13 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Денис Теннің анасы: - Ұсталғандарға айтарым, сіздер Қазақстан үшін үлкен қылмыс жасадыңыздар!

04 январь 2019, 13:44
Денис Теннің анасы: - Ұсталғандарға айтарым, сіздер Қазақстан үшін үлкен қылмыс жасадыңыздар!
Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін сотта спортшының анасы Оксана Тен түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

"Бірінші секундтан бастап мен мұның жай ғана автоұрлық екеніне сенген жоқпын. Оған материалдармен танысу барысында да көзім жетті. Денис сараң адам емес еді. Ол өте қолы ашық жан болған. Қымбат заттарға қарамайтын да. Мен затымды жоғалтқан кезде ол үнемі мені жұбататын. Денисті бір затқа бола төбелестіру мүмкін емес, ол үшін шегінен шыға ашуландыру керек шығар. Денис шетелде ұзақ жүрді. Қазақстанда ол сирек болатын. Спорт базаларында, жаттығуда жүретін. Оның Қазақстанда жүргенін достары, таныстары жақсы білетін", - деді Оксана Тен.

Оның айтуынша, сол күні оны "Т9 групп" ЖШС директоры А.М. ресторанға шақырған. "Сол ресторанның директоры Х. Дениспен 1-3-сыныптарда бірге оқыған еді. Денис онымен жақсы араласпайтын. 13:45-те Х. оны түскі асқа шақырған. 13.48-де Денис оған келіседі. Ал 18 шілдеде бүгін күдікті болып отырған үшеуі Алматыда жиналады. Олар 18 шілде күні кешкі 21-де қаланың ортасынан пəтер жалдаған. Ақшалары жоқ олар қымбат ауданнан қалай пәтер жалдаған? Барлық əрекет 19-ы күні түскі екіде басталады. Түскі 14:14-те олар Наурызбай көшесімен Гогольға бұрылған. 14:18-те Денис рестораннан шықты.

14:30-да қылмыскерлер сол оқиға орнында болған. Осы уақытқа дейін Құдайбергенов қолғабымен жүргізуші жақтың айнасын шешіп алған. Денис машинаға Құрманғазы көшесімен келе жатады. Құлағында құлаққап, музыка тыңдап бара жатады. Денис машинаға келгенде Құдайбергеновты көрген.

Сол сəтте Құдайбергенов оның қолына екінші айнаны ұстатады. Қандай ұры көлік иесіне өзі ұрлаған затын ұстатушы еді? Содан соң Дениске Құдайбергенов бірдеңе айтып, Денис ашуланып кеткен. Оған не айтқанын білмеймін. Құдайбергенов спорт алаңына қарай қаша жөнеледі. Оның артынан Қиясов жүгіреді. Денис сол жерде қансырап құлағанша аяғынан тік тұрған. Оны бір куəгер көрген. Ол бірақ төбелестен қорыққанынан машинадан шықпаған» - дейді Оксана Тен.

Оның айтуынша, автоұрылар әуел бастан айна ұрлауды мақсат тұтпаған. "Денистің сумкасында айнадан да қымбат заттар болды. Неге оны алмаған? Олар не үшін жасады мұны? Ақша үшін екені рас. Біз тапа-тал түсте адам өлтіре салатын ел емеспіз. Күндіз пышақ ұстап, адам өлтіру бола бермейді. Мен осы нұсқаға көп адамның сенгенін қаламаймын. Денис Қазақстанын тек қана жақсы жағынан көрсеткісі келетін, елін мақтайтын, жақсы көретін, бəрін қонаққа шақыратын. Бізге келген қонақтар «Қазақстан қандай əдемі, тамақтарың қандай дəмді» деп айтып кететін. Ұсталғандарға айтарым, сіздер Қазақстан үшін үлкен қылмыс жасадыңыздар", - деді О.Тен. Оның айтуынша, Денистің өмірлік ұстанымдары біреуге ұнамаған немесе оның өміріндегі сəттілік біреуге кедергі болған.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті.

Айта кетейік, кеше Денис Теннің өлімі бойынша басты сот талқылауы басталды. Іс бойынша айыпталған күдіктілер кісі өлтіргенін мойындамады. Сот отырысында полиция Арман Құдайбергеновтің неге бостандықта жүргенін түсіндірді. Сот отырысы бүгін де жалғасуда, онда марқұмның анасы Оксана Тен түсінік беруде.
Просмотров материала: 1 399

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 741 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 440 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 943 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 990 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 348 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 079 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 100 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 447 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 150 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 165 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 369 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 963 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 095 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 703 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 589 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 644 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 823 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 579 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 994 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 770 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 439 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 279 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 516 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 014 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 454 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 332 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 566 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 967 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 311 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 248 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 393 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 328 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 587 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 705 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30