24 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кетті, бірақ қалды: Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаев не істей алады?

27 март 2019, 16:32
Кетті, бірақ қалды: Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаев не істей алады?
Президенттік өкілеттігін тоқтатқан тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады. Қауіпсіздік кеңесінің міндеттері мен функциялары, төрағаның өкілеттіктері қандай екенін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда ел халқына арнаған үндеуінде президент ретінде өкілеттігін тоқтатып, келесі сайлауға дейін Қазақстанды Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратынын мәлімдеген еді. Бірақ бұған дейін қабылданған заңдарға сәйкес, Назарбаев қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие.

"Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді", - деген еді ол өз үндеуінде.

Қауіпсіздік кеңесі қашан құрылды

Қауіпсіздік кеңесінің тарихы 1991 жылдан басталады, Қазақ КСР президентінің 21 тамыздағы жарлығымен Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесі құрылған болатын. Кейіннен 1993 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі болып қайта құрылды.

2018 жылдың 5 шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы" заңға қол қойды. Осылайша, консультативтік-кеңесші органның мәртебесін конституциялық деп өзгертті.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік кеңесін төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі", - деп жазылған заңда.

Қауіпсіздік кеңесінің құрамын Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен, яғни Нұрсұлтан Назарбаевпен келісе отырып жасақтайды.

Қауіпсіздік кеңесінің міндеттері

Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау;

тиісті шешімдер мен ұсынымдарды әзірлейді және қабылдайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы не істей алады

- Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне басшылық жасайды;

- Қауіпсіздік кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін шақырады;

- Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне тапсырма береді;

- Қауіпсіздік кеңесі туралы ережені бекітеді;

- Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ұйымдық-құқықтық мәртебесін айқындайды, оның ережесі мен құрылымын бекітеді;

- Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне қатысты актілерді, оның ішінде нормативтік-құқықтық сипаттағы актілерді шығарады;

- Қазақстан заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қауіпсіздік кеңесі немен айналысады

- Контитуциялық орган елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

- құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

- мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және мемлекеттік мәні бар өзге де бастамаларды талдайды және бағалайды, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қатерлерін болжайды, олардың алдын алу және оларды бейтараптандыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, шараларды айқындайды;

- Үкіметтің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы баяндамасын тыңдайды;

- елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тыңдайды;

- ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңдардың орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға жұмсалатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастырады;

- орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшы лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылайды;

Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Қауіпсіздік кеңесі мен оның төрағасының шешімдерін мүлтіксіз орындауға міндетті. Барлық шешім Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде Қазақстан президентінің актілерімен жүзеге асырылады.

Қауіпсіздік кеңесінің құрамына кімдер кіреді?

Қауіпсіздік кеңесі конституциялық органның тұрақты мүшелерінен және мүшелерінен тұрады.

Лауазымы бойынша кеңестің тұрақты мүшелері: премьер-министр, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, төраға көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі.

Лауазымы бойынша кеңес мүшелері: сенат төрағасы, мәжіліс төрағасы, бас прокурор, ішкі істер министрі, "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштері бас штабының бастығы.

Бірақ, қажет болған жағдайда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы өзге де лауазымды тұлғаларды кеңес мүшелері етіп қосымша тағайындай алады.
Просмотров материала: 2 012

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 308 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 929 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 423 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 482 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 200 847 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 710 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 772 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 075 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 679 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 755 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 951 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 613 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 427 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 282 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 810 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 521 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 218 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 617 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 429 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 310 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 141 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 993 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 313 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 220 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 712 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 577 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 061 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 292 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 671 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 047 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 989 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 105 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 059 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 257 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 405 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031