10 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Салафизмді түбегейлі жеңудің жолдары

Салафизм – Қазақстан мемлекеті үшін таптаурын тақырып болғанымен, әлі өзектілігін жоймаған шетін мәселе. Екі мыңыншы жылдардан бергі содырлар салған қанды-қасап қаралы шежірені қаперге алсақ, салафизмнің қоғам үшін аса қауіпті діни идеология екеніне көз жеткіземіз.

Салафизм өкілдері дәйім ауызға алатын «бидға», «ширк», «кафир», «тағут» терминдеріне қазір қас мамандар түгілі былайғы жұрттың да құлағы үйрене бастады. Бұл қауіпті тенденция!

Себебі, оған көз бен құлақ үйренісе бастаса, бірте-бірте қоғам салафизмнің қас-қабағына қарай бастауы бек мүмкін.

Сондай-ақ, әбден тісқаққан кексе салафилерді былай қойғанда, олардың отбасында тәрбиеленген жаңа буынын бой көрсете бастауы, аталмыш мәселенің әзірше һәм тақау арада күн тәртібінен түспейтенін аңғартады. Ендеше, салафизм дертінен құлан-таза айығу үшін не істеуіміз қажет?

Біріншіден, өсіп келе жатқан жас буынның тәрбиесін бір сәтте көзден таса қылмауымыз керек деп ойлаймын.

Ол үшін ата-аналар мен тәлімгерлер балаларының кімдермен араласатынын, ортасы қандай екенін, қандай мәліметтермен сусындайтынын, оларды не нәрсе толғандыратынын әрдайым бақылап отыруы қажет.

Самарқаулыққа жол берілсе, оның соңы орны толмас қасіретке әкеліп соғады. Оған талай мәрте куә болдық. Әсіресе, ғаламторға телмірген жас буынды қандай мәліметтер қызықтыратынын қадағалаған жөн. Келешегіміз жарқын болсын дейтін болсақ, ұрпағымыздың тәлім-тәрбиесіне немқұрайлы қарамағанымыз абзал.

Екіншіден, жасөспірімдер мен жастардың теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін, олардың діни және қоғамдық танымын дұрыс һәм оң бағытта қалыптастыратын баламалы қайнар көздерді ұсыну қажет.

Ол үшін мектептердегі үйірмелердің тәлімдік функиясын күшейтіп, одан тыс мешіттердегі сауат ашу курстарында тәрбиелік мәні бар дәрістерді енгізуіміз қажет. Тек тиым салумен жас буынды заман сұранысына сай өскелең ұрпақ етіп тәрбиелей алмаймыз. Баланың қажеттілігін балама жолдар арқылы өтеген дұрыс.

Үшіншіден, салафизмге қарсы жаңа әлеуметтік институттарды қалыптастыруымыз шарт.

Ауылдан қалаға оқуға немесе жұмыс істеуге келген жастардың жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін ұлттық және дәстүрлі діни құндылықтарымызбен баулитын орталықтар мен интернаттар (қайырымдылық мекемесі) құруымыз қажет. Жалпы, біз Қазақ халқының имандылыққа негізделген қала мәдениетін әлі қалыптастыра алмай келеміз.

Ауылдан жап-жақсы болып келген жас буын қалаға келіп жат ағымдардың жетегіне ереді немесе қылмыстық топтарға ұрынып жатады. Оның басты себебі, жастарды ауылдағыдай тәрбиелейтін қалада қазақы рухтағы институттар жоқтың қасы. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақ халқының имандылыққа негізделген қала мәдениетінің негіздерін жасауымыз шарт.

Төртіншіден, ХХІ ғасыр жаһандану дәуірі болғандықтан, ақпарат алмасу жиілігі қоғамда жоғары деңгейде дамуда. Оның оң тұстарымен қатар теріс әсерлерінің көбірек екенін байқау да қиын емес. Ғаламтордағы ақпараттарды қауіпсіз ету үшін кибер-қалқан құрып, теріс мәліметтер тарататын сайттар мен аккаунттарды дер кезінде бұғаттап отыруымыз керек.

Әсіресе, бүлікке бастар теріс діни идеологияны насихаттайтын сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды қатаң бақылауға алған жөн. Одан тыс шетелдерден Қазақстан жастарына бағытталатын теріс уағыз-насихаттардың алдын алу үшін кибер-қалқан құру шарт.

Бесіншіден, біз қоғамда кең етек алған заңсыз миссионерлікке қатаң тиым салуымыз керек. Діни уағыз-насихаттың тек заңда қарастырылған культтік орындарда ғана айтылуына рұқсат беріп, одан тыс жасырын пәтерлер мен офистерде және т.б. орындарда діни насихаттың жүргізілуіне ада-күде тиым салу қажет.

Жалпы, бұл мәселе жайында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде құқықтық нормалар қарастырылғанымен, салафизм өкілдері әлі күнге дейін жария және жасырын түрде өз идеологияларын насихаттауда. Оған түпкілікті тоқтам жасағанымыз жоқ.

Демек, қадағалауды және заң бұзушылыққа қарсы айыппұл мөлшерін арттырып, өзге де санкция түрлерін қатайтқанымыз жөн.

Алтыншыдан, салафизмнің қаржы көздерін анықтап, мейлі ол қандай жолдармен қаржыландырылса да оған бұғаттау шараларын жүргізгеніміз абзал. Теріс діни идеологияның қоғамда белсенді күшке айналуына жол бермес үшін оларға шетелдерден бөлінетін қаржы аударымдары мен коммерциялық іс-әрекетттің жолын кесу керек.

Сондай-ақ, діни экстремизмді қаржыландыратын қандай бір индивид немесе заңды тұлға болсын, оларды қатаң жауапкершілікке тарту қажет. Әсілі, базбір салафилік топтарды олар машықтанған кәсіп көздері есіртіп отырғаны бізге аян. Олай болса, олар монополияға айналдырған кәсіптерге мемлекет бәсекелестікті күшейткен дұрыс.

Жетіншіден, Қазақстан қоғамында әһлу-сунна бағытында сапалы діни білім беру шараларын қолға алып, халықтың діни танымының көкжиегін арттыра түсуіміз керек.

Ол үшін Қазақстандағы исламдық оқу орындарының және мешіттердегі сауат ашу курстарының сапасын көтеруіміз шарт.

Сондай-ақ, отандық медресе-колледждер мен ЖОО-ғы білім беру үрдісін шетелдік оқу орындарының озық әдістемелерін қолданып, оқытушылардың ғылыми әлеуетін көтеру керекпіз. Әсіресе, діни экстремизімнің алдын алу мен оңалту ісін жүргізетін кадрларды әзірлеуге көбірек маңыз бергеніміз жөн.

Түйін: Діни экстремизім жегіқұртын жеңу үшін сан түрлі айла мен әдіске жүгінгеніміз хақ. Десе де, ең бастысы салафизм дертіне қоғам бой үйретпесі үшін аталмыш діни идеологияның дәстүрлі діни танымымызға һәм қазақ мәдениетіне кері әсер ететін тұстарын әрдайым халыққа жеткізіп отыруымыз керек. Сонымен қатар, салафизммен күресте енжарлыққа ұрынбай, ұдайы мобилизациялық әдіс-тәсілдерімен тегеурінді күресуіміз қажет.

Ернат Қыдырмоллаев, ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры
Просмотров материала: 1 503

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 160 990 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 160 811 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 447 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 485 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 160 778 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 462 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 805 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 627 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 804 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 605 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 461 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 119 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 979 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 811 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 970 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 095 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 757 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 133 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 861 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 869 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 711 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 550 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 810 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 755 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 266 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 702 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 584 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 851 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 178 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 584 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 564 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 603 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 551 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 786 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 930 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031