19 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде әйелдер босана салып, жұмысқа шығуға мәжбүр

05 февраль 2019, 15:56
Елімізде әйелдер босана салып, жұмысқа шығуға мәжбүр


Астанадағы сұмдық оқиға еліміздегі талай отбасындағы қиын жағдайдан, тұрмыс тауқіметінен хабар берсе керек. Әйтпесе ақша жетіп, көйлектері көк болса анасы түн қатып жұмыс істемес еді. Бас-көз болып, балаларының қасында отырар еді. Бір сөзбен айтқанда мәжбүрлік осындай жағдайға ұрындырып отыр. Жалпы елімізде босана салып, көп ұзамай жұмысқа шығатын саны артқан. Кейбірі ақша жетпегендіктен амалсыздан осылай істесе, өзгелері карьера қуады екен. Соның салдарынан иммунитеті әлсіз, аурушаң бүлдіршіндердің қатары да артып келеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дүние есігін енді ашқан сәби үшін бәрінен де қасында анасының болғаны маңызды екенін айтпасақ та түсінікті. Ана сүтінің өзі бала үшін ауамен тең. Тек бүгінде мұны ұғынып жүрген келіншектер шамалы, дейді ақ халаттылар. Өйткені перзентін туа сала жұмысына асығатындар күн санап артуда. Тіпті баласының қырқынан шыққанын күтпейтіндері де жетерлік. Салдарынан аурушаң, иммунитеті әлсіз бүлдіршіндердің де қатары күн сайын көбеюде, -дейді дәрігерлер.

«Жұмыс бабымен кетіп қалып жататын аналар көп болып кездеседі. Оның кері әсері тек қана балаға. Себебі бала ана сүтінен бүкіл дәріменді, иммунитетті көтеретін дәрумендерді алады. Ал егер бала толығымен алмаса, ол аурушаң болып кетеді» - дейді педиатр Ұлдана Сатыбалды.

Десе де қыз-келіншектер заман талабына сай үйде отыруға мүмкіндігі жоқ. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мардымсыз, одан бөлек несие, пәтер ақысы тағы бар. Айлығы шайлығына жетпейтін отбасы үшін екі адамның жұмыс істеуі әлде қайда жеңіл болады, дейді олар.

Мәселен, танымал кәсіпкер, блогер Дана Есееваның пікірінше, барлығы да айналып келіп материалдық жағдайға тіреледі. Өйткені бүгінде бір ғана әкесі үшін бүтіндей отбасыны асырау қиынға түседі. Сондықтан да балалардың болашағы үшін әйел адам ертерек жұмысқа шыққаны дұрыс, деп есептейді

«Бірінші балам туылған кезде енді 40 күн үйде отырдым. Бірінші бала ғой,ол басқаша қарайсын. 40 күн отырдым, сосын біртіндеп шыға бастадым енді. Үйде анам болды, екінші балам туылған кезде енем болды. Үшінші балаға да енем көмектесті. Үшінші балаға уже шынымды айтсам 5 күннен кейін шыққан шығармын. Сондықтан да аналарымыз, енелеріміз аман болсын, бізге көмектесетін осындай жағдайда» - дейді блогер Дана Есеева.

Бұл ретте, қоғам белсенділері барлық кінә нәзік жандардың жұмысқа шығуына рұқсат берген ер жігіттерде деген пікірде. Яғни баланың болашағы үшін бей-жай қарамайтын әке отбасын асырау мәселесін толығымен өз мойнына алғанда, қыз-келіншектер мүндай қадамға бармаушы еді, дейді.

«Баланың өсуіне жалпы қалыптасуына, моральдық тұрғыда қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл жерде біз билікке, пособие аз немесе басқа жағдай болмай жатыр деп, Үкіметке мойнымызды созып отырмай, негізгі мәселені бұл жерде ерлер өз мойнына алып, балаларының жанында анасының болуына жағдай жасау керек. Қырқынан шықпай жұмысқа кету деген үлкен әбестік» - дейді қоғам белсендісі Динара Болат.

Ал бала тәрбиесін бес саусағындай білетін ұстаз Айсұлу Сейдахметова қандай жағдай болмасын үш жасқа дейін анасы міндетті түрде сәбиінің қасында болуы керек,- дейді. Өйткені оның махаббаты мен мейірімі баланың тілі уақытылы шығып, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына ауадай қажет.

«Анасы ерте жұмысқа шығып кететін болса, жат бауыр болып өседі. Оны кім тәрбиелейді? Қазір кез-келген әже үйінде отырған жоқ. Яғни жас ана өзі жұмысқа шығады да, баласын тәрбиелеу үшін оны жалдамалы бағуға адам жалдайды. Яғни екі отбасының арасында тәрбиеленіп отырған сияқты бала. Өзінің дүниеге келген отбасының тәрбиесі, ортасы бөлек болса, оны тәрбиелейтін күтушінің мінез-құлқы тіпті бөлек. Сонда баланың отбасына, анасына бейімделуі тіпті сырт қалады деген сөз» - дейді ұстаз Айсұлу Сейдахметова.

Ал шетелдегі жағдай қандай? Бірнеше елді мысал етіп келтіріп көрейік. Германиялық әйелдердің декреттік демалысы 3 жылға созылады, тіпті өз қалауыңмен оны 5 жылға дейін де ұзарта аласын оған қоса жұмыс беруші жалақының 67 пайызын төлеуге міндеттеледі. Финляндияда әкесіне де, анасына да 7 айлық отбасылық демалыс беріліп, жалақының 70 пайызы төленеді. Сондай-ақ анаға демалысын 2 жылға дейін көбейтуге құқығы бар. Ал Францияда 16 апта болғанымен, кейін балабақшасы мен материалдық көмектің барлығы тегін беріледі.
Просмотров материала: 2 177

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 191 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 104 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 190 652 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 190 696 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 191 038 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 138 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 249 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 526 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 890 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 012 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 446 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 338 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 542 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 358 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 191 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 543 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 434 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 124 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 529 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 288 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 235 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 910 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 197 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 131 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 630 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 323 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 954 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 218 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 585 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 972 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 918 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 997 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 955 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 169 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 320 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031