10 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Биылдан бастап менің ауылым Глазунов емес, Айсары...

12 май 2018, 11:24
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған сәттен бастап, алдағы болашаққа деген сенімді күшейтті. Бағдарламалық мақалада берілген әр жобалар өз бағытымен құнды.

Мен өзім Қостанай облысы, Қостанай ауданының Айсары (бұрынғы Глазунов) ауылында тұрып жатқандықтан, байқаудың «Туған жер» тақырыбына арналуын жаныма жақын қабылдадым. Патриотизмнің туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатыны анық.

Себебі, жас ұрпақ туған өлкесінің тарихын, табиғатын, біртуар перзенттерін біліп, танып өскенде ғана туған жерінің шынайы патриоты болмақ. Елбасы мақаласында айтылғандай: «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады».

Атақоныс, алтын мекен туған жер - əр адамның жүрегінде айрықша орын алады. Нақ осы жер оны елімен, өткенімен жəне болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген киелі сезім оянады. Əрбір адам үшін Отан - отбасынан басталады, туған өлке, туған ауыл, туған үй, тұрған көше.

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, керемет іздеп алысқа сапар шекпей-ақ, өз өлкемізді зерттеу арқылы талай құпияларды ашуға болатыны анық.

Сондықтан, туған жер тарихын танып білу, қадір-қасиетін түсіну әр адамның басты міндеті. Қазақстанның әр жері өзінің атауы және тарихымен ерек. Осы тұрғыда, менің мақалам өзімнің туған ауылымның атауы тарихына арналмақ.

Менің туған ауылым – балалық балдәурен шағымның бесігі. Әркім өз туған жерін мақтанышпен айтып, сол жердің патриоты болуы керек. Мен тұратын ауыл кезіндегі кеңестік уақыттан бері Глазунов ауылы атанып келді.

Енді міне, Елбасымыздың жарияланған мақаласына орай ауылымыз өзінің тарихи атауын тауып, 2018 жылдан бастап Айсары ауылы атанды. Біз секілді болашақ жастар үшін үлкен қуаныш!

Айсары... Бұл, негізінде, елді мекеннің көнедегі атауы еді. Нақтырақ айтқанда, ауылға жақын маңда орналасқан өзен. Кезінде Айсары өзенін бойлай Торғай-Қостанай пошта таситын даңғыл жол өткен екен. Саудагерлер мен көпестер тынығуға жиі тоқтайтын жер болған көрінеді.

Кейінірек Глазунов есімді әлдебір көпеске осы маңның табиғаты ерекше ұнап, сатып алып, қоныстанушыларға жалға беріпті-мыс. Тұрғындар осы көпес құрметіне ауылды Глазунов деп атап кетсе керек. Жалпы, ауылдың пайда болу тарихы Айсары өзенімен тығыз байланысты.

Ауыл атауының өзгеруі өз алдына, көшелеріміздің атаулары да өзгеретін болды. Мысалы, ауылымыздағы Комсомол көшесіне - Тәуелсіздік, Озерный көшесіне - Астананың 20 жылдығы, Спортивный көшесіне - Достық, Орденоносный көшесіне Бірлік атаулары берілді.

Осындай тарихы бар ауылымыз – бүгінде өз табиғатымен, шұрайлы жерімен, өзен-көлімен ерекше. Мен өзімнің туған жерімді, туған ауылымды сүйемін. Адам асқар арманына халқын, тілін, туған жерін шынайы сүйсе ғана қолын жеткізе алады.

Ендеше, мен бақыттымын. Сондықтан да туған жеріміздің тарихын білім, оны қадірлеп-қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Тоғжан ЕСТАЙ
10 сынып оқушысы
Глазунов орта мектебі
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
Айсары ауылы
Жетекшісі: Күлайым Алпысова
Просмотров материала: 3 028

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 169 850 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 169 683 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 310 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 169 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 169 639 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 017 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 157 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 380 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 368 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 530 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 267 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 815 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 337 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 193 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 011 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 196 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 287 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 957 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 345 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 064 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 077 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 913 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 746 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 012 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 951 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 464 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 926 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 786 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 055 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 386 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 800 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 757 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 807 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 756 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 986 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 130 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031