19 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАРЫМЫЗДАН ЕНДІ СОТТАЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ

18 сентябрь 2017, 18:11
ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАРЫМЫЗДАН ЕНДІ СОТТАЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ Қазірге дейін Қытай Халық Республикасынан келген қандастарымыздың Қазақстанда тұрақты тіркелуіне және азаматтық алуына басты кедергі болып келген құжат – сотталмағаны туралы анықтама енді талап етілмейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығына толықтыру енгізіліп, аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 4 қыркүйекте №12880 болып қайта тіркелді.

Яғни, осы Бұйрықтың 10-тармағындағы «азаматтығы тиесілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат» - деп аталатын 6-тармақшасына «Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе» - деген ескерту қосылды.

«Аталған анықтаманы талап етуді күшінен қалдыру, шыны керек, оңайға соққан жоқ. Бұл құжаттың қандастарымызға 2015 жылдың 9 ақпанынан, яғни «ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына байланысты құрылған жұмыс тобының Мәжілісте алғашқы отырысы болып өткен күннен бастап тұсау болған еді.

Биыл Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы Елбасымыздың «Елге келгеннен соң құжат түгендеу үшін ары-бері сабылу болмауы керек. Қытай қазақтарының сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама алу жайы ағайынның арғы беттегі еңбегіне проблемалар туғызады. Оны шекара тұрғысынан сол жер­де анықтап, елменен ақылдасып, келісіп шешу керек» - деген тапсырмасына сай бұл мәселе шешімін тауып отыр», - дейді этникалық көші-қон саясатына белсенді араласып, заңдағы кедергілердің реттелуіне өзіндік үн қосып жүрген белгілі ақын Ауыт Мұқибек.

Айта кетейік, ҚХР-да сотталған азаматтарға шетелге шығуға арналған төлқұжат берілмейтіндіктен бұл анықтаманы алу мүмкін емес. Яғни, елге оралып жатқан ағайындардың барлығы сотталмағандар. Сол үшін де атажұртқа қоныс аударған қандастарымыз осы күнге дейін бір анықтама үшін екі ел арасында талай сабылған болатын.
Просмотров материала: 3 264

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 034 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 735 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 229 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 263 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 636 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 870 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 901 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 233 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 945 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 151 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 883 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 021 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 650 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 528 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 554 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 761 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 523 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 926 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 712 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 528 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 374 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 214 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 586 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 460 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 945 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 384 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 278 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 514 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 906 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 256 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 198 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 346 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 277 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 520 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 654 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031