25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұрсұлтан Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?

26 март 2019, 13:46
Нұрсұлтан Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президент ретінде өкілеттігін тоқтатты. Десе де, ол Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие, бұған қоса елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі. Sputnik Қазақстан Назарбаев пен оның отбасы ел заңдарымен қандай кепілдікке ие екенін анықтап көрді.

Тұңғыш президент – Елбасы мәртебесі не береді

Осыдан 19 жыл бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңы қабылданды. Бұл құжатта Назарбаевтың саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалған.

Конституциялық заңда Қазақстанның Тұңғыш президентіне – Елбасына Қазақстан Республикасының президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайтыны айтылған.

Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

- Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

- Парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қауіпсіздік кеңесін басқару; Конституциялық кеңестің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Сонымен қатар, Назарбаевтың заңды қызметіне кедергі жасауға, көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ оның бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

Ұстауға, қамауға және жауапқа тартуға болмайды

Осы заңның 3-бабында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасына ешкім тиісе алмайтыны анық көрсетілген.

"Ол өзі Қазақстан президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауапқа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды", - делінген заң мәтінінде.

Сонымен қатар, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі жеке мүлікке де тиісуге болмайды. Олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға осы заң қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Тұңғыш президентінің – Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

Банктегі шоттары да қорғалады

Бұл заң, сондай-ақ, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік береді.

"Қазақстан Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды", - делінген заңда.

Баспанамен де қамтылады

Конституциялық заңның 7-бабында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету" туралы айтылған. Оған сәйкес, өз өкілеттігін тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаевқа қажетті мемлекеттік қызмет көрсетіле отырып, меншігіне қызметтік пәтер мен мемлекеттік саяжай беріледі.

Жүргізушілермен бірге жеке көлік беріледі

Құжаттың 8-бабы Қазақстанның тұңғыш президенті мен оның отбасын көлікпен қамтамасыз етуді көздейді.

Назарбаевқа жүргізушілерімен бірге жеке автомобиль өмір бойына берілсе, ал онымен бірге тұратын отбасы мүшелері қызметтік автокөлікті пайдалана алады.

Бұған қоса, Тұңғыш президент өмір бойы елде көлікпен тегін жүруге және ресми адамдар мен делегацияларға арналған залдарды тегін пайдалануға құқылы.

Өмір бойына – тегін медициналық қызмет

Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады.

Назарбаевқа – зейнетақы, отбасына – жәрдемақы

Конституциялық заңның 11-бабы Елбасыны зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыруды көздейді.

Өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, Назарбаев жасына қарамастан Қазақстан Республикасы президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алып тұрады. Бұл орайда оның зейнетақысы Қазақстан президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.

Бұған қоса, Назарбаевтың отбасының әрбір мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылады

Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Назарбаев пен оның отбасына тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Просмотров материала: 4 943

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 898 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 567 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 066 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 106 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 480 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 433 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 467 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 789 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 443 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 506 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 699 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 776 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 871 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 420 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 660 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 401 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 798 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 599 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 357 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 840 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 135 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 181 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 419 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 806 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 105 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 240 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 180 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 555 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31