19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Денис Теннің өлімі: Толыбаева сотта сөз сөйледі

11 январь 2019, 14:42
Денис Теннің өлімі: Толыбаева сотта сөз сөйледі


Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша өтіп жатқан сот отырысында куәлік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толыбаеваның айтуынша, ол 15 шілдеде еңбек демалысы кезінде Алматыға екі айға келген. Қалаға келе салысымен Жайна Ізтілеуовамен хабарласып, бірге пәтер іздемекші болған. Құрбысы болса сол кезде Нұралы Қиясовқа хабарласқан, сөйтіп барлығы Қиясовтың үйіне барған.

"Келесі күні мен кафеде жұмыс іздей бастадым, ал 17 шілдеде Астанадан Арман келді. 18 шілдеде Манзура келді, Арман мен Нұралыны учаскелік полицейлер алып кетті. Кейінірек моншаға кеттім, сол жақта маған Арман хабарласып, басқа пәтерге алып кетті.

19 шілдеде түске таман тұрдық, себебі жігіттер таңға жуық келген еді. Пәтерден шығып, көілікке отырып, жүріп кеттік. Сосын Арман қолғапты шығарды, Нұралыға ақ көлікті көрсетті де былай деді: "Осы көліктен бастаймыз", - деді Жанар Толыбаева.

Қыз бала көлік тонауға қатысқысы келмегенін айтты. Сол себепті ол сотталушылардан басқа бағытта жүрген. Спорт алаңына жақындаған уақытта оның жанынан адамдар өткен, оның арасында Денис Тен де болған.

"Бір жағынан Арман мен Нұралының не істемекші болып жүргені қызық болды. Телефонға қарап, оларға бір қарап отырдым. Бір қарағанымда Арманның қашып бара жатқанын көрдім, оның артынан 2-3 метр жетпей Денис жүгіріп бара жатты, ал Нұралы болса 7-8 метр кейін жүгіріп бара жатты. Мен дереу басқа жаққа кеттім. Мен кімдердің төбелесіп жатқанын көрмедім.

Бір сәтте ақ жейде киген жігіттің отырып қалғанын көрдім. Арман мен Нұралы саябаққа қарай жүгіріп кетті. Біршама уақыттан соң Арман қоңырау шалып, көлікке жақындауымды сұрады", - деді Жанар.

"Көлікте Нұралының қолы жараланғанын көрдім. Олар сөйлесіп отырды. Дәл білмеймін, бірақ, менің ойымша Нұралы былай деді: "Өлмейтін шығар?". Сосын біз Шаңыраққа (ықшамаудан) қарай бардық. Онда Сұлтан Нұралыға айғайлай бастады, неліктен үйге қонбайсың, неге көлікті сұраусыз жүргізесің деп. Қамшымен ұра бастады. Сосын маған ұрыса бастады, "неге бұлармен жүрсің, неге үйге келмедің" - деп. Маған басқа пәтер іздеуімді өтінді", - деді қыз бала.

Осыдан кейін сотталушы Жайна Ізтілеуованың достарымен бірге Қапшағайға бару туралы ұсынысын қабылдаған.

"Мен сондай жүргенімде Арман маған қоңырау шалып, жігіттің қайтыс болғаны туралы айтты. Менің ауылға кетіп қалуымды өтінді. Мен қарсылық білдіргенімде ол былай деді: "Бір жағдай болып жатса, біз таныс емеспіз". Таңда мен Арман мен Нұралының іздестіріліп жатқанын білдім. Қалаға келгенімде Нұралының ұсталғанын естідім, ал Арманды ісдестіріп жатыр екен.

Сұлтанның үйінде болғанымда (заттарымды алып кетуге келгенмін) Арманға қоңырау шалдым. Ол қаладан кетіп бара жатқанын айтып, телефонын сөндіріп тастады. Сосын Нұралының ағасы келіп бізді алып кетті. Рысқұлов көшесінде бізді тоқтатып, ұстап алды", - деді ол.

Осыдан кейін Жанар Толыбаева полицейлерге Арманды ұстауға көмектесуге келісім берді. Осы кезде Құдайбергенов өзі қызға хабарласқан, полицейлер оның қайда екенін анықтап, ұстаған.

"Келесі күні мені қол қоюым үшін полицияға шақырды. Мен сонда барғанымда, қайта жібермеді. Мен аса ауыр қылмыс көрдім деп айта алмаймын. Мен тек ұрлықты көрдім. Мен ол туралы ештеңе айтпадым, осыны мойындаймын. Мен кімнің пышақтағанын көрген жоқпын", - деп түсіндеді қыз бала.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Просмотров материала: 1 530

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 589 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 411 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 381 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 316 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 296 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 698 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 258 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 409 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930