28 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Денис Тенді түскі асқа шақырған досы сотта қатты өкінетінін айтты

04 январь 2019, 18:47
Денис Тенді түскі асқа шақырған досы сотта қатты өкінетінін айтты
Бүгін Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта мәнерлеп сырғанаушы соңғы рет тамақтанған мейрамхананың иесі жауап беріп, оның өліміне қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сот залынан.

Мейрамхана иесі Руслан Хайруллаев – Денистің сыныптасы. Ол спортшыны 2000 жылдан, мектептің 1-сыныбынан бастап таниды екен. Сыныптастар мектепті тәмамдағаннан кейін араласпаған. Тек бір рет желіде хат алмасыпты. Сыныптасының айтуынша, олар көшеде кездейсоқ кездесіп қалған. Ертесі күні Руслан желіде Дениске жазған.

“Осыған дейін ол мені өзіне шақырған еді. Оған тамақтану саласы қызық болды. Екеуіміз нақты қай күні кездесетініміз туралы келіспедік. Тей кейін бір кездесетінімізді айттық. Сол күні кездесу туралы 20 минуттың ішінде шешілді. Мен одан жағдайын сұрағанымда, Денис мейрамханада болсам 15 минуттан кейін кіріп-шыға алатынын, сағат үште кездесуі бар екенін айтты.

Дастархан басында біздің маркетолог Мадина және менің бизнестегі серіктесім болды. Әңгіме айтып, күліп отырдық. Сосын Денис кетуі керектігін айтты. Мен оны күштеп ұстағаным жоқ. Қоштастық. Әрі қарай отырдық. 10 минуттан соң тазалықшы біреуді пышақтап кеткенін айтып, айқайлады”, – дейді Хайруллаев.

Алайда бұған дейін мейрамханаға жігіттер кіріп, көмек сұраған. Сол кезде бармен дәрі қобдишасы, аспаз да екінші дәрі қобдишасын алып, көшеге жүгіріп шыққан. Бұл кезде Руслан ештеңе естімепті. Ол тазалықшының айқайын естігеннен кейін ғана көшеге атып шығыпты.

Осыдан кейін көшеге шыққан Руслан Денистің қансырап жатқанын көріпті. Сол жерде аспаз, бармен, бір әйел және екі полицей болған.

“Көшеге шыққанымда Денис ессіз жатты. Үстінде футболкасы, аяғындағы спорттық аяқ киімі болмады. Көп қан кеткен. Етпетінен жатты. Артынша жедел жәрдем дәрігерлері адреналин салды ма, әйтеуір оған жан кіргенін, демалғанын көрдім. Адамдар шулап жатты. Бір әйел жүрді. Артынша Денистің анасы келді”, – деп еске алды сыныптасы.

Айтуынша, сол кезде ол жедел жәрдеммен бірге кете алмапты. Себебі полицейлер оқиға орнында қалуын сұраған.

Десе де Денистің анасы осы тұста Русланға сұрақ қойып, қалайша мейрамханада отырған кезде адамдардың шуын естімегенін сұрады.

“Ешқандай дауысты естімейтіндей, Уәлихан екеуің кондиционер туралы не айтып отырдыңдар? Аспаздарыңның басқан қадамы естілетінін, оның қандай екенін барлығы біледі. Қалай байқамай отырдың? Сендер отырған жерден спорт алаңы жақсы көрінеді. Сол уақытта алаң жаққа қарадың ба?”, – дейді Оксана Тен.

Алайда сыныптасы мұндай жағдай болады деп күтпегенін, алаң жаққа қарамағанын айтты.

“Шығарып салмағаным үшін талай рет кешірім сұрадым. Қатты өкінемін”, – дейді Руслан даусы үзілейін деп.

Сот процесінде Оксана Тен түскі астың біртүрлі болғанын атап өтті. Сол жерде тек Денис тамақтанған және оны ешкім шығарып салмаған.

“Сендер оны шығарып салмадыңдар. Онымен бірге жедел жәрдеммен бармадыңдар. Бұл түскі ас не үшін керек болды? Мүмкін оны түскі асқа шақыруыңды әлдекім сұраған болар?

Денистің көңілі толмады. Ол уақытын зая еткені үшін өкінді. Сендер оған үлкен құрметсіздік көрсеттіңдер”, – дейді Денистің анасы.

Оған жауап берген Руслан Хайруллаев сыныптасын қонақ еткісі келгенін, ешқандай арам ойы болмағанын жеткізді.

Қанды оқиғадан кейін Русланның мейрамханасы жабылып қалған. Алайда оған мейрамханадағы кондиционердегі ақау себеп болыпты.

“Алғашқы 3-4 күн жабық болды. Себебі кондиционерлерге қатысты қиындықтар туындады. Оларды тазалады”, – дейді ол.

Сонымен қатар сот барысында Руслан сотталушылармен туыстық және басқа да қарым-қатынасы жоқ екенін айтты.
Просмотров материала: 2 214

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 832 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 513 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 015 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 051 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 430 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 682 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 715 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 047 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 757 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 962 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 826 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 943 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 596 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 475 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 426 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 705 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 451 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 861 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 655 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 474 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 310 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 163 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 520 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 405 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 893 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 255 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 216 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 458 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 852 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 205 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 150 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 289 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 219 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 457 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 600 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930