22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Биліктің мазағынан шаршадық", - Қарағандыда 20 жылдан астам ауыз сусыз отырған отбасылар

"Биліктің мазағынан шаршадық", - Қарағандыда 20 жылдан астам ауыз сусыз отырған отбасылар
Қарағандыда 20 жылдан астам ауыз сусыз отырған 120-ға тарта отбасы жергілікті биліктің мазағынан шаршадық деп отыр. Ширек ғасырда есін жиған шенеуніктер былтыр осы баспаналарға бюджеттің 183 миллион теңгесін бөліп, жаңа құбыр салып берген. Бірақ содан бері жыл өтсе де жұрт тамшы су көрмедік деп ашынады. Ал атқамінерлер құбырды салуын салғанымен, оған қызмет көрсететін компания іздеп сабылып жүріп қалғандарын алға тартып ақталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қала іргесіндегі 4 көшенің тұрғындары жаңбыр жауса балаша қуанады. Өйткені бір тамшы тіршілік нәріне зәру жұрт кір қоңымызды осылай жуып аламыз дейді. Сондықтан күн бұлттанса болды бос ыдыстарын жауын суына толтырып алуға асығады екен.

Айман Дегенова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Шелегімізді қолымызға алып, әлгі африканың халқы құсап жаңбырдың суын жинаймыз. Енді не істейміз, тасып ішеміз. Бөлінген ақшаны іске асырдық, игердік деп есеп беріп жатады. Осынша ақша халыққа су беруге игерілді дегенімен, оның мына халық игілігін көріп отырған жоқ қой. Үйімізде су болса осыншама халық жиналамыз ба?

Осы аумақты жұрттың көбі ауыз суды сырттан тасып ішеді. Шамасы келмегендері жақын маңдағы құдығы бар үйлерді жағалап кетеді екен. Бірақ, жер астынан шығып жатқан тіршілік нәрін тұтынуға тазалық дәрігерлері тиым салған.

Мейрамгүл Тойғанбаева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Сонда санепидемстанцияны шақыртқамыз. Оны ішуге болмайды деген. Ал соны бізге ішкізіп отыр. Сонда олардың жоғарғы жаққа үкімі жүрмей ма? Сонда керек қылмай отыр да, қара халықты керек қылмай отыр. Үш балам пелонефрит, өз тісім де түгел быт шыт болды.

20 жылдан аса ауыз судың азабын тартқан елдің зары биліктің құлағына 3 жыл бұрын ақыры жеткен. 40 шықырым жердегі орталық магистральге құбыр тартудың құрлысы 2016 жылы басталып, былтыр аяқталыпты. Бірақ бөрігін аспанға атқан елдің күткені болмады. Арада жыл өтсе де, 183 миллион теңгелік жаңа құбырдан тамшы да тамбапты. Биліктегілер құбырды алғашында Теміртауға су беретін «Оқжетпес» ЖШС алуы керек болатын дейді.

Нұрлан Әбжанов, Қарағанды қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

-Оқжетпес компаниясы құбыр Теміртаудан алыс орналасқанын айтып, оны балансқа алудан бас тартты. Содан соң, біз құбырды «Қарағанды су» компаниясына ұсындық. Олар техникалық құжаттар мен құбырдың орналасуынан олқылықтарын анықтады. Сол кем кетіктерді түзеп, техникалық құжатарды реттегенше біраз уақыт өткізіп алдық.

Сыныққа сан сылтау табатын билік өкілдері құбырды іске қосуда кешеуілдеп қалғандарын жасырмайды. Қомақты қаражатты жерге көмбей тұрып құбырға қызмет көрсететін компания таппағандарын да түсіндіре алған жоқ.

- Шенеуніктер құбырды айдың аяғына дейін «Қарағанды Судың» балансына береміз деп отыр. Одан кейін жылжымайтын мүлікті әділет басқармасына тіркеуге қоятыны тағы бар екен. Айтуыларынша, сонымен іс бітеді. Осылайша күздің басында, қала іргесінде қаталаған 600-ден аса адам қара суды қасықтап ішуін қояды деп отыр.
Просмотров материала: 1 775

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 168 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 000 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 641 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 666 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 973 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 901 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 048 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930