22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



“Пышақты көрсетіп, қорқытпақ болдым”: Нұралы Қиясов Денис Тенді қалай өлтіргенін айтып берді

14 январь 2019, 12:54
“Пышақты көрсетіп, қорқытпақ болдым”: Нұралы Қиясов Денис Тенді қалай өлтіргенін айтып берді


Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдіктеліп отырған Нұралы Қиясов сотта жауап берді. Өз сөзінде ол марқұмның ата-анасынан кешірім сұрап, 19 шілдедегі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

Өз сөзінде Нұралы Қиясов екінші күдікті Арман Құдайбергеновпен 2017 жылдан бері таныс екенін айтты.

«Автокөлік жуатын орында таныстық. Дос ретінде араласып келе жатырмыз. Толыбаева Жанармег құрбысы Жайна арқылы таныстым. Жайна пәтер туралы ұсыныс жасаған. Мен келісімімді беріп, Жайнаға хабарластым. 2018 жылдың 15 шілдесінде Жайнаны алып кеттім. Жанармен сол кезде таныстым», – дейді ол.

Қиясовтың сөзінше, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын жүріп жүрген қызы үйге келіп, аяғының ауыр екенін айтып, шу шығарған. Қиясов оған дәрі алуға және пәтер ақысын төлеуге ақша тауып бермек болыпты.

«18 шілдеде үйде болдым. Таңертең қызым Манзура аяғының ауыр екенін айтып, үйге келді. Үйге учаскелік полицей келіп, ол Арман екеуімізді алып кетті. Сағат 12-ден кейін екеуімізді жіберді. Мен таксиші ретінде қызмет еттім. Сағат кешкі 6-лардың шамасында Жанар моншаға кетті. Маған ақша керек болған соң Арманнан ақша сұрадым. Ол өзінде ақша жоқ екенін айтты. Ақша Манзураға дәрі алып беру үшін және пәтерінің ақысын төлеп беру үшін керек болды. Артынша Арман екеуіміз таксиші қызметін көрсетіп, ақша табу үшін қалаға шықтық. Сонан соң Жанарды алып кеттік. Үшеуіміз тамақтандық. Мұнан кейін біз қаладан дәрі алатын дәріханалар іздедік. Өзіміз алуға ұялап, Жанардан дәрі алуын сұрадық. Ол сол үшін шықты. 3-4 дәріханаға кіргеннен кейін дәрігердің нұсқаулығынсыз ала алмайтынымызды білдік», – дейді Нұралы Қиясов.

Қиясовтың айтуынша, олар сол күні Дзержинский-Мәметов көшелерінің қиылысынан пәтер жалдаған. Пәтерді Арман Құдайбергенов жалдапты.

«Оның қызы болғандықтан, қызымен бірге болғысы келді. Сол жерге бардық. Ол жерде Жанарды қалдырып, екеуіміз дәмханаларға бардық. Сөйтіп адамдарға такси қызметін көрсетіп, 3-4 мың теңге ақша таптық.

Шілденің 18-іне қараған түні үшеуіміз «Магнумға» бардық. Жанар екеуіміз ішке кірмей, сыртта күттік. Арман супермаркетке кіріп кетті. Бізден не керегін сұрады. Біз сағыз ала салуын сұрадық», – дейді ол.

Ал қайғылы жағдай орын алған 19 шілде күні не болғанын еске алған Қиясов үшеуінің үйден бірге шыққанын айтты.

«Сағат 12-лердің шамасында тұрып, 13:00-ден кете үйден шықтық. Өзіммен бірге рюкзак алдым. Мен қаланы онша білмеймін. Сондықтан Арман жолды көрсетіп отырды. Жолдан 2-3 көлікті көрдік. Сол жерге тоқтадық. «Көліктің айнасын шешіп алуды осы жерден бастаймыз», – деді. Арман көліктен шығып, маған көлікте қала беруімді айтты. Алайда мен бірге шықтым. Жанарға: «Көлікте отыр», – дедік. Алайда ол да артымыздан ілесіп шықты. Мұнан кейін Құрманғазы көшесімен Абылай хан көшесіне дейін жүріп бардық», – дейді сотталушы.

Қиясовтың сөзінше, Жанар дүкенге бармақ болып, саяжолдың маңында қалған. Ал екеуі әрі қарай кетіпті.

«Адамдар көп болды. Арман сөмкені маған берді. Өзі қолына қолғап киіп, көліктің жүргізуші жағындағы айнаны шешіп алды. Оны әкеп, мендегі сөмкеге салды. Артынша екінші айнаны шешпек болды. Бірақ адамдар қаптап кетті. Мен көліктен 6-7 метр қашықтықта жолдың шетінде темекі шегіп отырдым. Арман маған: «Жан-жақты қарап отыр», – деген. Бірақ мен оған көп ой бөлмедім. Көліктің келгенін байқауға болатын еді, бірақ мен аса мән бермедім», – дейді ол.

Өз жауабында Қиясов Арман екінші айнаны шешіп алып, ұсталған кезде айнаны Дениске бергенін айтты. Айна Денистің қолында болған.

«Бір қарасам, көліктің алдыңғы жағында төбелес боп жатыр екен. Сол кезде Арман спорт алаңына қарай қашып бара жатты. Көліктің иесі оны жолда ұстап алды. Артынша Арман тағы қашты. Спорт алаңының маңында ол қуып жетіп алды. Екеуі төбелесті. Мен қарап отырдым. Арман белдікпен ұрып, екеуі төбелесті. Қашып кетсем бе екен, жай өтіп кетсем бе екен деген ой болды», – дейді күдікті.

«Жанынан өтіп бара жатсам, Арман жерде құлап жатыр екен. Торға тақалып отырды. Мен сол жерге бардым. Өзімде пышақ болды. Оны сөмкеден Арманға қарай келе жатқан кезде алдым. Денис Арманмен бетпе-бет тұрды. Мен арт жағынан бардым. Денисті қолынан ұстап, өзіме тарттым. Оған пышақты көрсеттім. Ол қорқып, қашып кетеді деп ойладым. Ол қорықпады. Мұнан кейін пышақты қалай сұғып алғанымды өзім де білмей қалдым. Ол тұрып қалды. Артынша Арманға қарадым. Ол орнынан тұрды да, екеуіміз қашып кеттік», – дейді Қиясов.

Мұнан кейін Қиясов пен Құдайбергенов қашып кеткен. Нұралы пышақты оқиға орын алған жерден 15-20 метр қашықтықта лақтырып жіберіпті. Артынша олар көлікке отырып, Сайранға барып, беті-қолдарын жуғанын айтады. Олар Денис Теннің өлетін-өлмейтіні туралы ойлап, талқылапты.

«Сонан соң үйге бардым. Үйде ағамнан ұрыс естідім. Сол күні түнгі сағат 22:00-дің шамасында полицейлер келіп, алып кетт», – дейді Қиясов.

Сонымен қатар ол Арман көліктің айнасын ұрлап жатқан кезде өзінің жолдың шетінде пышақпен ойнап, оны әрлі-берлі лақтырғанын жоққа шығарды. Алайда өзіндегі сөмкеде пышақ бар болғанын білген. Пышақты көліктің айнасының сымдарын кесу үшін қолданады деп ойладым, дейді ол.

Сөз соңында Қиясов марқұм спортшының ата-анасынан және барша қазақстандықтан кешірім сұрап, өкінетінін айтты.

Айта кетсек, бұған дейін Құдайбергенов 19 шілдедегі оқиғаның қалай болғанын айтып беріп, Денистің ата-анасынан кешірім сұраған еді.

Ал үшінші күдікті Жанар Толыбаева серіктері Құдайбергенов пен Қиясовтың ұрлық туралы ойын білмегенін айтты.
Просмотров материала: 1 482

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 200 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 032 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 673 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 697 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 005 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 112 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930