4 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Байқалмайтын революция: банктер мен МҚҰ толығымен онлайн кредит бере бастады

2018 жылдың сәуір айында нарықта маңызды өзгерістер орын алды. Банктер және шағын несие ұйымдары несиені толығымен онлайн тарата бастады. Нарықтың кей ойыншылары бұрын да осындай қызмет түрі бар екенін айтып жүретін, алайда бұл жартылай ғана шындыққа жанасатын.

Шын мәнінде бүгінгі күнге дейін банктер интернет арқылы тек өтінім ғана жинайтын. Бірақ ақша беру үшін оларға сол өтінім иесінің қолтаңбасы керек еді. Олар қол қойдыру үшін клиенттерді кеңсеге шақыратын немесе құжаттарды жеткізу үшін курьердің қызметін пайдаланатын.

Қарыз немесе кредитті беру мерзімі үш күн уақытты алып, тіпті кей жағдайда бір аптаға дейін созылатын: одан да дәстүрлі түрде несие алу әлдеқайда жеңіл болып көрінуші еді.

Алайда ағымдағы жылдың сәуірінде бірінші рет электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) технологиясы арқылы несие берілді. Бұл – осы саладағы аса маңызды оқиға. Шынын айтқанда, өткен айда аймақтық және федералдық деңгейдегі шенеуніктер жиі айтатын нағыз цифрлық революция орын алды деуге болады.

Клиенттер бірінші рет 15 минуттың ішінде несие алды. Оның үстіне, бұрын ешқашан қолжетімді болмаған қаржы құралдары енді барлығына қолжетімді болды. Қазақстанның кей аймақтары шалғайда орналасқандықтан және халық аз қоныстанғандықтан қаржы институттарынан толықтай қол үзген еді.

Сол үшін оларға қызмет көрсету банктерге тиімсіз болатын. Қазақстанның аймақтарында қаржы инфрақұрылымы жетіспейді: банктер әлі күнге дейін аймақтағы бөлімшелерін қысқартуда, құжатты қол қоюға апаратын курьерлік қызметтер шағын қалалар мен ауылдарда мүлде жұмыс істемейді десе де болады.

Біршама ірі қалалардағы халықтың бір бөлігі курьердің көмегімен қызметтерді қашықтықтан ала алатын, бірақ мұнда да бірқатар қиындықтар бар еді. Курьерлер кешкісін жұмыс істемейді, олардың ел қатарлы демалыс және мереке күндері бар.

Біз Solva-да одан басқа да қиындықтармен бетпе-бет келгенбіз, атап айтқанда курьерлер халықты, олардың мекен-жайын жиі шатастыратын, қолтаңбаны құжаттың мүлде басқа тұсына қойдырып әкелетін, құжаттарды жоғалтып алатын, тағысын-тағылар.

Сервисті жеңілдетуге тиіс қызмет түрі керісінше оны одан сайын қиындатып жіберді. Бизнестің басты талаптарының бірі – жұмыс процесінен адами факторды алып тастауға мүмкіндік бар болса, оны алып тастау керек.

Тағы бір ереже – егер арадағы делдалдардың тізбегін қысқартуға болатын болса, көп созба, қысқарт.

ЭЦҚ технологиясы Қазақстанда пайда болғалы бірнеше жыл өтсе де, ол несие бизнесінде көп қолданылмайтын: банктер мен МҚҰ аталмыш технологияны енгізуге асықпады (көпшілігі оны қымбатсынатын, ал кейбіреулердің технологиялық құзіреті жеткіліксіз болды).

Оның үстіне бүкіл операцияларды жүргізетін ірі ірі коммерциялық алаңдар болмады. Енді ондай инфрақұрылым бар.

ЭЦҚ технологиясы және қарыз бен несиені онлайн тарату қаржылық қолжетімділікті ұлғайтып қана қоймай, халықтың қаржылық және технологиялық сауатын арттырады. Клиенттер ЭЦҚ-ны алу және қолдану процесінде технологиялармен танысып, басқа өнімдермен немесе қызметтермен арақатынас жасаған кезде көмегі тиетін дағдыларды меңгереді.

Бүгінгі таңда бес миллионнан астам Қазақстан азаматтарының электронды қолтаңбасы бар. Таяу келешекте олардың саны екі есе көбейеді. Бұл халықтың барлығына ақшаны қашықтықтан алу тиімді, ерте ме, кеш пе, олар банктің жылма-жыл азайып келе жатқан кеңселеріне және бөлімшелеріне жүгіруден бас тартады.

Офлайннан онлайнға толыққанды көшуге дәл қазір өте қолайлы кезең. Қазақстан елдің үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Оның негізі – цифрландыру екенін жақсы білесіздер. 2025 жылға қарай еліміз цифрлық бәсекелестіктің халықаралық рэнкингінде 30-ыншы орынға жайғасуға тиіс.

Бизнес бұл процеске әзірге тек шектеулі түрде қатысуда, бірақ ең консервативті компаниялардың өзіне жаңа заманға бейімделуге тура келеді. Қаржы секторындағы бәсекеде халыққа сапалы және қолайлы қызмет көрсете алғандар ғана жеңеді. Яғни қаржылық және технологиялық нарықтардың түйіскен тұсында жұмыс тәжірибесі бар компаниялар ұтады.

Ал уақытында бейімделе алмағандар сөзсіз жеңіледі. Артық айтқаным емес, бірақ олар қазірдің өзінде жеңіліп жатыр.

Алина Дзоекаева,
Solva басқарушы директоры

Просмотров материала: 1 994

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 124 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 775 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 263 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 320 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 685 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 024 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 072 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 374 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 015 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 095 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 277 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 690 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 728 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 469 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 334 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 093 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 276 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 682 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 495 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 378 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 880 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 103 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 722 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 086 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 029 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 307 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031