2 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нутрициолог маман: семіздік қанымызда жоқ!

15 апрель 2019, 12:01
С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ медицина университетіне қарасты нутрицология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог, нутрициолог Майгүл Қайнарбаева ересектер арасындағы артық салмақ пен семіздіктің әлемдегі және қазақстандағы таралуының себеп-салдарын атап өтті.

Қазақстан Республикасында артық салмақ және семіздік бойынша соңғы зерттеу 2014 жылы жүргізілген. С.Ж. Асфендиров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті қазақ тағамтану академиясымен бірлесе жүргізген зерттеу нәтижесінде ересектер тобының шамамен 21 пайызы артық салмаққа ұшыраған. Соның ішінде балалардың 7%-ы, ересектердің 9%-ы семіздікке шалдыққан. Соңғы уақытта бұл көрсеткіш басқа мекемелердің зерттеулеріне сәйкес 30% өскен.

«Семіздіктің қоғамымызда өсуі өте қауіпті жағдай. Генетикалық тұрғыдан алсақ, семіздік біздің тегімізде жоқ. Оған әсер етіп отырған қазіргі заманауи тамақтану түрінің өзгеруі. Соның ішінде, жартылай дайын, дайын, фастфуд өнімдерінің көбеюі тікелей қатысты болып отыр. Сондай-ақ, аз қозғалыс. Физикалық жүктемемен айналысатын жұмыс түрінің аздығы да бірден бір себеп».-дейді алматылық нутрицолог, дәрігер диетолог Майгүл Қайнарбаева.

Мамандар семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбаудан және аз қимылдаудан пайда болатындығын айтады. Артық салмақтылар жүрек-қантамырлары ауруларына, жатыр мойны мен аналық, аталық бездердің, сүт безінің, тоқ ішектің, бүйректің, бауырдың және өт қабының қатерлі ісіктері, остеопороз, артрит, тыныс алу ағзаларының ауруларына жиі шалдығады. Сондай-ақ, бұл дертке шалдыққандарды өмір жасы да 7 жылға қысқаратын көрінеді.

«Артық салмақ пен семіздіктің денсаулыққа зиянды әсері өте жоғары. Соның бірден-бір себебі дұрыс тамақтанбау. Семіздік салдарының 95% дұрыс тамақтанабаудан болса, тек 5% ғана басқа жағдайлар оның ішінде ол тұқым қуалаушылық немес эндокриндік жүйедегі ақаулардан туындайды.»- деді маман.

Барша әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының –44%, жүректің ишемиялық ауруының 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған.Дене массасының индексі 25-тен артық немесе тең болса-артық салмақ. Ал, дене массасының индексі 30-дан артық немесе тең болса – семіздік болып есептелінеді.

«Адам кез келген жаста семіздікке ұшырауы мүмкін. Әсіресе, адам жасы ұлғайған сайын зат алмасу процессі өзгереді. Соған байланысты түскен тамақтын сіңірілуі де артық салмақ болып жиналуы мүмкін. Адам баласы қаншалықты ағзаға тамақ түседі, соншалықты энергия жұмсау керек. Ауыр майлы, калориялы тамақтарды жеңіл сіңірілетін рационға ауыстыру керек. Сүт өнімдерін мейлінше көп қолданған дұрыс. Ет өнімдері де дастархан мәзірінде болу керек. Бірақ күнделікті көп мөлшерде әсіресе қызыл етті пайдалану керек емес, оны құс еті мен балық етіне алмастырған дұрыс. Сонымен қатар, көкөністер, жарамалар болу керек.»- деді сарапшы.

Нутрицолог маманның сөзінше, қазір тамақты дайындау технологиясы өзгерген. Ал семіздіктен арылудың тиімді жолы-дұрыс түзілген тамақ рационына байланысты. Артық тамақтанудың алдын алу үшін организмге қажетті заттектердің уақытылы әрі қажетті мөлшерде түсіп отыруын әрдайым қадағалау қажет.

«Осы күні үйде отырған әйелдер, жаңадан босанған әйелдер артық салмақ жинағаннан кейін түрлі әдіске жүгінеді. Өздігінше арықтауға барынша тырысады. Ғаламтордан сан алуан ақпарат алып соны қолдануға кіріседі. Өз бетінше түрлі шайлар қабылдайды. Әр адам ағзасы әр түрлі болғандықтан бала емізетін уақытта бірден салмақ тастауға болмайды. Артық салмақ қиындық тудырып жатса арнайы дәрігерге диетологка жүгінген абзал. Бірден салмақ тастау сүттің жоғалуына да әкелуі мүмкін.»-дейді диетолог дәрігер.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда адам басындағы стрессті тамақпен басуды әдетке айналдырған. Яғни, түрлі проблеманы тамақты көп мөлшерде жеп басу. Бұл жерде психологиялық көмектің қажеттілігі туындайды екен.

«Аз уақытта салмақты тастау үшін сауатты түрде тамақтану процесін қадағалап үйрену абзал. Сондай- ақ, белсенді физикалық жүктеме қажет. Бірте-бірте салмақ тастаған адам кейін сол салмақты жинамайды. Себебі, ағзаны бұл процеске үйрету керек, жүйелі түрде арықтағанның тиімділігі орасан зор. Тез арада көп салмақ тасталса қайтадан сол салмақты жинап алу қаупі жоғарылайтынын ұмытпау керек. Себебі, ол адам ағзасының қорғаныс реакциясы.»- деп көрсетті маман.

Маманның пікірінше, адам ретсіз тамақтанғаннан асқазан сыйымдылығы да кеңеіп кетеді. Дұрыс тамақтану жүйесін қалыптастырудың да өз сатылары бар.

«Ең бірінші ұнды өнімдерден бас тарту керек. Мәселен, адамның бір әдетін өзгерту үшін адамға 21 күн керек, егер адамның күш жігері болмаса. Кешкі сағат жетіден соң тамақтанбаған дұрыс. Кешкі тамақ қозғалыс болмағандықтан артық май болып жиналады. Адам дастархан басынан тоймай тұру керек. Ол тойыну сезімі адамның орталық жүйке жүйесіне 20 минуттан соң келеді соған дейін шыдау керек. Ол үшін тамақты асықпай жеу керек, жақсылап шайнау керек, ауыз қуысында тамақтың қортылуына көмектесу керек. Асқазанның осылай біртендеп көлемі азая бастайды. Бірақ барлығы жүйелі түрде болуы керек. Оған мүмкін біраз уақыт керек.».-деді дәрігер.

Кез келген отбасында тамақтану үрдісі, сол үйдің өскелең ұрпағының да тамақтану мәдениетін қалыптастырады. Анасы отбасын қалай тамақтандырса балаларда да сол әдетті бойына сіңірмек.Яғни,болашақта бала ересек болғанда ол да өз отбасынан соны талап етеді. Сондықтан, барлық ана осы жерде қателеспеу керек дейді маман.

«Артық салмаққа бала құрсақта жатқан кезде бейімделетінін бірі білсе, бірі білмейді. Бала туылған кезде анасында да әкесін де семіздік болса ол балада семіздіктің даму мүмкіндігі 97 пайыз болады. Тек қана әкесінде болса ер балаға 47% беріледі. Ал қыз балаға анасынан шамамен 86% беріледі. Яғни, анасынан қыз балаға берілу қаупі жоғары.»-деді Майра Қайнарбаева.

Артық салмақ дертінен алдыңғы қатарда құрлық мемлекеттері, Мексика, АҚШ елдері көш бастап тұр. Ал Азия елдері артық салмақтың таралуы бойынша соңғы орындарда орныққан. Дегенмен елімізде тамақтанудың өзгеруіне, шет елдерден түрлі фастфудтаардың келуі, адамдардың үйден емес сырттан көбіне тамақтануы қоғамда етек алып келе жатқаны да бір себеп.

«Абайсызда артық салмақ жинап алсаңыз, асықпаңыз»-дейді нутрициолог дәрігер.

«Дұрыс тамақтанудың ұстанымы бойынша күнделікті дені сау адам, төрт рет тамақтануы керек. Ол таңертеңгілік ас, екінші таңертеңгілік ас сағат он бірлерде, түскі ас және кешкі ас. Түнгі мезгілде көп тамақтануға болмайды. Жетіден кейін мүлдем тамақтанбау ол салыстырмалы түрде айтылған. Ол үрдіс негізінде күндіз қызмет жасайтын адамдарға қатысты. Ал түнгі ауысымда жұмыс жасайтындар үшін бұл процесс басқаша жүреді.» - деп қортындылады.
Просмотров материала: 1 341

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 141 785 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 141 587 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 141 242 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 141 268 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 141 574 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 407 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 694 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 152 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 347 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 467 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 779 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 821 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 523 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 656 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 812 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 484 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 841 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 581 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 430 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 267 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 514 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 456 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 970 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 375 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 302 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 536 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 888 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 297 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 285 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 272 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 493 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 639 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930