28 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады

03 август 2018, 10:53
Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады. Олардың мәліметінше, еркін өзгермелі айырбастау бағамының саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылардың мәліметінше, теңге бағамының ұзақ мерзімді үрдісіне іргелі факторлар әсер етеді, оларға негізінен мұнай бағасы, негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары, сондай-ақ, төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер жатады.

"Соңғы уақытта Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) монетарлық саясатының қатаңдауы аясында портфельдік инвестициялардың әкетілуіне байланысты көптеген дамушы нарықтардың ұлттық валюталарының әлсіреуі байқалады, бұл тұрғыдан Қазақстан ерекшеленген жоқ. Сонымен бірге бағалардың нарықтық конъюнктурасы және экономика өсуінің оң қарқындары теңгеге қолдау көрсетті және қалған факторлардың әлсіреуші әсерін жұмсартты, бұл теңге бағамының АҚШ долларына қатысты салыстырмалы түрде алғанда шамалы әлсіреуінде көрінді", - деді Ұлттық банк өкілдері.


Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады


Сондай-ақ, еркін өзгермелі айырбастау бағамының қолданыстағы саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік беретіні айтылады.

"Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді. Қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығында Ұлттық Банктің ноттарын ұстаушы бейрезиденттер көлемінің және айырбастау бағамының кері тәуелділігі байқалады", - дейді банктегілер.




Наурызда байқалған ұстаушы бейрезиденттердің ең көп көлемі - 453,9 миллиард теңге (баламасы 1,43 миллиард теңге АҚШ доллары) 2018 жылы ұлттық валютаның нығаю шыңына (наурыздың соңындағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 318,31 теңге) сәйкес келеді. Мамырдан бастап ұстаушы бейрезиденттердің үлесі дамушы нарықтардан портфельдік инвестициялар ағынының жалпы үрдісі және ФРЖ монетарлық саясатын қатаңдату бойынша кейінгі күтулер аясында төмендей бастады.

2018 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша, ұстаушы бейрезиденттердің көлемі 158,5 миллиард теңге (баламасы 0,45 миллиард АҚШ доллары) болды, соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 миллион, АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты (шығу сәтіндегі теңге бағамының мәндерін ескере отырып), бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ.

Резиденттердің экспорттық кірістерінің өсуімен байланысты сауда балансындағы едәуір оң жағдайға қарамастан, Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты шетелдік инвесторлардың кірістерді шығаруынан теріс болып қалуда. 2017 жылы бейрезиденттерге кірістер төлемдері 19 миллиард АҚШ долларына жуық болды.



"АҚШ монетарлық саясатына келетін болсақ, ФРЖ сәрсенбідегі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Ашық нарықтар жөніндегі комитет ілеспе түсініктемелерінде экономикалық белсенділіктің үдемелі өсу қарқындары, жұмыссыздықтың төмен деңгейде сақталуы және үй шаруашылықтары мен бизнестің негізгі капиталға үдемелі шығыстары (инвестициялар) туралы белгі берді. ФРЖ экономика мен инфляцияның қалыпты өсу қарқындарын сақтау үшін өзінің индикативтік мөлшерлемесін одан әрі біртіндеп арттыруды қайталап көрсетті, сол арқылы осы жылғы үшінші рет қыркүйектегі қатаңдатуға негіз дайындады.

Нарық күтулеріне сәйкес, қыркүйекте мөлшерлеменің өсу ықтималдылығы 92 пайыз, ал желтоқсанда қайтадан өсу ықтималдылығы 73 пайыз болды. ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі аясында көптеген инвесторлар барынша тәуекелді активтерден, атап айтқанда дамушы нарықтардан басымдықтарын АҚШ қазынашылық облигацияларына өзгертуде", - деді Ұлттық банк өкілдері.
Просмотров материала: 2 160

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 833 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 456 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 950 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 008 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 372 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 740 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 802 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 103 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 717 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 988 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 622 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 431 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 862 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 528 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 226 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 623 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 439 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 313 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 999 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 321 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 224 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 630 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 297 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 677 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 053 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 991 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 111 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 262 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 412 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031