14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауданның мерейтойы оқушының өлімімен аяқталды (ВИДЕО)

23 октябрь 2018, 12:51
Ауданның мерейтойы оқушының өлімімен аяқталды (ВИДЕО)


Тоқсан жылдықтың әлегі. Алматы облысы Іле ауданының мерейтойына дайындық кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты. Алты жүз бала қатысқан флешмобтың соңы қырғын төбелеспен аяқталып, кәмелет жасқа толмаған жасөспірім пышақталған. Қару тура жүрек тұсына тиген Қыдырәлі Бейсенбай сол жерде қансырап жарты сағат жатып қалған дейді туғандары. Оның үстіне, іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ететін не полицей, не жедел жәрдем қызметі болмапты. Жалғыз ұлынан айырылған отбасы туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жалғыз ұлын алыстан бақылап, билегеніне мәз болған әке қапияда айырылып қаламын деп ойламадым, дейді. Егер ауданның мерейтойы болмағанда, ұлымның талай мерейін көрер едім деп егілді. Өйткені, Іле ауданының 90 жылдығында шенділер алып стадионда 600 оқушыны жаппай билетпек болыпты. Үшінші дайындығын көруге тіпті әкесі қызымен барғанын айтады. Бірақ, достарыммен қаламын деген баласының көңілін қимапты. Өзегін өртегені де сол.

“Аман ба деп едім, өліп қалды деді. Өліп қалды дегені несі ит өлгендей айтты. Бір тептім. Несін жасырайын. Қайда жатыр деп едім. Скорыйда деді. Балам жатыр екен. Бетін жауып тастапты. Жүрегінің тұсында тряпка тұр екен” – дейді марқұмның әкесі Бақыт Садықов.

Сөйтсе, 10-сынып оқушысы "массовкада" төбелескен екі жігітті арашаламақ болыпты. Оның бірі колледж студенті екен. Пышақты сұға салып қаша жөнелген. Кәмелет жасқа толмаған баланың қалтасында не үшін суық қару жүргені белгісіз. Туғандары мерейтойды тойламақ болған шенділер оқушыларды жинағанымен қауіпсіздікті ойламағанына күйінеді. Себебі, дайындықта бірде бір полицей, не жедел жәрдемді көрмепті. Әйтпесе, жарты сағат қансырапған күйі дәрігер күткен ұлдарына көмектесер еді, дейді.

“Мен өз көзіммен көрдім. Негізі болу керек. Бәленбай ауылдан келеді. Автобус келеді. Сеніп ата анасы жібереді. Мен қырымды сеніп жібердім ғой” – дейді марқұмның әкесі Бақыт Садықов.

Өмірі қыршыннан қиялған оқушы дәл осы мектептің үздігі, спортшысы болған. Сыныптастары түгілі оқытушыларына дейін есеңгіреп жүр. Бірақ, өлімге Іле ауданының 90 жылдық мерей тойына дайындығының еш қатысы жоқ дейді. Себебі, флешмобқа қатысқан оқушылар қоғамдық жұмысқа араласып үйренеді екен. Тіпті ол флешмоб оқушылардың сабағына кедергі де емес, уақытын да алмайды деп таң қалдырды.

Екі мыңға жуық бала оқитын мектептен мерейтойда елу оқушы билейді екен. Әр сенбіде ұстаздары бас-көз болып стадионға жетектейтіндерін айтады. Әкімдіктен келген бұйрықты бұлжытпай орындауға міндеттіміз дейді. Бірақ, Қыдырәлінің қайдан барғаны белгісіз деп ақталуда.

“9-сыныптың елу оқушысын апардық. оның жанында өзіміз дене шынықтыру мұғалімдеріне кезекшілік қойдық. 5-15 кеткенде дайындық бітті. бірақ баланың өлімі сомен сәйкес болып тұр” – дейді №13 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Жәбел.

Ал, шенділер ауданның тоқсан жылдығын дүркіретіп өткізу үшін флешмоб ұйымдастырғандарын жасырмайды. Тіпті, тоғыз елдімекендегі ең ұзын, сымбатты деген 640 ұл мен қызды жұмылдырудамыз дейді. Жыл басынан бері дайындалған мерекеге бюджеттен сегіз миллион теңге бөлінген. Ерікті демеушілерді қоспағанда бұл. Алайда, оқытушы мен оқушылардың еңбегі тегін.

“Ауданның 90-жылдығы бір ақ рет болайын деп жатқан нәрсе. Іс шараның бәрін оқушыларды қамтамасыз етеміз. Ауданның тұрғындарымен қамтымасақ біздің ауданда не боп жатқанын кім біледі” – дейді Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Сәтібаев.

Шенеунік те, бұл қайғыны кездейсоқ деп отыр. Тойға қатысы жоқ, той тойланады бәрібір деді. Ал, қабырғасы қайысқан отбасы ұлдарын келмеске аттандырған студентті кешірмейтіндерін айтады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Алдын ала тергеу жұмыстары басталыпты.


Просмотров материала: 2 303

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 124 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 626 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 216 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 268 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 568 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 463 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 597 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 827 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 986 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 136 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 761 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 053 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 298 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 429 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 155 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 823 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 088 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 057 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 126 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 489 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 870 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 838 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031