29 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда соттасу қанша тұрады

28 январь 2019, 18:01
Қазақстанда соттасу қанша тұрады


Заңы үстем ел өркениетке жол бастайды. Барлық келіспеушілік пен дау сотта шешіледі. Ал соттасудың шығыны жайлы не білеміз? Сот шығыны өндірілетін істер қандай, олар қалай есептеледі және қай заңда көрсетілген? Бұл сұрақтарды Tengrinews.kz тілшісі заңгер Әбутәліп Ғабдулғаниға қойды.

Заңгердің айтуынша, алдымен сот арызыңызды қабылдауы үшін мемлекеттік баж салығын төлеуіңіз керек. Оның тәртібі мен көлемі ҚР Салық кодексі арқылы анықталады. Мәселен, жеке тұлғаларға талап қою сомасының 1 пайызы болса, заңды тұлғаларға талап қою сомасының 3 пайызы салық болып саналады.

«Мемлекеттік баж салығын төлеу үшін соттан банк реквизиттерін анықтап, төлем жасау жолын білу керек. Мұндай реквизиттер әр сотта әрқалай екенін түсініп алу керек. Осылайша салықты төлегеніңізді растайтын түбіртек арыз-талабыңызға қоса қыстырылуы тиіс», — деп түсіндірді ол.

Қылмыстық істе: Мәселен, Талдықорған қаласында биыл 4 қаңтарда үш адамға мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп уәде беріп, олардан 6 558 000 теңге ақшасын алдап алған алаяқ әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Судья ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен шығарған сот үкімінде жәбірленушілердің материалдық шығынын толық көлемде қайтаруды, соған қоса шағым-талап сомасының бір пайызын, яғни 65 580 теңгені мемлекеттің пайдасына баж салығы ретінде өндіруді міндеттеген.

Азаматтық істе: Ал 16 қаңтарда Алматы қаласында Азаматтық іс бойынша сот бұйрығы шығарылды. Заңды тұлғалар 8 ай бойында жалға алу ақысын төлемей келген. Судья айыпты тарапты талап қоюшының 4 704 000 теңге материалдық шығынын толық көлемде өтеуді міндеттеп, оған қоса талап қою сомасының 0,5 пайызын, яғни тұрғынжайды жалдау шартын бұзғаны үшін 23 520 теңге салықты өтеуді бұйырды. Осыдан кейін маман сот шығындарының түрлеріне тоқталды.

Заңгердің айтуынша, іс жүргізуге байланысты шығындарға куәгерлерге, сарапшыларға, мамандарға және басқа да үшінші тұлғаларға төленуге тиісті қаражат жатады.

«2018 жылы Салық кодексінде өзгерістер болды. Оған байланысты кейбір баж мөлшері өзгерді. Яғни бұрын кейбір баж мөлшерлерін пайызбен есептейтін болсақ, қазір айлық есептік көрсеткішпен есептейтін болдық. Аудармашылар, сарапшылар және мамандарға төленетін ақыға келсек, егер ол жауапкердің немесе талапкердің екеуінің бірімен келісіп келген болса, өзара шартында қалай көрсетілсе, сонша сомада ақы төлейді. Ал егер мамандар белгілі бір қызмет бабымен іске тартылған болса, оның ақысы өз айлық жалақысы болып саналады. Бұл ақыны сотқа арызданған талапкер алдымен өз қалтасынан шығарады да, соттан бұл қаражатты айыпкерден өндіріп беруді өтіне алады. Ал қызметтік бабымен емес, бірақ осы саладағы маман шақыртылған болса, онда үкіметтің сол жолға бөлінген сыйақы мөлшерімен мемлекет бюджетінен бөлінеді», — деп түсіндіреді маман.

Оның айтуынша, азаматтық істерде адвокатты іске тартудың құны арыз-талап сомасының 10 пайызынан басталады.

«Әкімшілік істер бойынша адвокат жалдаудың құны Азаматтық кодекске сілтеме жасап айтсақ, 50 мың теңгеден басталады», — дейді маман.

Сондай-ақ, маман сотқа жүгінудің шығынын нақты мысалмен түсіндірді.

«Бір әйел күйеуінен үш баласына алимент өндіру туралы сотқа арыз түсірді. Талап-арызды сот қанағаттандырды. Сол кезде әйелі жағдайына байланысты Алматыдағы сотқа өз басы келе алмаған еді, сондықтан оның атынан адвокаты сотқа қатысты. Адвокат сол әйелдің ісі бойынша сотқа қатысып, мүддесін қорғағаны үшін 90 мың теңге ақы алған болатын. Оқиға өткен жылы болғандықтан, әйел 1 пайыз БАЖ салығын да төлеген еді.

Айта кетсек, биылдан бастап елімізде Салық кодексінің 616-бабы бойынша алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша істе талапкерден баж салығы алынбайды. Яғни ендігіде талапкердің шығыны адвокатқа ғана қатысты болады. Осылайша әйел алимент сомасына қоса, соттың 1 пайыз шығынан және адвокат жалдаған 90 мың теңгесін сотта жеңілген күйеуінен өндіріп алды», — дейді маман.

«Тағы бір мысал келтірейін, былтыр сәуір айында Жезқазған қаласында тұрғын үйді мирасқорлық бойынша марқұмның атынан баласы өзі атына аударып алғысы келді. Қайтыс болған әкесінің атынан баласы мүлікті өз атына ауыстыруы қажет болды. Баласының шығыны сонда салыстыру актісі, мемлекеттік БАЖ салығы, бағалау актісі туралы шығындар болды. Үйді бағалағанда сомасы 12 миллион 700 мың теңге шықты, адвокат осы қызметіне 130 мың теңгедей ақы алған еді», — деп түсіндірді заңгер.

Сонымен қатар, маман атаған тағы бір шығын — Қарау жүргізуге байланысты шығындар. Заңгердің айтуынша, бұл шығын әртүрлі жағдайда болады және бұл да мемлекеттің бюджетінен төленеді.

«Мәселен қарау жасалатын мүлік басқа жерде немесе басқа қалада болса, оған кететін жол шығыны, бөлме жалдау жөніндегі шығындар және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшердегі тәулікақы — осының барлығы қарау жүргізуге байланысты шығынға жатады. Мұны сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сотқа дайындық кезеңінде мемлекет бюджетінен шығатын шығын, бірақ сотта тараптың бірі жеңілген жағдайда сол тарапты судья осы соманы қоса төлеуге міндеттейді. Осылайша мемлекеттің өз бюджетін қалпына келтіреді», — дейді Әбутәліп Ғабдулғани.

Шығынның тағы бір түрі — заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар екен. Бұл да мемлекет бюджетінен төленетін ақы.

«Бұл көбіне азаматтық және қылмыстық істерде кездеседі. Сот заттай дәлелдемелерді ешқандай өзгеріссіз дәл сол қалпында сақтауға тырысып, шаралар қолданады. Сотқа әкелу мүмкін емес деп танылған заттар сол тұрған жерінде сақталады. Бұл дәлелдемелерді сот істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе істі сотта талқылау барысында қарап-тексеруі қажет.

Іс-жүргізудің қарап-тексеру кезінде заттардың сыртқы түрі, қасиеттері және жай-күйі, жағдайы жеке процестік әрекет хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында тіркеледі, ал қажет болған жағдайда бұл заттар фотосуретке, бейнежазбаға түсірілуі мүмкін және мөрмен бекітілуі мүмкін. Сот заттай дәлелдемелерді іске қатысатын адамдардың және қажет болған кезде сарапшылардың қатысуымен қарап-тексеріледі. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру хаттамасы іске қоса тіркеледі. Осы іс-әрекеттің істелу барысында шыққан шығындар заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар болып табылады», — дейді заңгер.

Маманның айтуынша, жауапкерді немесе күдіктіні іздестіру жөніндегі шығындарға күдіктіні іздеуге, табуға, алып келуге байланысты шығындар жатады. Бұл сома да сотқа дайындық кезеңінде мемлекет бюджетінен төленіп, егер сол жауапкердің немесе күдіктінің кінәсі мойындалса, бұл шығынды өтеу сол адамға міндеттеледі.

«Бұл шығынға жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар да жатады. Мысалы, күдікті дүкеннен сөмкені ұрлап кеткен жағдайда, оның суретін немесе видеосын БАҚ құралдарына ақпарат ретінде шығартып, „қандай да мәлімет білетіндерден полицияға хабарласуды сұраймыз“ деп жариялауға қажетті шығын осы жағдайда болады.

Мұны негізінен құқық қорғау органдары айналысады. Бұл жағдайда да жарияланымдарға кеткен шығындарды кінәлі деп танылған адамды төлеуге міндеттейді. Яғни адам өз қылмысын жасырмақшы болып, өзі жасырынып, қашып жүрсе, өз жағдайын өзі қиындата түседі», — дейді ол.

Сот шығындарының тағы бірі — тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар. Сот тараптарға хабарлап, оларды шақырудың екі түрін қолданады. Бірі қағаз жүзінде (хат, SMS, электронды хат), екіншісі адам жіберу арқылы шақыру (курьердің жолақысы) екен.

«Заңда тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар жайлы да айтылады. Бұл негізінен, мәселен, сот Алматы қаласында өтіп жатса, бірақ куәгер Астанадан болса, оны шақырту, оның жолақысы, жатын орны — барлығы мемлекет бюджетінен төленеді. Бұл жағдайда да бұл ақыны айыбы дәлелденген тарап өтеуге міндеттеледі. Бұл сома сол уақыттағы нарықтағы жалға беру және жалға алу көрсеткішінің орташа деңгейімен есептеледі», — дейді ол.

«Соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындарға сот орындаушыларының шығаратын шығындары жатады. Яғни, оның қызметі үшін алатын сыйақысы, қаулыны орындату кезінде оған жұмсалатын ақшалай шығындар болады, баруы-келуі, пошта қызметтеріне төленетін ақы, банкке төленетін комиссиялар барлығы да өндіріледі», — дейді маман.

Егер айыпталушының кінәсі сотта дәлелденбеген болса, мемлекет сот шығынын өз мойнына алады. Ал егер талап-арыз жартылай қанағаттандырылып, жартылай қанағаттандырылмаса, бұл аталған шығын талапкер мен айыпкердің ортасында пропорционал бөлінеді екен.
Просмотров материала: 1 822

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 145 841 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 145 645 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 306 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 145 326 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 145 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 624 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 776 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 921 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 468 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 669 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 697 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 929 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 755 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 575 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 712 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 867 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 534 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 898 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 631 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 635 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 479 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 322 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 571 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 513 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 023 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 438 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 358 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 592 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 353 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 337 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 380 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 324 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 548 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 698 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930