10 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Qazkom банкін әдейі таңдап, барған едім - Оғыз Доған

28 апрель 2018, 11:41
Қазақ тілінің мәртебесін қорғаймын деп көпшіліктің назарына іліккен Түркия азаматы Оғыз Доған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген казкоммерцбанкті сынап тастаған болатын. Ал қазақ тілінде қызмет бере алмағанымен қоймай, күзетшілердің күшімен оны қуып шыққан банк басшылығы бұл істеріне өкінетіндіктерін айтып, кешірім сұрады. Бұл даулы мәселеде заңгерлер де тіл жанашырының жағына шығып отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Түрік азаматы бар қаражатын жинақтап, осы банкте сақтауға бел буған. Қаржы институтын таңдауда да өзіндік ұстанымы бар екен. Бірақ, банк қызметкерлері, тіпті бөлімше басшысы да қазақ тілінде қызмет көрсетпек түгілі күзетшілердің күшімен клиентті ғимараттан қуып шығыпты.

«Есепшот ашу мақсатында бір күн бұрын желіде, одан қалса достарымнан сұраған едім. Қандай банкті таңдауға кеңес бересіздер деп. Түрлі пікір айтылды. Ал мен казкоммерцбанкті таңдадым. Таңдау себебім, мынадай. Банктің атында «қаз» деген сөз бар деп. Қазақтың аты бар деп, әдейі сол банкті таңдадым», – дейді журналист Оғыз Доған.

Тіл жанашырының айтуынша, алғаш кезіккен қызметкер өзін өзге ұлттың өкілі ретінде таныстырып, бұл тілде сөйлеуге міндетті емес екендігін алға тартқан. Бірақ, кейін оның бәрін жоққа шығарып, видеоүндеу түрінде кешірім сұрады. Өкінішке орай, тағы да ресми тілде емес.

«Астанадағы банк бөлімшесінде болған жайтқа қатысты кешірім сұрағымыз келеді. Онда тұтынушыға қызмет көрсету ережесі сақталмаған. Бұл оқиға бізге үлкен сабақ болды. Сондықтан, өз тарапымыздан қызмет көрсету сапасын арттыратын боламыз», – деді банктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка.

Түрік азаматының әрекетін заңға салып, қай қырынан алса да дұрыс, дейді заңгерлер. Қызметті мемлекеттік тілде талап етуі заңды. Сондай-ақ, банкті камераға түсіруге тыйым салатын бізде ешбір заң жоқ екендігін айтады.

«Қазақ тілінде сөйлеуін талап еткеннен кейін, оның нәтижесі болмағаннан кейін әрине дәлелдеме ретінде түсіріп тұр. Сол себепті, оның іс-әрекетінде заңға қайшы әрекет жоқ. Неге? Өйткені, ол азамат бейнетаспаға түсірмеген болса, ол өзі жеке болғандықтан, кейіннен оны дәлелдеуде қиындықтар туындайтын еді» – дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Тіл үшін күресіп жүрген шетелдік азамат былтыр отандық әуе компаниясының қызметкерлерін де сабасына түсіргені еді. Ал оның кезекті жеңісін отандастарымыз үлгі етуге тұрарлық деп баға беруде. Осы бейнежазбаның ізінше ғаламторға тіл мәселесін қаузаған тағы бір материал жарияланды.

«Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді. Масқара. Осы сендер сияқтылар бәрін құртады. Не мынау?», – деген Оғыз Доған.

Қазір Қазақстанда түрік тілінде «Алашорда» жайында кітап жазып жүрген Оғыз Доған әрбір адам өз құқықтарын осылайша қорғай білуі керек, дейді. Әрі өзіне әділетсіздік танытқандарға кешірім жасаған. Бірақ, сол күні бөлімшеге алып барған 4 млн теңгесін енді өзге банктің шотында сақтайтын болыпты.
Просмотров материала: 4 826

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 310 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 006 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 510 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 553 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 225 913 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 056 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 076 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 420 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 127 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 142 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 344 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 956 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 085 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 701 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 581 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 637 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 819 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 573 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 989 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 766 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 580 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 433 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 273 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 643 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 510 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 005 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 447 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 326 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 562 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 961 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 308 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 245 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 385 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 322 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 583 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 700 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30