16 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Пушкинге ескерткіш қойған Орал Махамбетке бюст те орнатқан жоқ

БҚО әкімі А.Көлгіновке,

Орал қаласы әкімі М.Мұқаевқа,

БҚО мен Орал қаласы мәслихат депутаттары назарына!


Тәуелсіздік алғалы 27 жыл ішінде Оралда Нарын – Жайықтың ерен ұл­дары, өр батырларымыз Исатай-Махамбет ескерткішінің бой көтермеуі – облыс жұртшылығына да, оның бас­шылығына да үлкен сын.

Былтыр ғана М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің алдындағы Миша Гавриловтың ескерткішін алып тастағанда, орнына Исатай мен Махамбет ескерткішін қояды деп ойлағанбыз. Себебі, қоғамдық ұйымдар, зиялы және өнер адамдары, т.б. өз есімі берілген жоғары оқу орны алдына Исатай - Махамбет батырдың ескерткішін қою туралы ұсыныстарын көп жылдар бойы айтып, әкімдік пен депутаттарға хаттар жазып келеді.

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Орал қаласының қақ төрінде, Құрманғазы мен Дина көшелерінің қиылысындағы демалыс бағына күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаға сәулетті ескерткіш қойылған болатын.

Пушкинге ескерткіш қойған Орал Махамбетке бюст те орнатқан жоқ


2 жылдан кейін 66,9 млн. теңге қаражатқа салынған, биіктігі 5 метр болатын композициялық ескерткішті БҚМУ-дың алдына әкеліп орнатыпты. Сонда деймін-ау, ескерткіштің тұрған жерінен су шықты ма? Достық даңғылына және жоғары оқу орнына екі күйшінің қатысы қанша? Өз тұрған жері өте қолайлы еді. Кезінде сол ескерткіш ашылғанда тұрған жері керемет, орталық көшеге есімдері берілген екі көшенің қиылысы деп мақтап жазып еді. Енді бұл жерге асығыс-үсігіс аяқ астынан алып келуге не себеп болды? Қомақты қаржыға салынған ескерткішті үлкен техникамен ауыстырып-көшіргенде бүлінген жерлеріне азын-шоғын өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Өз есімімен аталатын жоғары оқу орнының дәл қарсы бетіндегі демалыс бағына неге Исатай мен Махамбет ескерткішін орнатпасқа?!

Облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны - БҚМУ-дың маңы қос батырға ескерткіш орнатуға өте қолайлы және тәрбиелік маңызға ие. Өйткені, көптеген оқу орындарының, студенттер жатақханаларының, мемлекеттік мекемелердің тоғысқан жері және 1 мамыр мен 9 мамыр т.б. жалпыхалықтық мереке кезіндегі шерулер осы жерден өтеді. Сол себепті бұл жерге жастар да, студенттер де, үлкендер де және қонақтар да жиі келеді.

Исатай мен Махамбеттей қос батырдың тұлғасы Орал қаласының төрінде, қасиетті қара шаңырақ алдында асқақтап тұрса, барша адамға рух, күш-жігер беріп тұратыны хақ.

Ендеше, аталмыш оқу орны алдына Исатай-Махамбет ескерткішін орнатуға кім кедергі немесе не кедергі болды? Оқу орнына 2003 жылы 30 мамырда ҚР Үкіметінің қаулысымен М.Өтемісов есімі берілгенді. Содан бері 15 жыл өтсе де, қасиетті қара шаңырақ алдында Исатай -Махамбет батырдың ескерткішін салмақ түгілі, Махамбет батырдың бюстін орната алмай отырғаны өкінішті.



Керісінше, жоғары оқу орнының есімі өзгертілсе де А.Пушкиннің бюсті әлі күнге дейін тұр және сол маңайда А.Пушкиннің ескерткіші тағы орнатылған. Неге Пушкиннің орнына өршіл ақын Махамбеттің бюстін салмады. Кезінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың алдында Жәңгір ханның ескерткіші сол оқу орнына есімі берілген кезде дереу орнатылып еді. Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде облыс пен қаламызды басқарған әкімдер мен мәслихат депутаттары Иса­тай мен Махамбеттің аруа­қтарына қиянат­шыл­дық жасап келгендерін қалайша түсінеміз?! Халыққа мүлде таныс емес адамдарға бюст, ескерткіш ашқанда, Исатай-Махамбет батырға арнап ескерткіш орнатуға жергілікті бюджеттің қаржысы бітіп қалған ба, әлде халықтың рухы көтеріледі деп сескенгендері ме?! Исатай мен Махамбет біздің өлкеміздің ғана емес, бүкіл Қазақ халқының айбынды символы емес пе?! Бұл жазғаным жеке ғана ойым емес, қала тұрғындарының ұсыныс-талаптары. Жергілікті әкімдер мен депутаттар жазғанымыздан қорытынды шығарады деп ойлаймыз және жауаптарын күтеміз.

Талғат Қатауов
қоғам белсендісі
Орал қаласы

Abai.kz
Просмотров материала: 2 412

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 530 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 201 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 697 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 733 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 110 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 367 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 398 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 364 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 437 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 626 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 843 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 378 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 580 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 259 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 343 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 820 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 793 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 151 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 225 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 164 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 384 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 535 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31