20 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МИРЗОЯН ЕСКЕРТКІШІН АЛЫП ТАСТАУҒА АРМЯН ДИАСПОРАСЫ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ

МИРЗОЯН ЕСКЕРТКІШІН АЛЫП ТАСТАУҒА АРМЯН ДИАСПОРАСЫ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ Ақтөбеліктер Левон Мирзоянның ескерткішін алып тастауды талап етуде. Талай қазақтың өліміне себепші болған адамды ұлықтаудың қажеті жоқ деп санайды жұрт. Бірақ мұнымен армян диаспорасының өкілдері келіспейді. Армяндар Мирзоянның күнәсі әлі анықталмады деген пікірде. Десе де мемлекеттік инспекторлар қаланың қақ ортасындағы көктастың заңсыз орнатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлады.

Қазір Ақтөбенің қақ ортасындағы бұл көктасты жоқ қылуды қалайтындар көп. Әсіресе, қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының жанын жегідей жеп жүр. Өйткені, Қазақстанды 30-шы жылдардың аяғында басқарған Левон Мирзоянның кесірінен мыңдаған адамның жазықсыз атылғаны құжаттармен айғақталды. «Қызыл террорды» ұйымдастыруға белсене атсалысқан адамды ұлықтауға негіз жоқ екенін айтады.

Бақытжан Құрманов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бұл қазақ халқын бір қолымен басынан сипап, екінші қолымен қанды қолымен қазақтың талай белсенділерін, талай аталарымызды қырғаны белгілі болып тұр. Неге соларды қырған адамға қаланың қақ ортасынан ескерткіш қояды? Неге оған көше беріледі? Біздер осы биліктен заңды тұрде осы ескерткішті алуын талап етеміз. Сұрамаймыз, талап етеміз.

Левон Мирзоянға арналған ескерткіш осыдан тура 20 жыл бұрын қаланың қақ ортасына орнатылды. Оны көк тастан қашатып, кетер қаражатын барлығын жергілікті кәсіпкер Третерян өз мойнына алған екен. Ол меценаттығы туралы ескерткіштің төменгі бөлігіне жаздырып та қойған.

Дәл осы ескерткішті сүріп тастауға армян диаспорасындағылар қарсы. Тіпті Мирзоянның күнәсін кешу керек дегенді айтады.

Арутюн Микаелян, Ақтөбе облыстық армян диаспорасы ақсақалдар алқасының төрағасы:

- Біз көше аты мен ескерткіш бұрынғы қалпында қалу керек деп есептейміз. Себебі, бейкүнә адам болмайды. Күнәсі болса, істеген жақсылығымен де таразылап көру керек.

Ең қызығы, 20 жыл бойы қаланың қақ ортасында тұрған бұл ескерткіш еш жерде тіркеуде жоқ. Мамандар оның заңсыз орнатылғанын енді айтып отыр.

Фархад Досмұратов, Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы:

- Ақтөбе облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер мемлекеттік тізімі деген бар. Бұл ескерткіш белгі сол тізімде жоқ. Сондықтан да оны алып тастауға болады.

Ақтөбеліктер большевиктің атындағы көше атауын да өзгертуді бірнеше жыл бойы биліктен сұрап келеді. Әзірге қалалық мәслихат депутаттары ғана Мирзоян көшесін Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға беруге шешім шығарды. Бірақ облыстағы әріптестері мен ономастикалық комиссиядан хабар болмай отыр.
Просмотров материала: 2 402

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 172 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 809 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 299 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 361 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 724 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 920 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 976 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 283 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 990 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 174 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 669 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 702 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 459 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 318 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 050 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 556 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 263 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 664 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 478 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 342 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 177 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 036 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 257 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 092 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 327 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 706 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 076 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 145 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 294 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 450 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930