28 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астаналық қыз 223 көліктің "иесі" болып шықты

05 декабрь 2018, 19:11
Астаналық қыз 223 көліктің "иесі" болып шықты


2018 жылдың 1 қазанынан бастап мыңдаған қазақстандыққа мүлік салығын уақытында төлемегені үшін айыппұл жазылған. Бір қызығы, азаматтарда ешқашан мұндай мүлік болмаған, ал салық туралы олар сот орындаушыларынан естіген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Шәкір Хахазов қаржы министрі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауалмен жүгініп, салықшылардың қателігінен зардап шеккен қазақстандықтардың мәселесін шешуді сұрады.

Мәжілісменнің айтуынша, осы жылдың 1 қазанынан бері мыңдаған қазақстандыққа мүлік салығын дер кезінде төлемегені үшін айыппұл жазылған. Тексере келе, азаматтарда ешқашан ондай мүлік болмағаны, олардың мүлік салығы туралы алғаш рет естіп отырғаны анықталды.

Депутат салық қызметкерлерінің қателігінен банктегі шоты бұғатталған алматылық Бауыржан Сүлейменовтің оқиғасын мысалға келтірді. Оған жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды төлемеді деген қағаз келген. Ал бір қызығы, Бауыржан ешқашан автокөлік сатып алмапты.

"Кейінірек белгілі болғандай, айыппұл мүлде басқа адамға – Шымкент тұрғынына жазылған болып шықты. Бауыржан Мұратбекұлы Сүлейменовтің ЖСН-ні көрсетілген қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарында туған тегі бір Бауыржан Мұратұлының атына жазылған", — деді Хахазов.

Сондай-ақ, депутат бірден 223 автокөліктің "иесі" атанғанын білген Астана тұрғыны Әсел Сәменованың оқиғасын мысал етті.

"Сот қыздың барлық шоты мен картасын бұғаттап, қызды ешқашан болмаған автокөліктеріне салық төлеуге міндеттеген. Ұзаққа созылған даулардан кейін 10 көлік әлі де әлгі әйелдің атында қалып отыр", — деді мәжілісмен.

Осыған ұқсас жағдай астаналық ер адамның да басынан өткен. Ер адам 17 мың теңге мөлшерінде көлік салығын төлеу туралы хабарлама алған. Алайда оның екі жылдан бері көлігі жоқ екен. Кейінірек, мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қателік жібергені анықталды.

Сондай-ақ, Хахазов салық қызметі органдарындағы ұзын-сонар кезекке де назар аударды. Айтуынша, регламент бойынша әр азаматқа мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 20 минуттан аспауы керек, ал адамдар ол жерде сағаттап кезекте тұрады.

"Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне қыруар қаржы жұмсалып отыр. Ал қарапайым халықтың мәселесі шешілмейді. Цифрландыру жағдайында мұндайға жол беру ұят", — дейді мәжілісмен.

Депутат салық салу базасында қателіктер жіберілгеніне қарамастан, салық органдарының лауазымды қызметкерлері жауапқа тартылмайтынына ашуланды.

"Біздің білуімізше, бұл бірлі-жарым жағдай емес, тенденцияға айналған", — деген Хахазов қаржы министрінен жағдайды ретте
уді сұрады.
Просмотров материала: 2 061

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 441 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 197 045 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 553 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 604 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 972 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 579 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 878 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 401 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 499 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 755 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 538 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 613 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 405 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 258 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 759 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 495 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 188 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 585 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 385 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 285 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 118 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 968 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 277 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 187 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 685 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 534 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 036 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 649 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 026 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 065 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 029 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 226 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 382 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930