалдақтың ғылыми атауларына қазақи мән беріп, қазақи қан жүгіртіп, қазақиландыру керек екендігі – көзге ұрып тұрған ақиқат. Мысалы, генерал-губернатор Кауфманның атындағы түрді Жүсіп-Баласағұн қызғалдағы, генерал-губернатор Колпаковскийдің атындағы түрді Керей-хан қызғалдағы, генерал-губернатор Корольков атындағы түрді әз-Жәнібек қызғалдағы деп атасақ, оны заң жүзінде бекітсек, жарасып кетпей ме?

Ұлттық тарихымыздың талай күрмеулі түйінін шешер едік. Мәдени алманың атасы болып мойындалған Сиверс алмасын Қазақ алмасы деп, барлық мәдени қызғалдақтың атасы Грейг қызғалдағын Ханқызғалдақ немесе Қазақ қызғалдағы десек те жарасар еді, затына аты сай келер еді.

«Қалыптасып қалған атаулар-ғой, халықаралық номенклатураға еніп кеткен, халықаралық стандарт-қой», - дейтіндердің көптеп табылатыны айтпаса да түсінікті. Осы бір «халықаралық стандарт» дегенді ешкім түсіндіре алмайды.
Ол ешқандай да халықаралық құқықтық құжаттарда шегеленбеген.

Керісінше, халықаралық хартияларда, конвенцияларда, келісім-шарттарда жеке мемлекеттердің құқығы (стандарттары деп ұғыңыз) алдыңғы орынға қойылады. Мысалыға айтсақ, Биологиялық алуан-түрлілік жөніндегі Конвенцияның алғышарттарында былай делінген:

4-алғышарт – «мемлекеттердің өз биологиялық ресурстарына егемендік құқықтары бар екенін толық мойындай отырып»;
5-алғышарт – «мемлекеттердің өз биологиялық алуан-түрлілігін сақтау және биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі жауапкершілігін тағы да негізге ала отырып...»

Алма мен қызғалдақ бүгінгі күні ҚАЗАҚ үшін биологиялық ресурс қана емес, олар сонымен қатар рухани ресурс болып отыр. Сондықтан, Ата Заңымыздың талаптарына сәйкес олардың номенклатурасын реттеп алғанымыз жөн болар.

Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін «Рухани жаңғыру» туралы Заң қабылдап, Терминкомның және ономастикалық комиссияның жұмысына қазақиландыру бағытын міндеттеу керек сияқты. Шынтуайтына келсек, «Рухани жаңғыру» туралы Заң түбінде «Отарсыздану туралы» заң болатын түрі бар.

Жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай былай дейді: «Осы күнге дейін көп азаматтар жерді, тілді, ұлттық руханиятты, ұлттық мүддені қорғап сөйлегені, әрекет еткені үшін ұлтшыл атанып келді. Ал президент Н.Назарбаевтың мақаласында ұлтшыл атанып, жұртқа жексұрын болып келген адамдардың 10-15 жыл бойы зарлап айтып келгендерінің бәрі көрініс тапты. Сонда біз не үшін, кім үшін осы уақытқа дейін ұлтшыл атандық?»

1996 жылдан бастап мен ҚАЗАҚТЫҢ ботаника ғылымын қазақыландыру туралы айтып та, жазып та келемін. Бірақ «баяғы жартас – сол жартас» болып тұр. Себебі біз «семіз сөйлеп, арық шығуға» әбден үйренгенбіз, етіміз өліп кеткен. Ресми тілмен айтсақ – САЯСИ НИЕТ жоқ, ҚАЗАҚТЫҢ мүддесі үшін, ҚАЗАҚТЫҢ рухын көтеру үшін, ҚАЗАҚТЫҢ тірлігі үшін, болашақ-келешегі үшін. Тағы да Тұрсын Жұртбай ағамызбен келіспеуге болмас – «...азаматтық соғыс деңгейіндегі рухани күрес» жүріп жатыр.

«Рухани жаңғыру» туралы Заң қабылданып, іске қосылса, онда ҚАЗАҚТЫҢ мүддесін қорғайтын, ҚАЗАҚТЫҢ рухын көтеретін, ҚАЗАҚТЫҢ болашақ-келешегіне жол сілтейтін САЯСИ НИЕТТІҢ жарқын көрінісі болар еді, ҚАЗАҚТЫҢ үмітін оятар еді, ҚАЗАҚҚА қызмет етер еді.

Нұғман Аралбай, биология ғылымдарының докторы, профессор


P.S.Осы жылы қаңтар айының соңында «Ақжол» партиясы Алаш Арыстарының 750 адам тізімін жасап, олардың атын көшелерге беру туралы ұсыныс енгізіпті. Ақжолдың Саяси ниеті дұрыс екен. Болашақтағы «Рухани жаңғыру» туралы заңның алғашқы кірпіші болғай.

Пайдаланылған ғылыми еңбектер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Ұлы даланың жеті қыры»
2. Джангалиев А.Д. Дикая яблоня Казахстана, Алматы: Наука – 1977. – 282 с.
3. Иващенко А.А. Тюльпаны и другие луковичные растения Казахстана. – Алматы: 2005 – 192 стр.
4. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Шипагерлік баян. – Алматы: Жалын – 1996. – 464 бет.
5. Быков Б.А. Очерки истории растительного мира Казахстана и Средней Азии – Алматы: Наука – 1979 – 108 с.
6. Байтенов М.С. Флора Казахстана. Т.ІІ. – Алматы: Ғылым – 2001. – 280 с.
7. Аралбай Н.К. Атырау Алтай арасы – қазақтың бай флорасы, - Алматы: Ұлағат – 2016.
8. Аралбай Н.К., Қуатбаев А.Т. және т.б. Қазақстан өсімдіктерінің заманауи номенклатурасы. – Алматы: Ұлағат – 2017 – 363 бет.
Просмотров материала: 6 322

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 130 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 962 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 604 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 630 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 935 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 646 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 713 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 899 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 046 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 424 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 647 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930