4 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біздің халық несиені ойыншық санайды: нағыз Қарызстанға айналып барамыз

236 мың азаматымыз пайызы сұмдық онлайн-несие алған. Жүз мыңға жуық азамат қарызын қайтара алмай, банктерден қашып жүр. Миллионға жуық адам несие алып, күні банктермен өтіп жатыр.

Қарап отырсақ, нағыз Қарызстанға айналып бара жатырмыз.

Бұның теріс жағы мынадай:

1) қарызды тарата-тарата, оны қайтара алмаған банктер жабылып жатыр;
2) қарызға белшеден батқан азаматтың елге де, экономикаға да, отбасына да берері шамалы. Барлық қара тізімге еніп, қарабетке айналған адам ертең отбасын да жетістірмейді, кәсіп те аша алмайды, себебі қажет кезінде несиені оған ешкім бермейді;
3) банк және несие жүйесі дағдарып жатыр. Себебі қайтарылмас қарыз саны көп, қайтарымы жоқтық жаңа қарыз іздеуге итермелеп, я шетелден қарыз алғызады, я мемлекетке жүгініп, ұлттық қорға қол салғызады.


Қазір жеке азаматтардың банкроттығы деген заң қабылданып жатыр. Сол заңды дұрыс пайдаланып, біраз қарыздың әңгімесін жабу керек.

Жағдайы төмен, несиесі аса көп емес азаматтарға рахымшылық жасау керек. Бірақ бір шарт: рахымшылық алған адамдар 5-10 жыл бойы, әбден миы қатып, піскенше несие алу құқынан айрылуы тиіс.

Біздің халық әлі де несиені ойыншық санайды. Оны қайтармау ерліктің түріне айналып барады. Бұл да жаман, бұл да қылмыс. Ұлттық спорт түрі болып барады тура!

Несиені банктер тек нақты бизнес жоспары бар, табыс көзін көрсете алатын азаматтарға ғана беруі керек. Білімге, ипотекаға беру керек. Тойға, жерлеуге деген несиелерді атымен жою қажет.

Үйге қажетті техника алатын несие тек отбасыларға, ерлі-зайыптының екеуі де қызмет істейтіндерге берілгені абзал. Рас, бұл тұтынуды шектеуі ықтимал, бірақ жақсы смартофон алып, оның ақшасын қайтара алмай, төрт бағасын төлеу не масқара?!

Сонымен қатар заңсыз несиелеу, аса көтерме пайызбен қарыз беретін ұйымдарға заңмен тосқауыл қою шарт.

Сонымен бірге үлкен ағарту жұмысын шын мәнінде мектептен бастау керек. Балаларға түсінікті, қазақ тіліндегі көрнекі сабақ беру керек. Несиенің не екенін түсіну бала кезден, отбасыдан басталуы керек. Экономика да отбасыдан басталады.

Отбасы да таза экономика. Ұлттық үнем үйдегі үнемнен басталмаса басқа қай жерден басталмақ? Күнде айтқан малшашпаққа да қатысты осы мәселе. Үнем, адал еңбек ұлттық этосқа айналуы міндет.

Айдос Сарым
саясаттанушы
Дереккөз: Facebook
Автор: Айдос Сарым -
Просмотров материала: 4 501

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 129 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 780 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 268 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 325 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 690 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 024 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 072 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 374 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 015 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 095 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 277 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 690 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 728 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 469 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 334 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 093 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 276 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 682 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 495 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 378 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 880 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 103 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 722 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 086 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 029 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 307 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031