20 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әбілқасымова айтқан миллиондар қайда?

07 февраль 2019, 14:21
Әбілқасымова айтқан миллиондар қайда?


Алматылық көпбалалы ана Акма Басирова 2009 жылы төртінші перзентін дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанған. Содан бері ай сайын жәрдемақы алып келемін, деген әйел әлеуметтік көмектің әр тиынына дейін есептеп қойыпты. Ендігі ол барлық соманы 16 мың теңгені көпсінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға қайтарғысы келеді.

«2009 жылы төртінші ұлым дүниеге келгенде көпбалалы ана атандым. Содан бері ай сайын жәрдемақы ала бастадым. 2011 жылы бесінші перзентім дүниеге келді», – деп жазады көпбалалы ана Facebook желісінде.

Бүгінде 5 перзентін тәрбиелеп отырған Акма Басирова 9 жылда алған жәрдемақысын әр тиынына дейін есептеп шыққан.

«Мен жазған сома отбасымдағы әр балаға есептелген. Мысалы, ай сайынғы төлем 10 мың теңге болса, әрқайсына 2 мың теңгеден.

2009 жылы 4 балам үшін ай сайынғы төлем – 5 472 теңге. Бір жылда 60 660 теңге болады.

2010 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 5 940 теңге. Бір жылда – 66132 тг.

2011 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 6 006 теңге. Бір жылда – 72 072 теңге.

2012 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 6 428 теңге. Бір жылда – 77 136 теңге.

2013 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 6 876 теңге. Бір жылда – 82 512 теңге.

2014 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 8 246 теңге. Бір жылда – 98 952 теңге.

2015 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 8 705 теңге. Бір жылда – 104 460 теңге.

2016 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 8 824 теңге. Бір жылда – 105 888 теңге.

2017 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 9 440 теңге. Бір жылда – 113 280 теңге.

2018 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем –10 005 теңге. Төлемді маусым айында тоқтатты. Алған сомам – 60 030 теңге.

Әр тиынына дейін санадым», – дейді Акма Басирова.

Осылайша, көпбалалы ананың 9 жылда алған жәрдемақысының жалпы сомасы бас-аяғы 841 112 теңгені құраған. Менің бай мемлекетке жалпы қарызым осы, дейді ол.

«Министрлік берген ақпарат адамдардың басқаша ойлауына сеп болып, соның салдарынан еліміздегі азаматтардың дені көпбалалы отбасылар жұмыс істемей, мемлекеттің есебінен күн көру үшін бала табады деп ойлайды. Сол үшін ренжимін. Көпбалалы болғаның үшін өмір бойы жәрдемақы алу үшін бір күнде қатарынан 5 баланы босану керек және ол балалар өспеуі тиіс. Негізі, көпбалалы аналар жәрдемақы алатын мерзім 6-10 жыл аралығы», – дейді ренішін жеткізген ана.

Сонымен қатар ол 9 жыл көлемінде алған жәрдемақысының барлық сомасын, яғни 841 112 теңгені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға қайтарып бергісі келетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәдина Әбілқасымова «еліміздегі көпбалалы аналар мемлекеттен өмір бойы миллиондаған теңге жәрдемақы алады, басқа елде біздікіндей жағдай жасалмаған» деп жар салған еді. Осыдан кейін ол көпшіліктің сынына ілікті.
Просмотров материала: 1 665

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 148 882 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 148 691 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 148 348 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 148 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 148 674 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 783 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 935 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 089 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 691 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 895 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 868 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 034 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 911 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 788 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 613 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 750 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 902 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 567 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 935 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 667 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 670 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 513 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 355 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 609 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 551 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 062 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 484 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 393 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 632 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 984 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 390 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 374 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 416 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 357 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 586 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 734 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031