4 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда қалай бала асырап алуға болады?

04 декабрь 2018, 12:03
Қазақстанда қалай бала асырап алуға болады? Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Facebook желісінде бала асырап алу жөнінде толық нұсқаулық жариялады.

Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар жайлы мәліметтер сақталатын база 2016 жылдан бастап ашық . Осының арқасында көп бала жаңа отбасы тапты.

Бұл база жұмысы жайлы толығырақ білу үшін Бала құқын қорғау комитетіне келесі телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 23 41, 74 21 54.

Бұл қадамға бармас бұрын ересектер «асырап алған балаға туғанындай бола алам ба» деген сұраққа іштей жауап беруі керек. Бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін қадам екені айтпаса да түсінікті. Баланы алып, керексіз заттай қылып қайтара салуға болмайды. Бұл – сәбидің жүрегін мәңгіге жаралап, адамдарға деген сенімнен айырады. Біз алдымен бала асырап алуға қолдау көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз. Ол жерге хабарласқандар өзін толғандырған барлық сауалдарына жауап ала алады.

АСЫРАП АЛУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Бала асырап алуға қолдау көрсететін «Жанұя» орталығын 2016 жылы «Ана үйі» қоғамдық қоры ҚРБжҒМ Бала құқын қорғау комитетінің қолдауымен ашқан. Орталықтың Қазақстанның 17 қаласында филиалы бар. Бала асырап алу, тәрбиелеу жайлы сұрақтарға жауап беру үшін арнайы психологтар мен мамандар жұмыс істейтін 1422 нөмірлі колл-орталық жұмыс істейді. Асырап алған баламен тіл табысу қиындап кеткен жағдайда ата–аналар осы орталыққа хабарласып, психологиялық және моральдық көмек алады.

Асырап алу — бала өміріндегі өте маңызды кезең. Бұл ата-ана үшін де солай. Баланы отбасына алып келмес бұрын олар алдымен танысып, бір-бірінің сырына қанық болғаны дұрыс. Мұндай таныстық мерзімі екі аптаға дейін созылуы мүмкін.

ҚҰЖАТТАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Бала асырап алуға қажет құжаттар тізімі:

– жеке бас куәлігінің көшірмелері;

– жақын туыстарының еркін формада жазған рұқсаты (ата-аналар, бауырлары);

– бала асырап алу және тұрғын-жайын тексеріп, зерттеуге келісім беру туралы өтінім;

– кіріс туралы анықтама;

– отбасы жағдайы туралы анықтама (отбасылыларға — неке куәлігінің көшірмесі, бойдақтарға — некеге тұрмағаны туралы нотариус растаған анықтама);

– тұрғын жай өзінікі екенін растайтын (сату-сатып алу шарты) және тұрғын үйді пайдалануға рұқсат беретін (жалға алу шарты) құжат көшірмесі;

– сотталмағаны туралы анықтама (аудандық ХҚКО 10 күн ішінде береді), 10 күнге жарамды;

– асырап алушылардың денсаулық жағдайы туралы анықтама, оның ішінде психикасы дұрыс, есірткіге, алкогольге тәуелді емес екенін растайтын құжат.

Құжаттар толық жиналған соң асырап алу ісі 2 ай уақытты алады. Қамқоршы орган 10 күн ішінде тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайын тексеріп, акт жасалып 5 күн ішінде асырап алу/алмау жөнінде шешім шығады.

АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Бейүкіметтік ұйымдар балалар үйінің тәрбиеленушілерінің отбасы тауып орналасуын қолдап, асырап алушыларға кеңес беріп отырады. Осындай ұйымдардың бірі — асырап алушы ата-аналар қауымдастығы. Оны көп баланы асырап алған ана Жанна Ким басқарады. Сондай-ақ «Ана үйі» ҚҚ жанында бала асырап алған ата-аналар мектебі де бар.

АСЫРАП АЛУШЫЛАР ЖАЙЫ

Егер басқа ата-аналардың тәжірибесі жайлы білгіңіз келсе төмендегі мақалалармен танысып шыққаныңыз жөн. Сұқбаттасқан адамдарымыз бастан кешкенін қайта еске түсіргісі келмеген кездері де болды. Бірақ білгенін жұртпен бөлісуден қашпады.

Әпкелі-сіңлілі Арайлым мен Ақеркені Фарида Оспаева асырап алған. Фарида Дүйсенбекқызы мен Мұрат Абулбаширұлы бір балаға зар болып жүріп, кеш болса да бала асырап алуға бел буған. Ойлануға, шешім қабылдауға 5 жыл кеткенін айтады. Алдымен 3 жасқа дейінгі бала алғысы келген. Ес біліп қалған баланы тәрбиелей алмаймыз ба деген қорқыныш болыпты. Ал қазір бақытты жандар 7 және 8 жастағы екі қызды мәпелеп отыр.

Асемгүл Сейтенова мен Әмина – балалы бола алмай, асырап алу ойынан шықпай жүрген барлық аналар білуі тиіс оқиға кейіпкері.

Тамила Андреева бауырларды бөліп-жармай бірақ асырап алған батыр ана. Тамила Мамедқызы жұбайымен бірге 6 бала тәрбиелеп отыр. Оның төртеуін асырап алған.

Республикалық деректер банкі арқылы бала асырап алудағы әрекеттердің кезеңдерін мына сілтеме арқылы біле аласыз.
Просмотров материала: 2 060

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 445 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 065 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 115 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 404 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 212 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 351 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 577 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 634 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 490 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 934 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 391 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 231 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 052 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 254 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 325 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 996 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 386 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 109 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 121 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 956 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 787 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 045 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 989 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 504 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 977 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 823 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 100 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 436 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 841 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 795 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 843 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 802 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 028 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 173 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930