24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мамандық таңдауда болашаққа бой созыңыз

Қазір еліміз көлемінде мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, өздерінің білімі мен біліктілігін сынауда. Бұл кез оқушылар мен олардың ата-анасы және оқытушылары үшін де аса жауапты әрі маңызды уақыт.



Ең қиын мамандық - адам болу
ХОСЕ МАРТИ



Енді аз күнде бұл науқанда аяқталып, әркім өзіне бір мамандық таңдары анық. Ал сол таңдаған мамандығы ертең өзінің қалауындай бола ма?-деген сұрақ кімді де болса мазалары белгілі. Себебі, дұрыс таңдалмаған мамандық, баянсыз көтерілген шаңырақтай адам өміріне үлкен соққы әкелуі мүмкін.

Әлемде 40 мың шамасында мамандықтың түрі бар болса, жылына 25 млн. адам жұмыс орнын ауыстырады екен. Демек, мамандық таңдау біз ойлағандай жеңіл-желпі дүние емес. Онда қайтпек керек? - әрине мүмкіндігінше дұрыс таңдау жасау керек.

Қазіргі сәтте түлектер психологиялық тұрғыда абыржу, жүрексіну, сенімсіздік, өзге біреуге еліктеу, шарасыздық факторларына шалдығады. Осы кезде көмек көрсетуге ата-анасы, оқытушылары, жалпы азаматтар дайын болғаны жөн.

Елімізде қазіргі таңда жоғары оқу орындарын таңдауда мынадай өлшемдерді негіз етіліп келеді: мамандығының бет-беделі, табыстылығы, оқу ақысы, айналадағы адамдарға әсері, ҰБТ жинаған баллы және өзінің бейімділігі мен қызығуы. Осылардың ішінде ең соңында ғана жүрек қалуы тұр. Ал қалғандары қоғамдық-экономикалық, психологиялық факторлар жетегі. Соның нәтижесінде түлектердің 15 пайызы ғана дұрыс таңдау жасай алады екен. Қалған басым көпшілігі кезінде көреміз деген “тәуекелмен” кете барады.

Қазақстанда шамамен 131 жоғары оқу орны бар. Саны жағынан әрбір миллион тұрғынға шаққанда Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты елдерді басып озып отыр. Мамандықтың кейбір түрлерінде талапкерлер аса шоғырланса, кейінде мүлде сирек. Ал еліміздің еңбек нарығы әртүрлі мамандықтарды талап етеді.

Мәселен, техникалық кәсіптік оқу орындарын бітірген мамандарға сұраныс жоғары дегендей. Экономикасы дамыған елдерде мектеп бітірушілердің 80 пайызға жуығы кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшы маман¬дығын игеруге ден қояды. Бұл жағдайды да ескергеніміз жөн.

Ғылым мен техника дамыған әрі жаңғыру, өзгеру үрдісі өте тез жүріп отырған бүгінгі күнде жас түлектер өздерінің таңдайтын мамандығына бүгінгі күннің емес, болашақтың көзімен қарағаны дұрыс. Себебі, адамзатты алдағы уақытта аса ұлы өзгерістер, бәсекелестік күтіп тұр.

Бүгінгі таңдаулы дүниелер, ертең қарапайым, көп заттың біріне айналуы ғажап емес. Бүкіл дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі президенті Клаус Швабтың Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс атты кітабында: “Төртінші өнеркәсіп революциясы бойынша, коммуникацияның цифрлық байланыс арналармен және бағдарламалық технологиямен қамтамасыз етілуі, қоғамды түбегейлі өзгертеді десек артық кетпейміз. Бұл өзгерістердің әсер ету ауқымы, трансформациялануы және жылдамдығы, адамзат тарихында болып өткен өнеркәсіптік революцияға қарағанда мүлдем басқаша тұрпатта жүріп жатыр”-деп атап көрсетті. Осы тұжырымның өзі-ақ біздің жастарымыздың алдағы өмірінің қандай күрделі әрі оған зор дайындықпен келудің қажеттілігін көрсетіп тұрғандай.

Қазіргі кезде зерттеушілер мен өнер¬тап¬қыштар – адам интеллектісі деңгейіндегі жа¬санды интеллектіні ойлап табуға талпынуда. Жасанды интеллект «ақылды» технологиялар за¬ма¬нын тудырды және ол тоқтаусыз әрі қарай дами береді. Бұл шындық және адамзаттың беталысы.

Адам баласында “кері оралу” болмайды, тек алға жылжу ғана болады. Болашақта “Ақылды” техникалар қандай салаларды иелеп, адамдарды “жұмыссыз” қалтыруы мүмкін және қандай мамандықтар адамдардың “өздерінде” қалады? Міне осыларды білуіміз керек.

Жоғарыда айтылған Клаус Швабтың “Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс” атты кітабында, әлемдік деңгейдегі 800 көш басшы ғалымдар мен бизнес өкілдерінің пікіріне негізделгенде адамдардың жұмыссыз қалатын салалардың ретін жоғарыдан төмен қарай орналастырсақ былай болады:
- көлік және жүктасымал,
- өндіріс,
- техникалық монтаж және ремонт,
- құрылыс және кен өндіру,
- жер игеру, орман және балық шаруашылығы,
- кеңсе және әкімшілік қызметтер,
- сату және оған қатысыты жұмыстар,
- қызмет көрсету,
- дәрігерлік және денсаулық сақтаудағы техникалық қызметтер,
- білім беру, заңнамалық, халыққа қызмет көрсету, өнер мен БАҚ,
- компьютерлік құрал-жабдық, техника мен ғылым,
- басқару, бизнес және қаржы

Ең алдымен робототехникалардың иелейтін саласы - көлік және жүктасымал саласы болмақ, оған жүргізушісіз көліктердің пайда болуы жеткілікті себеп. Одан соң өндіріс орындары, монтаж және ремонт, құрылыс, кен өндіріу мен байыту салалары біртіндеп адамдардың қолынан сусып шыға бермек. Бірақ, білім, өнер, шығармашылық, ғылым мен басқару салалары адамдардың еншісінде қалады. Оған жасанды интелектінің мүмкіндігі жетпейді.

Біз жоғарыда айтқан жасанды интелектінің “қолына өтетін” салаларда мүлде адам жұмыс істемейді деуден аулақпыз. Онда да адамдар жұмыс жасайды, мысалы, басқарушы, техникалық шеберлер, заңгерлер, кәсіпкерлер болып.

Бәсекелестік бұрын және қазіргі кезде адамдар арасында болса, таяу болашақта адамдармен “жасанды адамдар” арасында болғалы тұр. Ал ондай жасандылардың жүрегінде махаббат болмағандықтан олармен бәсеке кескілескен түрде болатындығы даусыз. Бірақ, Сіз саспаңыз, қорықпаңыз, тек соларды жасау мен басқарудың білімі мен ғылымын игеріңіз, шығармашылыққа жақын болыңыз, жеке кәсібіңізді ашыңыз.

Ал ата-аналар халқымыздың “Әке балаға сыншы”-деген даналығын басшылыққа алып, балаңыздың дара қасиетін, әуестігін бағалаңыз. Оның қандай мамандық оқуына немқұрайлы қарамаңыз. Оның біліміне “инвестиция” салудан қашпаңыз. Ол инвестиция мейлі қаржы, мейлі ақыл-кеңес, жылы жүрек, ізгі көмек болсын, бәрі де дағдарып жүрген ұл-қызыңыз үшін аса маңызды екенін ескеріңіз.

Қанша жұмыс басты болсаңызда, ұялы телефон мен ессіз фильмдерге бөлген алтын уақытыңызды ұрпағыңызға арнаңыз. Балаларыңыздың біліміне жұмсалған қаржының қартайғанда бейресми зейнетақы болып өзіңізге қайтарын ұмытпаңыз.

Сөз соңында мамандық таңдауда, бұдан тыс, тағы екі негізгі ұстанымды есте сақтаңыз. Бастысы, өзіңізді мамандыққа емес, мамандықты өзіңізге өлшем етіңіз немесе “Маған осы мамандық керек пе?” емес, “Мен осы мамандықтың үдесінен, талабынан шыға алам ба?”-деген сұрақты қойыңыз. Сонда жүрегіңіздің қалауын табасыз.

Екінші ұстаным - “Егер, мен осы мамандықты игергенде мемлекетіме не істеп бере аламын”- дегенді ойлаңыз. Себебі, түбі бәрімізде мемлекет үшін жұмыс істейміз. Мемлекеттің Сізді керексінуі - Сіздің болашағыңыздың жарқын болғандығы. Мемлекет - біздің отанымыз, анамыз, әкеміз, досымыз, үйіміз, күйіміз. Ол жақсы болса, біз де жаман болмаймыз. Елімізді сүйіп, еліміз үшін қызмет істейтін азаматтардан болайық. Баршаңызға сәттілік тілеймін.

Қастер Сарқытқан, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұстазы







Просмотров материала: 4 079

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 534 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 365 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 006 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 030 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 338 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 664 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 733 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 925 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 069 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 450 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 119 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930