22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Құрбан айтта қазақстандықтар қалай демалады?

16 июль 2018, 14:04
Құрбан айтта қазақстандықтар қалай демалады? Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы 3 күн тойланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Араб тілінен аударғанда, құрбан сөзі «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды.


Құрбан айт тарихы

Ислам тарихында құрбандыққа шалынған ең алғашқы мал жұмақтан түскен аспан түстес көк қошқар болды. Бірақ әуел баста бұл күні Ибраһим пайғамбардың баласы құрбандыққа шалына жаздаған.

Ұзақ жылдар бойы бір перзентке зар болып, Алладан бала сұраған Ибраһим Пайғамбардың тілегін қабыл еткен Құдай оған қартайған шағында бір ұл сыйлаған екен. Күндердің күнінде Ибраһим түс көріп, түсінде сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалу керек деген аян түседі. Құранда жазылғандай, Пайғамбарлардың түсі – Алланың бұйрығына тең және күмәнсіз дүние.

Алладан аян түскен соң, Жасағанның жаса дегеніне қарсы шыға алмай, Ибраһим Пайғамбар ұлын ертіп, қазір Мекке қаласы тұрған алаңға барады. Алла Тағалаға адалдық танытып, оның бұйырғанын екі етпеген ол қолына пышақ алып, ұлының мойнына тақай бергенде, Алла періштесін жіберіп, оны тоқтатқан екен.

Алла сенімінен таймай, сынаққа шыдаған Ибраһим Пайғамбарды жарылқап, аспаннан көк қошқар түсіреді де, бала Исмаилдың өмірін сақтап қалған. Міне, содан бері иісі мұсылман Құрбан айтта мал бауыздап, Аллаға бір табан жақындауды ниет етіп келеді.


Жылдың ең қадірлі күні — Құрбан айттың алғашқы күні

Қасиетті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан басқа абзал амал арқылы Алла Тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүнімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып, Алла Тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандық шалыңдар» деген.

Хадистер де жылдың ең қадірлі күні Құрбан айттың бірінші күні екені айтылған. Яки, бұл күн Алла Тағала бауыздалған малдың қанына зәру емес екенін, керісінше, пенде құрбандық шалу арқылы Аллаға зәру екенін, Аллаға жақындап, жұмақтан дәмелі екенін көрсетеді.


Құрбандыққа қой ғана сойыла ма?

Алла Тағала Ибраһим Пайғамбарға көк қошқар түсіргенімен, Құрбан айтта қойдан басқа да жануарды құрбандыққа шалуға рұқсат берілген. Бірақ кез келген төрт аяқты бауыздауға жарай бермейді. Шариғаттың талабына сай, жылқы малы құрбандыққа шалынбайды. Құрбандыққа еркек-ұрғашысына қарамай, қой, ешкі, түйе, сиыр сойылады.

Құрбан айтта сойылатын ешкі мен қой ең кемі бір жасар болуы шарт. Дегенмен, алты айлық төл ірі қойдай семіз болса, бауыздауға болады. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе ең кемі бес жаста болуы шарт.

Құрбандыққа шалынатын малдың дені сау, он екі мүшесі түгел болуы керек. Көзі соқыр, бауыздалатын жерге ақсаңдамай, өздігінен жүріп бара алмайтын, құлақтарының ұшы жоқ, мүйізі түсіп қалған, тісі толық немесе жартылай жоқ ауру, асау мал жарамайды.

Қой мен ешкіні бір ғана адам құрбан ете алса, түйе немесе сиырды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп соя алады. Бірақ, айтып өткеніміздей, осы адамдардың арасында бір адам құрбандықты тек ет алу үшін шалып жатса, қалған адамдардың да ниеті қабыл болмайды.


Қан шығарып, бет сыйпау жеткіліксіз

Шариғатқа сай 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, қамауда отырмаған, ақыл-есі дұрыс жол жүріп жүрмеген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Дегенмен құрбандық шалу мал сойып, қан шығарумен ғана шектелмейді. Бұл күні адамның ниеті дұрыс, тәубесі түгел, шүкірлігі де басым болу керек. Яғни ең бірінші – ниет, екінші – әрекет.

Сол әрекетке тоқталсақ, Құрбан айттың бірінші күні мұсылман адам ерте тұрып, ғұсыл алып, таза киімін киіп, хош иістеніп мешітте айт намазына барғаны абзал. Оразасын құрбан малдың етімен ашу үшін намазға нәр тартпай бару – ардақты Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың сүннеті.
Ал Құрбан айт күндері қасиетті Меккедегі қажылық аяқталады. Құрбан айттың бірінші күні таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға барады. Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады.

Ең есте ұстары, алғашқы құрбан мал тек Айт намазы біткеннен кейін ғана бауыздалады. Ертең құрбан айт басталады деп отырған күні сойылған мал құрбандыққа жатпайды.

Яғни құрбандыққа аталған мал Құрбан айттың бірінші күні айт намазы оқылып біткеннен бастап айттың үшінші күні ақшам намазына дейінгі аралықта бауыздалуы тиіс. Егер мал соятын жер жарық болса, түнде де құрбан шала беруге болады.

Құрбан айтқа арналып алынған мал белгілі себептермен сол күндері сойылмай қалса, малды садақа етіп беру керек.


Құрбан малдың етін қалай бөлген абзал?

Бай болсын, кедей болсын, құрбандыққа шалған малының етінен жеуіне рұқсат берілген. Жалпы, құрбан малдың етін үшке бөліп тарату жақсы амалға жатады. Еттің бір бөлігі туған-туыстары мен көршісіне, екінші бөлігі кедей және мұқтаж адамдарға таратылса, үшінші бөлігі өзінің отбасына қалады. Құрбандыққа шалынған малдың терісін, бас-сирағын, ішек-қарнын лақтырып тастауға болмайды. Көршісі бай болсын, кедей болсын, құрбандыққа шалынған малдың етін ең алдымен көршісіне апарып беру де – жақсы іс.

Ал мал сойып, құрбандық шала алмаған азаматтар жеті шелпек пісіріп, өлілер үшін құран оқытып, тірілер үшін дұға тілесе, бұл да – сауапты іс. Әсіресе араздасқан туыстар бір-бірінен кешірім сұрап, татуласса, ауырып жатқан туыстары бар адамдар сырқаттың көңілін сұрап, әдемі тілек білдірсе, Құрбан айтта құр отырмай, алақан жайып, Алладан тілек тілесе де – мол сауап.

Құрбан айтта неше күн демаламыз?

Қазақстанның Еңбек туралы заңына сәйкес 2005 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып келеді. Биыл ол 21 тамызға түсіп тұр. Яғни, сенбі, жексенбі (17,18 тамыз) демалыс күндерінен кейін дүйсенбі 20 тамыз бір күн жұмыс істеген қазақстандықтар 21 тамыз күні қайта демалады.

Бұдан бөлек, тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Биыл 30 тамыз бейсенбіге түсіп тұр. Бірақ 31 тамыздағы жұмыс күні сенбі, 25 тамызға ауыстырылып, қазақстандықтар қатарынан екі күн (30,31 тамыз) демалмақ.
Просмотров материала: 4 245

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 193 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 025 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 666 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 690 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 998 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930