2 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жағдайы бар отбасынан шыққан балалар мұғалімге қызметшісіне қарағандай қарайды, - ұлағатты ұстаз

Жағдайы бар отбасынан шыққан балалар мұғалімге қызметшісіне қарағандай қарайды, - ұлағатты ұстаз
Математика пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз, тұңғыш Еңбек ері атағын алған Аягүл Төреқызының 50 жылдық ұстаздық тәжірибесінде ешқандай сөгіс алып көрмегенін айтады. Алматы қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының директорлық қызметін 25 жыл атқарған ардақты ұстаз адамдықтан атамай, қол астындағы жұмысшыларыма адал болу мақсатым болды дейді. Мұғалімге ерекше төзімді мінез керек екенін тілге тиек еткен Аягүл Төреқызы Stan.kz тілшісіне қазіргі білім жүйесіндегі кемшіліктер туралы айтты.

Осы мамандыққа деген сүйіспеншілік қалай пайда болды?

Тағдыр шығар. Мұғалім болам деп ойлаған емеспін. Дәрігер болуды армандадым. Бірақ бұйырмаған дүние екен. Алғаш мұғалім болып мектеп табалдырыңын аттағаннан-ақ осы саланың үдесінен шығу керек деген бір ғана мақсат болды. Бар жан-тәніңмен, жақсы көріп істесең, қай мамандықтың болсын шыңынан көрінуге болады. Ұстаз алдындағы шәкіртін түсіне алу керек, олармен бір толқында болып, жан дүниесін көре алу керек. Ұстаздың мінезі ерекше болу керек.

Билік басына жаңа министр келген сайын жаңа өзгерістер енгізіп жатады. Бұл мектептегі білім сапасына кері әсер етпей ма? Қазіргі білім жүйесіне қандай өзгерістер керек деп ойлайсыз?

Білім саласы реформадан шаршады. Қысқа уақыт ішінде қанша министр ауысып жатыр. Жаңа рефрманы бастап жатқанмен, жарты жолда қалып қойып жатыр. Бұл білім сапасына үлкен нұқсанын тигізеді. Қазіргі білім жүйесінің жақсы жақтары да бар. Мен оны жоққа шығара алмаймын. Бірақ кемшілік жағы да жетіп артылады. Біріншіден, ЖОО бітіріп келген мамандардың білім деңгейі төмен. Ал білімі жақсыларының көбі мектепке барғысы келмей, басқа салаға кетіп жатыр. Айлығы көп жерге ығысып кетеді. Тұрақсыздық бар. Екінші реформадағы кемшіліктер: оқулықтар мен жаңа бағдарламада біздің минталитетке сай емес, керексіз дүниелер өте көп. Бір жағы материалдық техникалық базамыз да әлі көңіл көншітпейді.

Күләш Шәмшиддинова жақында ғана «Әліппе» қайта оралады деп мәлімдеме жасады. Пікіріңіз?

Мен толықтай қолдаймын. Өйткені қазіргі оқытылып жатқан «Сауат ашудың» атымен бірге заты да бізге тура келмейді. Шетел оқулығын қалай бар солай аудара салған.

Мұғалім деген ұлы мамандықтың абыройы бүгінде неге ұлы емес? Не себеп, кімнен кетіп жатқан кінә?

Ұстаздың абыройы тікелей өзіне байланысты. Дегенмен қоғам мен ата-ана тарапынан қолдау болмаса, бедел көтерілмейді. Білімі мен білігі сай болып тұрған, бет-бейнесі, тұрғаны-жүргені, сөйлеген сөзі, істеген іс-әрекеті мұғалімге сай болу керек. Бір жағы оқушының әлеуметтік жағдайы да мұғалімді сыйламауға себепші. Мектепке арнайы машинамен келіп кететін, үйінде көмекші қызметкерлер ұстайтын үйдің балалары мұғалімге сол қызметкерге қарағандай қарайды.

Бұл жерде барлығы да ата-ананың мұғалімге деген құрметіне, үйдегі тәрбиеге байланысты. Ал абырой қайтсек көтерледі дегенге тек мұғалімнің билігі туралы заңға енгізу керек. Басқа көрші елдерде ата-ана құқығы мен міндеттері деген бәленбай пункттен тұратын нақты заң бар. Бізге де осы керек. Ата-ана өз баласына дұрыс тәрбие берсе, мектеп оны бұзып жібере алмайды.

Мұғалім оқушыларға еркіндік беру керек деп отырсыз. Қазіргі оқушыларымыз сол еркіндіктен ессіз қылықтар істеп жатады. Күйдіргі, тілазар оқушыларды қалай жөнге саламыз?

Қазір еркіндікті есерсіздікпен шататсырып алды оқушылар. Мұғалім бірдеме айтса, құқығыңыз жоқ деп шығады. Өзінің үйдегі еркелігін мектепке көрсетіп жатады. Бірақ ұстаздың ұлылығы сол қандай мінезді оқушы болса да жылы жылы сөйлеп, ақылға келтіруге, жөнге салуға болады. Оларды мақтай отырып кемшілігін айту арқылы жөнге салу керек.

Жақсы мұғалімнің бойында болу керек маңызды үш қасиет?

Білім, білік, мінез.

50 жылдық өз тәжірибемде әттеген-ай деп өкінетіндей жағдай болмапты. Аллаға шүкір бірде бір ата-анадан немесе мен қол астында жұмыс істеген бастықтардан «мынауың дұрыс болмады» деген сөз естіп көрмедім. Ал қызықты оқиға десеңіз ұстаздың әр күні қызыққа толы.

Бүкіл өміріңізді мектепте біреудің балаларына арнадыңыз. Өз балаларыңызға уақытты қайдан табасыз?

Бәріне үлгеруге тырыстық қой. Екі қыз, бір балам бар. Барлығы ЖОО оқыды, қызметтері де жақсы. Жас кезімізде күйеуім докторлығын қорғап, Мәскеуде жүретін. Мен үйде үлкен қызыма кіші інісін қаратып, жұмысқа кететінмін. Осылай өсірдік, жетілдірдік.

Елімізде соңғы орын алып жатқан тарихи өзгерістер орын алып жатыр. Біз күтпеген бұрылыстар болып жатыр. Елбасымыз қызметінен кетіп, елордамыздың атауы «Нұр-Сұлтан» боп ауысты. Көзқарасыңыз...

Елбасымыздың ерен еңбегі мен қажыр қайраты, білгірлігі мен даналығы мен қайран қалдырады. Ол кісі қазақ тарихын, мәдениетін, дәстүрін өте жетік біледі. Көрегенділігі бір төбе. Елімізді дамтуда, ел ретінде қалыптастырды, ол кісінің ерен еңбегі бар. Астанамыздың атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді мен тек қолдаймын. Жалпы әлем тарихында ондай құбылыстар бар. Оған жатсынып қараудың қажеті жоқ.
Просмотров материала: 3 855

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 150 893 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 150 701 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 358 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 385 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 150 685 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 891 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 040 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 206 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 847 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 044 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 979 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 097 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 942 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 814 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 639 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 783 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 927 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 593 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 962 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 691 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 697 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 540 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 382 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 638 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 580 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 091 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 421 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 663 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 009 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 421 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 400 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 440 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 382 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 617 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 760 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30