26 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұстаздардың ұстазы!

14 май 2018, 6:30
Қайрулла Хамитұлы! Бұл есім - қаламыздағы өте танымал, әр жүрекке жылы тиетін есім. Ол - Ұстаз, ұстаздардың ҰСТАЗЫ! Бұл дәрежеге ол қалай жетті? Қиыншылығы мен қызығы қатар өрілген соқтықпалы, соқпақты еңбек жолының бастауы неде?

Қайрулла Хамитұлының қаншалықты дарынды, мейірімді, жүрегі кең жан екенін айтқан сөзінен, мейірім тұнған көздерінен байқауға болады.

Ол бала кезінен шыдамды, өзін – өзі тәрбиелей алатын, өз қателіктерінен өзі сабақ алып, еш қателігін қайталамай, дұрыс шешім қабылдай алатын қажырлы, тынымсыз жан болып өсті.

Қайрулла ағайдың бала кездегі басты арманы әртіс болу болғанымен, бұл тілегіне жету мүмкіндігі уысына түспеді. Оған өкінбейді де. Себебі басқа мамандық арқылы өмірден өз орнын таба білді.

1968 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институтты бітірді. Бұл қадамға жалындаған жасты оның анасы итермеледі, мұғалімдік қай кезде де аса құрметті, қадірлі мамандық болып есептелгендіктен болса керек.

Осылайша Қайрулла ағай тарихшы мамандығын игеріп, жас маман ретінде жұмысқа орналасты. Менің «Неге тарихшы мамандығын таңдадыңыз?» - деген сұрағыма бұл кісі:

«Менің бала кездегі ең жақсы көрген мұғалімім - тарих пәнінің мұғалімі Сәдуақас Бөкенов еді. Менің тарихшы болуымның басты себепкері - осы кісі. Өмірін бала тәрбиесіне арнаған бұл кісі 43 жыл ұстаздық етіп, оның ішінде 38 жыл мектеп директоры болып жұмыс атқарды. Бұл кісінің арқасында көптеген оқушылар түзеліп, тәрбиелі болып өсті»,- деп, өз ұстазын шәкірттік ризашылықпен есіне алды.

Қайрулла Хамитұлы саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнады. Ол ұстаздық мансабында қарапайым мектеп мұғалімінен мектеп директорлығына дейін көтеріліп, шәкірттердің де ұстазы, ұстаздардың да ұстазы бола білді.

Ардақты ұстаз ел ағасы ретінде күрделі мәселелерді шешу ісіне араласып, аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды, ауданымыздың, қаламыздың дамуына барынша қызмет етті.

Өзі басқарған Степняк қалалық №1 орта мектептің өсуі мен өркендеуі жолында аянбай тер төкті, бұл еңбектің арқасында туған мектебі аудандағы алдыңғы қатарлы, озық мектептердің бірі болып саналады.

Қайрулла Хамитұлының осындай еңбектерін ардақтаған елі оған 2015 жылы «Степняк қаласының құрметті азаматы» атағын берді. Қайрулла Хамитұлы - өте сергек адам, ол футбол, волейбол ойнағанды жақсы көреді, әр күні таңертең далаға шығып серуендейді, табиғат аясында жүруді ұнатады. Ол өзінің бұл әдетін хоббиім деп есептейді.

Қайрулла ағайдың қала тұрғыны ретінде азаматтық ұстанымы әрқашан белсенді - Степняк қаласын көркейту үшін демалатын орындар, саябақтар, спорт кешендері, балаларға балабақша, жас отбасыларға үйлер тұрғызылса, қаламыз көркейеді деген ойда.

Ал қазіргі жастар, өскелең ұрпақ туралы соңғы сауалыма бұл кісі былай деп жауап берді:

"Жастар, ең бастысы, өз ата-анасын, отбасын сыйлауы керек, білімге ұмтылуы қажет, сана-сезімі дұрыс болуы керек. Сонда сен өмірден дұрыс орныңды таба аласың".

«Жақсымен өткен бір күнің – жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» демекші, мен Қайрулла Хамитұлымен сұхбаттасқаныма, ол кісінің ақыл-кеңесін тыңдағаныма өте қуаныштымын. Бұл кісінің үлгілі өмірінен өзімнің болашағыма бағыт-бағдар, тәрбие алдым, аталық мейірімін сезіндім.

Құрметті менің замандастарым, жаһандану заманында интернет жетегінде кетпей, жан-жағымызға бір уақыт көз салайық, себебі дана халқымыз айтқандай, "жаныңда жүр жақсы адам"!

Ясін НҰРТАЗА
7-сынып оқушысы
Абай атындағы
№2 қазақ орта мектебі
Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
Степняк қаласы
Жетекшісі: Сәуле Сейдалина
Просмотров материала: 2 885

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 277 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 108 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 731 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 778 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 067 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 144 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 282 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 507 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 540 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 706 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 414 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 894 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 369 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 218 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 037 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 237 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 311 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 981 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 369 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 091 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 105 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 938 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 772 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 034 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 491 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 957 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 808 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 086 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 414 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 824 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 782 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 831 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 784 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 011 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 156 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031