13 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандықтар банктерге 6 триллион теңге қарыз

14 январь 2019, 16:57
Қазақстандықтар банктерге 6 триллион теңге қарыз


Қазақстандықтар жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алғанмен, өткен жылдың еншісінде қайтарылмаған қарыздың жүгін арқалағандарынан бейхабар. Себебі, Бірінші кредиттік бюроның есебіне сай, биыл қарапайым халық банктерге 6 триллионға жуық қаражат берешек екен. Сондай-ақ, несиесін қайтаруға шама-шарқы жетпейтіндердің қатары ұлғайыпты. Мамандар "ұлттық экономика күрт төмендеп кете ме?" деп алаңдап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Банктердің қаржылық жағдайына қанық Бірінші кредиттік бюродағылар жағдай көңіл көншітпейтінін айтады. Несие алушылардың қатары артқан, есесіне қарыздарын қайтармайтындар да көбейген. Ал коллекторлық компаниялар сатып алған кредиттік үлестің жартысынан көбі өтелмепті. Жеке тұлғалардың 92 пайызы екінші деңгейдегі банктерге, 5 пайызы түрлі қаржылық ұйымдарға, ал 3 пайызы онлайн несие берушілерге борышкер.

«6 триллион деп отырғанымыз бұл тек жеке тұлғалардың алған несиесі. Оның ішінде мүлдем өтелмей, ісі сотқа түскендер де бар. Бұдан өзге, заңды тұлғалардың несие портфелі бар. Ол 15 триллионға жеткен» - дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры әсем Нұрғалиева.

Ал несиеге күн көретіндердің көбісі қалалықтар екен. Алматы қаласы мен Түркістен, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облысының тұрғындары бұл тізімде көш басында. Осы аймақтардың халқы мерзімі өткен несиелер бойынша да алдыңғы орында. Ал, экономист таныстарын салып, банктерден төмен пайызбен заңсыз несие алу азаймай тұрғанын айтады. Бұл да борышкерлердің көбеюіне әсер етуде.
«Өкінішке орай, Қазақстанда сондай нәрселер бар. Банктерде мәселен, біреулер айтады 20 пайызын алып қал, маған кредит әперші дейді. Оның ешқандай жұмыс істейтін орны жоқ. Небір бүгін әйтеуір ақша керек, қарыз. Қай жерден тапса да табу керек. Анау ағайыннан сұрайды, мына ағайыннан сұрайды ,таппаған соң кейбір банк пен халықтың араларында заңды бұзып кредит әперетіндер бар» - дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Мамандар алда-жалда кей банктер банкрот болып, жұмысын тоқтатып жатса нағыз былық сонда болады дейді. Себебі, коллекторлық компаниялар сатып алған келісім-шарт негізінде қарапайым халықты қысып, тіпті, несие пайыздарын көбейтеді. Тіпті, тұрпайы әрекеттерге де баруы мүмкін.

«Оларға денсаулығына, өміріне қауіп төндіреміз деп қорқытатын кездері болады қарыз алушыларды. Ондай жағдайда милияға, полицияға, құқық қорғау органдарына ресми түрде арыз жазып, осындай телефоннан хабарласып менің өміріме, денсаулығыма қауіп төндіреміз жеп қорқытып жатыр деген арызбен жүгіне алады. Ондай жағдайлар өте көп болады» - дейді заңгер Жасұлан Нұрмұхамедов.

Заңгерлердің айтуынша, коллекторлық компаниялар "Коллекторлық қызмет туралы" заңға сай жұмыс істеуі керек. Ал, өзін "сот, прокуратура өкілімін" деп таныстырып, несиенің пайызын өндіруді көздейтін коллекторлардың әрекеті заңға қайшы. "Біреудің тыныш жатқан туысын қорқыту мүлдем дұрыс емес. Ал, несие құпиясын жария етуге ешкімнің құқығы жоқ" дейді мамандар.

Елімізде 18 миллионнан астам адам өмір сүрсе, оның үштен бір бөлігі, яғни 6 миллионнан көбі банктерден несие алып, қарызға белшесінен батқандар екен. Оның үстіне, биылғы көрсеткіш бойынша 1,5 миллион адам алған несиесін өтеуге қауқарсыз. Мамандардың сөзінше, бұған себеп, еліміздегі несие берудің пайыздық үлесінің жоғары болуы.

«Банктердің де кінәсі. Өйткені банктер қарасаңыздар бұндай дүниежүзінде ондай жоқ. 25 процент, одан көп. Кейде ондай проценттер Германияны қарасаң 1-2 процент, 4 процент. Бұл сондай әскері үлкен деп санайды. Бүкіл Еуропада сондай. Ал бізде қарапайым азамат қайда барады, кейде жағдайы болмайды» - дейді саясаттанушы Марат Башимов.

Мамандар бұл жағдайға квазимемлекеттік сектор да кінәлі дейді. Себебі,банктер жеке активтері аз болғандықтан несие пайызын өсіріп, халықтың қалтасын қағуды ойлайды. Сондықтан, "талай көтеріліп, әлі шешімін таппаған "Жеке тұлғалардың банкроттығы" заңын қабылдайтын уақыт келді. Өйткені, бұл заң жобасы бірқатар мемлекеттерде күшіне енуде әрі халықты жоқшылықтан сақтауға себін тигізеді" дейді олар.


Просмотров материала: 1 643

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 304 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 136 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 763 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 169 811 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 094 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 037 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 177 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 400 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 397 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 561 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 293 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 828 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 338 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 194 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 013 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 203 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 290 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 958 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 346 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 065 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 081 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 914 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 748 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 013 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 952 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 467 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 931 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 788 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 057 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 387 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 801 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 758 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 809 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 759 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 987 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 132 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031