23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытайда 9 ай мырзақамақта болған ҚР азаматы Үйсін Бабан елге оралды (БЕЙНЕ)

Қытайда еш себепсіз 9 ай мырзақамақта болған ҚР азаматы Үйсін Бабан ақыры елге келді. 24 маусым күні Алматы облысында орналасқан «Қорғас» шекара бекетінен Үйсінді күтіп алуға біз де бардық, деп хабарлайды abai.kz.

«Атажұрт жастары» еріктілер бірлестігінен Серікжан Біләшұлы, Қыдырәлі Оразұлы бастап, белгілі журналист, «Аkjunis.kz» сайтының бас редакторы Сәуле Әбілдаханқызы және «Abai.kz» ақпараттық порталының контент-редакторы, яғни осы жолдардың авторы Нұргелді Әбдіғаниұлы қостап, таңғы сағат 06:00 шамасында Алматыдан Жаркентке аттандық. 24-маусым 2018 жыл, түскі 12:00. Үйсін Бабан Құдай қолдап, Қазақстан аумағына өтті.



Қытай Үкіметі не үшін Үйсінді Қазақстанға қайтармады? Шекарадағы шырғалаңның күрмеуі қалай шешілді? Енді осылар жайлы егжей-тегжейлі жазайық.



Үйсін Бабан 1978 жылы 15 ақпанда ҚХР туған. Отбасы, үш баласы бар. Олар Қазақстан азаматтары.

2012 жылы Қазақстанға біржола көшіп келген. Қазақстанда ықтиярхатпен жүрген. 2017 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның азаматтығын алу туралы өтініш тапсырған. 2017 жылдың қыркүйек айында Қытайдағы анасы хәл үстінде жатыр деген хабар жеткесін, Қытайға барған. Шекара сызығын әрі асқан мезетте-ақ, Қытайдың қытымыр билігі Үйсіннің паспортын тартып алып, кері қайтармай қояды. Жоқ, Үйсін жұрт секілді саяси оқыту лагеріне, я болмаса темір торға тоғытылмаған. Тек туыстарының тұрғылықты жеріндегі үйде болған. Жүріп-тұруын шектеген. Яғни, мырзақамақта ұстаған. Міне, содан бері тұп-тура 9 ай өтті.

Үйсін Қытайда «қамауда» жүргенде оның азаматтығы шыққан


Үйсін Қытайда жүргенде оның Қазақстан азаматтығын алу туралы өтініші қанағаттандырылып, төлқұжаты әзір болған. Оны растайтын анықтама Үйсіннің жұбайы – Риза Кәуанның қолында.



Енді мына трагикомедиялық жағдайға назар аударайық, 2018 жылдың 20-маусымы. Үйсінді Қытай Үкіметі «Сен Қазақстан азаматысың» деп танып, қытайлық паспортын тартып алып, бір жапырақ қағазды қолына ұстатып, шекара асырып жіберген. Сөйтіп, сол күні Үйсін «Қорғасқа» келеді. Алайда «Қорғастың» қырағы шекарашылары Үйсінді бері өткізбейді. «Сен Қытай азаматысың» депті, себебін сұрағанда.

Үйсін Бабанға ҚР азаматтығын алу туралы №2642 анықтама 2017 жылдың 27-қыркүйегінде шыққан. Онда Алматы облыстық ІІД КҚҚБ бастығы Э.Нурсеитовтың есім-сойы екшеленіп көрсетілген.

Шекарашылар Үйсінді не үшін кері қайтарды?


Содан, Үйсіннің жұбайы Риза бізге болған жайды баяндап, көмек сұрады. Серікжан Біләшұлы, Өмірхан Алтын, Қыдырәлі Оразұлы, Сәуле Әбілдаханқызы, Абзал Құспан, Нұргелді Әбдіғаниұлы бастаған біраз азаматтар Үйсінге араша сұрап, дабыл қақтық.

Бұл ретте алғаш болып, шекарашылардың Үйсінді кері жібермек болғанан бізге жеткізген белгілі адвокат Абзал Құспанның заңгерлік көмегін айрықша айтқан абзал.

Содан 21-маусым күні «Abai.kz» ақпараттық порталында «9 ай дегенде әрең Қазақстанға өткен қандасымызды Шекара қызметі кері қайтарды» атты журналистік сауал жария болды. Сауалды Сәуле Әбілдаханқызы жазды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің бастығы, генерал-майор Д.А.Дильмановқа Үйсін Бабанның басына түскен жағдай жай-жапсарына дейін толық баяндалды. Әрине, хатта.

Осы жолдардың авторы, яғни мен Нұргелді Әбдіғаниұлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Тұрапов Қуанышқа хабарластым. Ұялы телефон арқылы Үйсіннің мәселесін сөз еттік. Тіпті, Оның азаматтығы шыққандығы туралы құжат көшірмесін, ол туралы видеоматериалдарды «ватсап» арқылы жолдадық. Үйсіннің үйіндегі жары тиісті құжаттарды шекараға жеткізгенше, Оны кері қайтармауды сұрадық. Тым құрығанда 1 тәулік ұстай тұруды өтіндік. Тұраповтан қайыр болмады. «Оны шекарада ұстай тұруға еш құқымыз жоқ. Ертең әкелем дегенше кеш болып кетеді. Бүгін жетуі керек. Әйтпесе, біз Үйсінді кері қайтарамыз» деп жауап қатты. Заңның нақты талаптарын түсіндіріп беруге Тұраповтың өзі қауқарсыз болып шықты. Оны өзі айтты. Сарыөзек пен Жаркент арасында жеңіл көлік қатынайды. Арақашықтық шамамен 250-300 шақырым жер. Риза шекараға келем дегенше кеш бататындықтан шекарашылар Үйсінді кері қайтарды. «Аш бәледен, қаш бәле» деді ме, әйтеуір сөйтті.

Риза Кәуан осыдан бірнеше уақыт бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінен араша сұрап, бейне үндеуін әлеуметтік желіге жариялаған. Ақыры Қазақстан тарапынан шақырту (виза) жіберіп, 9 ай дегенде әрең Қытай шекарасынан өткен Үйсінді Қазақстанның шекарашылары кері қайтарды.

Содан, Алманиядағы қандасымыз, «Abai.kz» порталының тұрақты авторы Өмірхан Алтын ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласып жатып, ақыры 24-маусым Үйсінді екі жақтың шекарашылары да Қазақстан аумағына кіргізді.

Айта кетейік, екінші мәрте өткенде Қытай билігі Үйсінге «Шетел азаматы» деген уақытша куәлік әзірлеп берген екен. Осылайша, Үйсін көш тарихындағы Қазақстан азаматтығын Қытайда жүріп алған алғашқы қазақ атанды.

Әуелде, Үйсінді күтіп алуға «Қорғасқа» қарай бет алғанымызды «Фейсбук» желісінде жариялаған едік. Біз алып-ұшып шекараға жетсек, жергілікті азаматтар да аталған жайдан құлағдар болып, Үйсінді қарсы алуға келіпті. Араға айлар салып, ақыры елге жеткен Үйсінді күтіп алуға қызы Әлия Үйсінқызы бізбен бірге барған. Әкелі-балалы екеудің шекара шетінде қауышқан сәті бәріміздің көңілімізді босатты.



Содан, Үйсінді алып Сарыөзекке қарай жолға шықтық. Кеш қарайған сәтте Үйсін өзінің отбасымен қауышты.

Айта кетейік, Үйсін Бабан Қытайға кетерге дейін жалдамалы малшы болған. Сөйтіп жүріп отбасын асыраған. Бастарында баспаналары жоқ. Пәтер жалдап тұрады. Әйелі Риза Сарыөзектегі асханалардың бірінде ыдыс-аяқ жуушы болып жұмыс жасайды.



«Футбол көрмеймін. Телевизорымыз жоқ»


Үйсіннің Қазақстанға жеткендегі алғыс сөзін жоғарыдағы бейнежазбадан көрген боларсыздар. Біз Үйсіннің ұлы Нұрболатты сөзге тарттық.

- Нұрболат, қанша жастасың?

- Күзде 10-ға келем, қазір тоғыздамын. Қытайда туғанмын.

- Нешінші сыныпта оқисың?

- 3-сыныпта оқимын.

- Сабақты жақсы оқисың ба? Оқу деген қиын емес пе?

- Жоқ, қиын емес, ағай. Сабағым жақсы.

- Қандай пәнді жақсы көресің?

- Математиканы жақсы көремін.

- Есепті жақсы шығарасың ғой, деймін...

- Иә, ағай.

- Әкең Қытайда болғанда сөйлесіп тұрушы ма едіңдер?

- Қыста хабарласқанбыз.

- Үлкейгенде кім боласың?

- Футболшы боламын.

- Футболшылардан кім ұнайды, саған?

- Месси.

- Қазір футболдан Әлем чемпионаты болып жатыр ғой. Көріп жүрсің бе?

- Жоқ.

- Неге, Месси ойнап жатыр ғой сонда.

- Телевизорымыз жоқ...

- Әкең кеткенде саған не деп айтып еді?

- Барлығына қарайласып жүр деген.

- Қарайласып жүрдің бе? Не істедің үйде?

- Шешеме көмектестім. Үй жинадым. Отын жардым. Көмір ұсақтадым. Қыста отты шешем жағатын, соған отын дайындап бердім. Әкемді сағынып кеттім.

- Қазір біз кеткен соң, үйде өздерің қаласыңдар ғой...

- Иә.

- Сол кезде әкеңе ең бірінші не деп айтасың?

- «Мен сені қатты сағындым» деп айтамын.



Түйін. Түйін сөздің орнына тағы бір жағымды жаңалықпен бөліскенді жөн көрдім. Үйсін елге келе жатыр деген хабарды ести сала, бір топ азамат Жаркентке қарай жолға шықтық. Сүйінші ақпарды әуелі әлеуметтік желіге бөлістік. Ол жайлы жоғарыда айттық.

Үйсін Бабан әйелі, үш баласымен Талдықорған маңындағы Сарыөзек кентінде тұрып жатыр. Олардың жеке бастарында баспаналары жоқ. Пәтер жалдап күнелтеді. Үйсін шекараның шетінде жүргенде Риза мен үш бала өлместің күнін кешіп, күн көрді. Қайырымды жандар ас-тұзын алып беріп, жәрдемдесіп тұрған екен.



Міне, әлеуметтік желідегі сүйінші ақпарымыздан кейін, үш бірдей қалталы азаматтар жеке хабарласып, Үйсін мен оның отбасына баспана алып беруге ықыласты екендіктерін білдірді. «Әп-бәрекелді» дестік. Десе де әліптің артын бағайық...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Алматы-Қорғас-Сарыөзек-Алматы

Abai.kz
Просмотров материала: 143 327

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 412 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 244 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 884 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 908 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 217 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 659 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 728 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 917 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 061 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 441 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 356 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 458 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 171 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930