18 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақшаны қай валютада ұстаған тиімді? - Ұлттық банк

01 февраль 2018, 10:56
Ұлттық Банк халық үшін түрлі қаржы құралдарының 2017 жылғы номиналды кірістілігі бойынша ұлттық валюта баламасындағы салыстырмалы түрдегі есебін жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, есеп қорытындысын шығару барысында жеке тұлғалардың қазақстандық банктердегі түрлі валютамен - теңгемен, Ресей рублімен (Қазақстан Республикасындағы банктердегі де, Ресей Федерациясындағы банктердегі де), АҚШ долларымен және еуромен банктік салымдары, қолма-қол доллардың, еуроның, Ресей рублінің және қолма-қол теңгенің сақталуы, сондай-ақ алтынға инвестициялау тәсілдері таңдап алынды.

Еуроға салынған салымдар

2017 жылы ең көп кірісті бағам айырмасына байланысты еуроға салынған салымдар әкелді. Еуроаймақтағы жағымды өзгерістер нәтижесінде (экономиканың өсу қарқынының жылдамдауы, инфляцияның төмен деңгейінің сақталуы, Еуроаймақтың бірқатар елдерінде саяси тәуекелдердің төмендеуі) 2017 жылы еуро долларға қатысты 12,3%-ға нығайды. Соның нәтижесінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген салымдар бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемесін есептегенде еуромен мерзімді депозиттер бойынша кіріс 15,3%1 болды, ал қолма-қол еуромен жинақ ақшаны сақтау 13%-ға (2017 жылы еуроның теңге қатысты нығаюы) тең болатын кіріс әкелді.

Теңгемен депозиттерге салынған салымдар

Еуромен салынған депозиттермен салыстырғанда теңгемен салынған депозиттер де жыл ішінде 14,9% мөлшердегі кірісті қамтамасыз ете отырып, кіріс әкелді (есептеу кезінде жеке тұлғалардың ұлттық валютамен салынған депозиттері бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынған ең жоғары мөлшерлеме пайдаланылды, ол 2016 жылғы 1 ақпанда 14% болды).

Ресей рублімен салынған салымдар

Кіріс бойынша келесі орында рубльмен салынған депозиттер болды. 2017 жылы Ресей рублі теңгемен салыстырғанда көбінесе Ресейдегі инфляция деңгейінің неғұрлым төмен болуы, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесімен салыстырғанда Ресей Орталық банкінің негізгі пайыздық мөлшерлемесінің нақты көрсеткіш бойынша неғұрлым жоғары болуы нәтижесінде 6,3%-ға нығайды. Осылайша, ақшаны Ресейдің және Қазақстанның банктеріндегі рубльмен салынған салымдарға орналастырған кезде кірістілік Ресей банктеріндегі жылдық салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлеме және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген салымдар бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі негізінде тиісінше, 13,4% және 8,3% болды. Көрсетілген кезде жинақ ақшаны қолма- қол Ресей рублімен сақтаған кезде өткен жылы 6,3%-ға тең кіріс алуға болатын еді.

Алтынға салынған салымдар

Алтынға салынған салымдар алтын бағасының 13,1%-ға өсуі және теңгенің АҚШ долларына 0,3%-ға нығаюы нәтижесінде 12,8% мөлшерінде кірістілік әкелді. 2017 жылы дүниежүзінде алтынның ірі сатып алушысы ретінде Қытай, алтынды санкциялардың теріс әсерінен қорғау құралы ретінде пайдаланатын Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдері және Латын Америкасының кейбір елдері тарапынан үдемелі сұраныс алтын бағасының өсуінің негізгі факторы болды.

АҚШ долларына салынған салымдар

2017 жылы теңгенің АҚШ долларына 0,3%-ға нығаюы аясында осы валютаға салынған салымдар инвестициялаудың ең нашар нұсқасы болды. Осы жерде және бұдан әрі номиналды кірістің теңгемен баламасы көрсетіледі, мерзімді доллар салымдары бойынша кіріс 1,7% болды, ал қолма-қол АҚШ долларын сақтау 0,3% мөлшерде теріс кіріс әкелді. Жылдық инфляцияның деңгейін ескере отырып, 2017 жылы 7,1% болатын қолма-қол теңгеге, Ресей рубліне, АҚШ долларына салынған салымдар нақты кірістілік бойынша теріс көрсеткіштер әкелді.
Просмотров материала: 3 625

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 583 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 415 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 166 041 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 166 084 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 370 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 830 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 971 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 187 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 115 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 283 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 038 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 712 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 283 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 136 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 955 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 137 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 236 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 904 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 285 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 012 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 019 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 855 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 693 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 955 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 900 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 410 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 868 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 732 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 996 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 327 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 743 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 704 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 748 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 704 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 925 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 073 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930