8 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде жасы 60-тан асқандар арасында ажырасу саны артқан

16 ноябрь 2018, 9:46
Елімізде жасы 60-тан асқандар арасында ажырасу саны артқан


Елімізде енді жастары қойып, жасы 60-тан асқан қариялар арасында ажырасу саны артқан. Тек соңғы бес жылдың ішінде 12 мыңға жуық зерлі-зайыпты некесін бұзуға бел буыпты. Сорақысы, жылма-жыл бұл көрсеткіш артып келеді. Ұзақ жыл отасқандардың немере сүйер шағында шаңырағының шайқалуына не себеп? Бұған қатысты мамандар не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ажырасу. Қоғамның құлағына сіңіп кеткені сонша- әлдекім ажырастым десе, елемей өте шығатын болдық. Онлайн-ажырасу, отау құрып, бір күннен кейін некесін бұза салу, түрлі-түрлісін көрдік. Енді, жастарды артта қалдырып, немере сүю бақытына жеткен ата-әжелер де ажырасуды шығарған. Оны АХАТ бөлімінің мамандары да растап отыр. Олардың айтуынша, тек биылдың өзінде егде жасқа жеткен 200-ден астам ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалыпты.

«Ең үлкен жасымыз бізде ер азаматтың жасы 64-те, әйел азаматтікі 61 жаста болған. Біз ол кісілерден сұраймыз, өтініш жазғанда, ол кісілер қандай себеппен некелерін бұзып жатқан көрсеткен кезде, яғни мінездеріміз келіспеді, көбіне бізде апаларымыз, аталарымыз шығып кеткенде апаларымыз айтады, жас ұлғайған сайын бұл кісінің еркелігін көтере алмай жатырмын деп, екі баламызға бөлінеміз, біріміз бір балада, екіншіміз екінші балаға барып тұрамыз» - дейді АХАТ бөлімінің бас маманы Назира Искакова.

«Бос ұяның дағдарысы». Психологтардың айтуынша, отасқандарына 20 жылдан асқан ерлі-зайыптылар дәл осы қиындықты басынан өткізеді. Яғни, балалары ер жетіп, өз бетімен өмір сүре бастағанда, жападан-жалғыз қалған ата-әжелер үшін бірге тұрудың мәні жоғалатын көрінеді.

«60 жасқа дейін да оларда ажырасу ойы туындауы мүмкін. Бірақ бала үшін, және адамдардың бір-біріне деген мінезі, көзқарасы отбасылық жағдайда жұмыспен көп байқалмауы мүмкін. 60-тан кейін мысалы пенсияға шыққан уақытта адамдар жұмыстан босатылған уақытта оның ойы, әрекеті көріне бастайды ғой, және мінезі көріне бастайды» - дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Сандарға сенсек, елімізде соңғы бес жылдың ішінде 11 700 жұп ажырасып кеткен. Дені ер азаматтардың қалауымен болыпты. Ал әлеуметтанушы Салтанат Оразбекованың айтуынша, мұндай ажырасу еліміздегі онсыз да әлсіз отбасы институтының құлдырауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

«Егер де біз қазір отбасы құндылықтарын дәріптейтін болсақ, ол оған кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни егер қазір ондай ажырасу болса, одан кейінгі ұрпақтар да соны норма ретінде қабылдайды. Сен ешқандай жауапкершіліксіз, егер де саған ұнамаса эгоистік құндылықтардың келуіне әкеліп соқтыруы мүмкін» - дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова.

Ал құдай қосқан қосағамен 50 жыл отасқанына Нұрхан әженің сөзінше, бұл мүлдем ақылға қонымсыз. Оны қоғам қасіреті десек, артық айтқанымыз емес. Тез арада шара қолдануымыз керек,- дейді кейуана.

«Мен ойладым, тек шетелдерде ғана болатын шығар осындай деп, өткенде бір қазақ шал кәдімгідей, ажырасып кеткенбіз біз, хабарласпағаныма 2-3 жыл болды деп тұр. Ой Алла дедік та қойдық. Енді ауру шығар, бір-бірін түсіне алмай қалған шығар, ол жағын мен енді білмеймін, Құдай сақтасын» - дейді қала тұрғыны Нұрхан Әуелбеков.

Осылайша, зейнеттің бейнетін көретін шаққа жетіп, ажырасуға бел буатын жұптар жыл санап артып келеді. Мәселен 2016-2017 жылы 60-ты алқымдаған ата-әжелеріміздің 1 132-сң ажырасып тыныпты. Бұл үлкен проблемаға ушықпай тұрғанда, оны тез арада жүйеге келтіріп, қоғам болып шешуіміз керек, дейді мамандар.


Просмотров материала: 2 398

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 182 788 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 302 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 181 880 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 930 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 245 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 614 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 742 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 987 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 204 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 349 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 923 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 124 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 461 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 113 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 335 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 371 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 055 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 450 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 181 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 171 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 839 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 115 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 053 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 098 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 872 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 143 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 511 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 841 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 903 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 858 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 089 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 227 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031