17 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астаналық қаңғыбас елордада маңызды шаралар болғанда қалай қуғынға ұшырайтынын айтты

14 июнь 2018, 13:30

Көрнекі сурет
Астанада маңызды шара болады, я болмаса сыйлы қонақтар келеді десе, мұндағы қаңғыбастардың мазасы қашады. Былтыр Экспо халықаралық көрмесі кезінде оларды қаладан қоқыс құсап шығарып тастаған еді. Биыл Елорданың 20 жылдығы қарсаңында үй-күйсіз жүргендерді тағы бір белгісіз бағытқа саяхат күтіп тұр ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астанада үй-күйсіз жүрген адамдарды табу қиын емес. Оң жағалаудағы тұрғын үйлердің маңында Ербол мен Татьяна ашық аспан астында өмір сүріп жатыр. Ұрлық жасамайды, балаларға тиіспейді. Қоқыстан тапқан дүниелер бар болса, соны өткізіп, шәйін, нан-пұлын алып жатқан жайы бар.

Ербол мен Татьянаның бұл күнге дейінгі бастан кешкендері драма мен триллерге толы фильм бе дерсің. Қаңғыбас тірлік, мереке сайын қамау. Соңғы рет оларды Балаларды қорғау күні қарсаңында базар маңындағы оңалту орталығына апарып тығыпты. Айтуларынша, онда адам төзгісіз жағдайда болыпты. Тіпті, үш күн бойы тамақ бермей ұстады дейді.

«Үш күн бойы бізді сонда ұстады. Екеуіміздің де ауруымыз басымыздан асады. Ол да, мен де жетімдер үйінің түлегіміз. Баспана тұрмақ, құжаттарымызды қайта қалпына келтіре алмай жүрміз. Адам құсап жұмысқа кірейін десең де жолатпайды» – дейді Татьяна Ким.

Бұл жұптың кезбе атанғанына 10 жылға жуықтаған. Кей адамдар тепкінің астына алса, жаны ашитын мейірімді жандар бей-жай қарамай, қол ұшын созады екен.

«Айналадағы тұрғындар нан, тамақ әкеп береді қолдан келгенше. Олар менің мүгедек екенімді біледі. Осы жердің күзетшілері маған ешкім тиіспесін деп қарап жүреді. Жақында жасым елуге келеді. Ештеңеден қорықпайтын болдық. Қаладан қуамыз десе, қуа берсін» – дейді Ербол Айымбетов.

Бұл екеуін үй-күйсіз демесең, айналасын шашып, елдің мазасын алмайды. Сондықтан, көрші-қолаң оларды қоғамнан аластата бермей, бұл проблемаға басқа қырынан қарау керек шығар деген пікірде.

Ал әлеуметтанушы мамандар болса, бұл мәселені біржақты шешу үшін жауапты органдар қағаз күйінде есеп беруді қойып, нақты іске кіріскенде ғана нәтиже болады дейді. Әйтпесе бәрі бекер екенін ашық айтып отыр.

«Әрбір мемлекеттік орган, мекеме басқа мекемелермен байланыста болуы керек. Бұл жерде ондай байланысты көріп тұрған жоқпыз. Сондықтан өздерінің бір шешімдерін қабылдап, қатігездік сияқты әдіс тәсілдерді қолданып жатыр. Ол әрине дұрыс емес» – дейді әлеуметтанушы Айдар Хамит.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында қоғамдық тәртіптің қалай сақталатыны жайында ақпарат берген Ішкі істер министрлігі өкілдері болса, өткен жылы қаңғыбастарды қаладан қуды деген алыпқашпа әңгіме деп сендіріп бақты. Биыл да оларға қол тигізетін ойлары жоқ екен.

«Астанада арнайы оңалту орталығы бар. Егер адамның нақты тұрғылықты жері мен құжаты болмаса, оны аталған орталыққа жеткізеді. Себебі, оның кім екенін анықтау қажет. Әлі есімде, ЭКСПО кезінде қаңғыбастарды басқа жаққа көшіруге қатысты алыпқашпа әңгіме көп болған. Астана күнін тойлау кезінде ондай шаралар болмайды. Ұшақпен де, пойызбен де ешкімді көшірмейміз» – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.

Құжатын түгендеп, заңды үйімізге қол жеткізсек деген үміт Ербол мен Татьянада да бар. Бірақ, олардың мақсатының орындалуы екіталай екені түсінікті. Бұл жайтпен екеуі де көндіккен сыңайлы.
Просмотров материала: 3 426

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 207 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 885 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 389 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 430 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 803 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 604 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 637 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 961 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 631 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 679 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 875 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 817 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 923 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 453 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 406 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 692 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 437 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 846 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 640 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 461 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 304 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 155 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 504 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 881 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 236 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 447 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 842 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 191 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 139 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 275 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 590 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930