12 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқушылар ҰБТ-дан көп балл жинау үшін бақсы-балгерге дұға оқытып жүр

11 июнь 2018, 15:29
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында бақсы-балгерлер «көмегіне» жүгіну дәстүрге айналған. Түлектердің бірі өз білімдеріне сенсе, дегбірі қашқан ендігі бірі – мешіт жағалап, тіпті кесенелерге түнеп жүр. Сынаққа екі аптадай уақыт қалғанда мұндай «жөн-жоралғылар» қаншалықты нәтиже береді? Тәуіпке сеніп, опық жегендер мен түлектердің санасын улап, жалған үміт сыйлаған көріпкелдер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сиқырға сенгендердің бірі – Серік. Жиырма жастағы жігіт екі жыл бұрын бақсының арбауына түсіп қалған. Алайда, 125 балл жинау үшін дұға оқып беремін деген тәуіптің уәдесі құр сөз болып шыққанын тым кеш түсінген. Емші-сымақтың айтқанын орындап, кесене аралап, біраз шығынға батқан.

«Басқа да оқушылар сияқты біз де құрбан шалдырдық, ҰБТ үшін деп. Түркістанға бардық, Қожа Ахмет Яссауи атамыздың басына, бақсы-балгерлерге бара бастадық. Мен де сол үйдегілер айтты осындай бір кісі бар, мақтап ол кісіні бақсы жолыңды ашады дегеннен кейін, біз де оқыттық. Кішкене ақшасын бердік . Ол кісі екі аптадай оқыды. Сосын су беріп, ҰБТ-ға кіргенде ішесің деді. Бірақ, пайдасын көре алмадық» – дейді студент Серік Шымат.

Серіктің басынан өткен жағдайды анықап білу үшін, эксперимент жасап көрдік. Көріпкел әжей алдымен қай пәнге жақсы екендігімізді сұрап алып, содан кейін ғана есепші боласың, деді. Тесттен де еш қиындықсыз өтесің деп сендірді. Ол үшін тілек жазу керектігін, әрі онда не қамтылу керек екенін былай деп түсіндірді.

“Экзаменге жақсы дайындалу үшін, тіпті үздік бағаға тапсыру үшін тесттен 140 балл алам деген тілек қабыл болады. Тек орамалды өзіңмен алып жүру керек”, – дейді балгер.

– Точно өтем ғой, иә? Орамал оқымаса неше алуым мүмкін?

– Кішкене төмен болады.

Шынында да, тест алдындағы дайындық, көзге көрінбейтін төңкеріс іспетті. Ал дұға ма әлде дуа ма, оған сенетіндер қоғамда баршылық екен.

«Менің замандастарым болды, арасында барып жүретін».

«Мен қазір 10 сыныпты бітірдім, естігенімше 11 сыныптар барған».

«Бақсы,балгерлердің айтқанына ешқашан сенбеймін мен. Сеніп те көрген жоқпын. Барған да емеспін. Өтірік ол».

«Дұрыс, сену керек. Осындай жағдайларда».

«Сену керек, сенсең бәрінен өтесің, главное уверенность дейді ғой».

Ал ғаламтор беттерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден оңай өтуге арналған “дұғалар” қаптап кеткен. Ал дін өкілдері мұндай дұғалардың барын түбегейлі жоққа шығарады. Керісінше, сынаққа жақсы дайындалып, одан кейінгісін бір Жаратушыға тапсыруға кеңес береді.

«Пайғамбарымыз с.ғ.с заманында ешқандай да ҰБТ деген болған жоқ. Сондықтан оған арнайы оқитын мынадай дұға бар екен, пайғамбарымыз ҰБТ-ға кірер кезде мына дұғаны оқыңдар деп айтқан сөзі бар екен деген ондай хадис жоқ. Алладан басқа ешкім жолды аша алмайды» – дейді «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.

Қалай десек те, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үлкен өмірге қадам басар алдындағы алғашқы сынақтардың бірі. Яғни, жауапкершілікті нақты сезінетін шақ.
Просмотров материала: 3 659

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 199 578 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 199 192 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 694 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 741 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 199 111 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 617 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 687 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 992 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 571 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 655 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 861 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 589 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 636 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 419 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 273 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 789 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 514 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 207 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 606 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 406 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 301 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 133 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 985 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 294 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 204 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 701 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 563 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 050 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 285 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 663 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 041 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 980 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 093 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 045 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 244 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 396 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031