16 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көпбалалы отбасыларды толық медициналық тексеруден өтуге шақырады

Көпбалалы отбасыларды толық медициналық тексеруден өтуге шақырады


ШҚО басшысы Даниал Ахметов көпбалалы аналармен кездесу барысында облыстағы аналар мен балалардың денсаулығына айрықша көңіл бөліп, әсіресе көпбалалы отбасыларды емханаларда кезек күттірмей тегін медициналық тексерістен өткізу қажеттігі жайлы сала басшыларына нақты тапсырма берген еді.

Осыған орай төрт және одан көп баласы бар отбасыларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында «Саламатты ана мен бала» деген атпен облыста кең көлемді шара басталды. Айлық барысында облыстағы 26 мыңнан астам көпбалалы отбасылардың мүшелері тұрғылықты жеріндегі емханаларда дәрігер кеңесі мен диагностикалық тексеруден өте алады. Стационарлық емді қажет ететін болса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің негізінде кешенді медициналық қызметтер көрсетіледі.

-Кәмелет жасына дейін балаларға барлық медициналық қызмет түрі тегін көрсетілетіндігі белгілі. Осы айлық аясында барлық көпбалалы аналарды балаларымен бірге толық тексеруден өтуге шақырамыз. Кешенді тексерулердің нәтижесіне қарай науқастарды диспансерлік есепке алып, ары қарай дәрігердің бақылауында болып, дәрі-дәрмекпен қамтылады, -деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Бұл шараға облыстағы медициналық ұйымдардың психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері де белсене қатысып, көпбалалы отбасыларына қажетті көмекті алуға қандай құжаттар жинау керектігі жайында кеңес береді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да күшейтілмек.

Айта кету керек, өңіріміздегі перинаталдық орталықтарды заманауи қондырғылармен жабдықтауға 3,5 млрд теңге жұмсалды. Перзентхаларда әлемдік стандарттарға сай 40-тан астам жаңа технологиялар енгізілді. Өскемендегі Ана мен бала орталығы жуықта медициналық қызмет көрсетудің төртінші деңгейіне шығып, балалар нейрохирургиясы мен кардиохирургия, офтальмология, оңалту қызметтері іске қосылады. Алтай және Аягөз аудандарындағы орталық ауруханалар бірінші ақпаннан бастап аймақтандырудың жаңа деңгейіне шықты. Демек, бұдан былай аталған ауруханаларға Аягөз, Үржар, Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім және Жарма сияқты жеті ауданның әйелдері жеткізіледі. Бұл ауруханалар жылына төрт мың әйелді босандырып, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсете алады.

Өңірімізде медициналық қызметкерлерді оқытудың үшдеңгейлі бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2020 жылға қарай 300 дәрігер шетелдерде оқып, біліктіліктерін халықаралық деңгейде арттырады. Облыстағы медициналық мекемелерді жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соның арқасында облыс тұрғындарына инсульт, инфаркт, патологиялық босану, сәбидің шала тууы жағдайларында дер кезінде білікті медициналық көмек көрсетілетін болды.
Просмотров материала: 1 835

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 860 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 558 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 226 062 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 226 107 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 464 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 086 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 105 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 454 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 173 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 376 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 965 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 099 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 705 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 589 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 648 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 824 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 580 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 998 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 770 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 442 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 282 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 652 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 518 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 015 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 457 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 335 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 567 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 971 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 316 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 252 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 394 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 330 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 590 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 706 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30