30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарт әженің естелігінен туған ой

23 май 2018, 20:12
Әр қариясы бар үйдің дариясы бар дегендей, біздің отбасымызда да әжеміздің әңгімелері немесе естеліктері жас ұрпақ, бізді де ой жетегіне жетелеуі хақ. Осыған орай әжемнің кезекті естелігін сөз қылуды жөн көрдім.

«Мен ақсақалдар туралы әңгімемді әке-шешем туралы бастаудан жөн көрдім. Менің туған ауылым - Саты, Райымбек ауданында, барлық жағы таумен қоршалған, сайда орналасқан елдімекен. Бұл жерді кейде Таушелек деп те атайды. Қазір Саты ауылы туристердің көңілін күннен күнге баурап, Көлсай көлдерімен қызықтыруда. Оған қоса осы өлке тауларының қойнауында алтын бар деп те айтады...

Менің әкем - Нәркеев Қостүтін 1897 жылы сол ауылда туған. Әкем Ұлы Сатай байдың тұқымы (сіз білмесеңіз жылқылары Таушелекке су ішуге келсе, өзен таусылып кететінімен әйгілі болатын), Қостүтін деген атына туған қарт анасы мен асыраған шешесі репрессия уақытында Қытайға туысқандарымен көшкен кезде шыдауға хәлі жетпейтінін біліп, жарты жолда туған өлкесінде қалуды жөн көргені үшін ие болған екен.

Әкемнің қара мылтығы болыпты. Сол қиын заманда ашаршылық басталды. Мал мен мүліктің барлығын Совет Үкіметі тәркілеген соң, таудан аң атып келсе, шешем етті асып елді тамақтандыратын.

Әкемнің сол кезде бір жетім балаға көмектескені болашақта менің университетке түсуіме ықпал еткен. Бұл- жасаған жақсылығын алдыңнан қайтара шығатынын көрсетеді.

Кейін 1941 жылы соғыс басталып, әкем ауылдың басқа жігіттерімен соғысқа кетті. Мылтық ата алатындықтан снайпер болып, неміс ұшақтарының бензобагіне бірінші реттен дәл атып, жау ұшақтарын құлатқан. Сол соғыста қолынан жарақат алып, ауылға қайтады.

Соғыс біткен соң әке-шешемнің шексіз махаббатынан мен, отбасындағы бес баланың үшіншісі болып 1946 жылы дүниеге келдім. Қазір ойласам - менің замандастарымның барлығы бүгінде қария болыпты. Бірі әкім, бірі депутат болып, әйтеуір бәріміз де өмірден өз орнымызды таптық …» - деп әжем кезекті әңгімесін аяқтады.

Әжем, Қостүтінова Рауян Наркейқызы (құжатта қате кеткен) 40 жылдан астам уақыт мұғалім болды. Ол балаларға биология пәнінен сабақ бергенде табиғаттың заңдылықтарын оқытатын. Кейін зейнетке шыққан соң әжем атаммен бірге далаға демалуға шыққанда оқушылары танып, үнемі амандасып тұрады.

Әжем «Оқушыға екі қойсаң, ол сенің өз-өзіне екі қойғаның» деп айтып отыратын. Өзі «КСРО білім беру ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» деген атақтарды иеленген. Әжем бізді кішкентай кезімізден кішіпейілдікке, адамгершілікке, үлкендерді құрметтеуге және Отанымызға деген суйіспеншілікке баулыды.

Әжемнің бізге ең басты үйреткені, менің ойымша, ол - өмірге деген махаббат. Неге десеңіз, әжем басына түскен өмір қиындығы мен тауқыметіне қарамастан (күйеуі, әпкесі мен ағасы, балалары өмірден ерте кетті) өмірін әрі қарай жалғауға күш тапқан.

2007 жылы денсаулығы нашарлап, бүйрегі дұрыс істемей, дәрігерлер бір жылдан көп өмір сүрмейді деген еді. 2014 жылы да алдымен бір, сосын екінші аяғын диабет ауруынан кесті. Сол кезде де дәрігерлер көпке шыдамайды деген еді.

Содан бері 11 жылдан астам уақыт өтті, ал әжем болса ажалға жеңсік бермей, тың жүр. Аптасына үш рет гемодиализ жасатады. Өмірге деген құштарлығын көрсетіп, әр күнге қуанып, күліп, немерелері, бізбен дойбы ойнайды. Бұл орыстар айтатындай әжемнің нағыз «стержень», яғни сүйегі асыл адам екенін көрсетеді.

Ал енді Қазақстанда қарттарға байланысты мәселені қарастыру уақыты да келді. Санақ бойынша, елімізде 30 мыңнан астам адам қарттар үйінде тұрады. Жыл сайын бұл көрсеткіш кемінде бір пайызға өседі екен.

Бұл қазақ халқының көне уақыттан келе жатқан «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген құндылықтарын жоғалтуының көрсеткіші деп білемін. Осы түста «Тоқта, балам! Атаң келеді артыңда, сенің жастық шағыңды бір мысқалын айырбастап, ала-алмай жүр алтынға…» деген Алтынбек Қоразбаевтің «Қара кемпір мен қара шал» атты өлеңінің ұлағатты сөздері ойға оралады.

Біздің қарт ата-апаларымыз балаларының қолдауына, жылы сөзі мен қамқорлығына мұқтаж. Ешкім жалғыз қалуды, тастанды болуды тілемейді. Бізбен өткізген әр күн олардың әлі де қоғамның белсенді азаматы екендігін көрсетеді.

Оған қоса, ата-апаларымыздың әңгімелеріне не жетсін? Ендеше қарияларымызды сыйлап, қадірлейік, ағайын! Қарттар және олардың өмір өзеніндегі тәжірибесі - біздің ең асыл мұрамыз!

Тамирис САДЫҚОВА
11 «L» сынып оқушысы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Алматы қаласы
Жетекшісі: Күлпия Амандосова
Просмотров материала: 2 350

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 194 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 818 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 312 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 734 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 760 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 818 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 123 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 738 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 815 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 005 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 626 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 444 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031