2 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шаханов Жазушылар одағынан шығарылсын! - 560 адамнан құралған наразы топ

10 апрель 2018, 10:31
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағына «Шаханов дауына» байланысты наразы топ арнайы мәлімдемемен келді. Жамбылдың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер, өзге де оқырмандар мен жеке тұлғалардың қояр талабы біреу-ақ: Даңқты ақынның аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға жол берілмесін!

Осыдан бірнеше күн бұрын Мұхтар Шахановтың өз өлеңінде, ізінше жасаған мәлімдемесінде Жамбылға, Мұхтар Әуезовке, Сәбит Мұқановқа, Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы пікір айтқан. Бұл пікір әлеуметтік желілер мен БАҚ-да көп талқыланып, наразылық тудырған. Енді бүгін жыр алыбы атанған ақынның ұрпақтары арнайы талап қойып отыр деп жазады Zhasalash.kz.


Наразы топ Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің атына жазған өтініш хатқа 560 адам қол қойған. Хатта:

«Құрметті Ұлықбек мырза!

Біздің сізден өтінеріміз:

Жамбыл 1936 жылдан Жазушылар одағының мүшесі, оны қаралаған ауыр қылмыстық жала жапқан М.Шахановтың мәселдесі қаралып, оны Жазушылар Одағы мүшелігінен шығаруды сұраймыз.

М.Шахановты осындай ауыр қылмысы үшін Жазушылар одағы басқармасы сотқа шағым түсіріп, әділ бағасын беріп, Жамбылдай ұлы ақынды қолдап, қорғап қалуды өтінеміз», делінген.

– 1995 жылы Жамбылдың 150 жылдығы қарсаңында Қырғызстанға бардық. Сонда қырғыз зиялы қауымымен бас қосып, дөңгелек үстел өткіздік. Мұхтар Шаханов сонда 3 күн бойы Жамбылды аузынан тастамай мақтаумен болды. Ол кезде қызметте жүрді ғой. Сол кісі соңғы кездері Жамбыл атамызға тіл тигізіп, оның мұрасына шабуыл жасауды бастады. Жамбыл ғана емес, білесіздер, қазақтың ірі-ірі тұлғаларын мансұқтап өлең жазды, ауыр-ауыр сөздер айтты. Содан кейін «Алматы» телеарнасына тікелей эфирге шықты. Біз халықтан кешірім сұрайтын шығар деп күткенбіз. Сөйтсек, керісінше, әлгі айтқандарын одан ары індетіп, аруақты қорлады. Бұған бір тоқтау болу керек қой, сондықтан қазақ әдебиетінің қасиетті қара шаңырағына келіп, өзіміздің мәлімдемемізді бердік. 560 адам қол қойды, бірақ, бұл тізім әлі де өсе береді, әлі де қосылып жатқан адамдар бар, – дейді Нағашыбек Қапалбекұлы.

Ал, «Шапағат-Нұр» журналының бас редакторы Талғат Нұрқасым:

– Қазір ғана жиыннан шықтық. Жазушылар одағының басшылығы бір аптаның ішінде біздің мәлімдемеміз бен өтініш-талаптарымызды арнайы талқылап, нақты бір шешімге келетіндерін айтты. Біздің басты мақсатымыз қазақтың ұлы тұлғаларын мансұқтауға жол бермеу. Қазақтың зиялы қауымы осылай аруақты қорлап, бөлініп алып, дауласып жатса күні ертең қазақ деген ұлтта не тамтық қалады?! Ұлт боламыз десек, кейінгі ұрпақ ата-бабаласына топырақ шашпауы керек, керісінше олардың мұрасын насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа паш етіп отыруымыз керек, – дейді.

Жазушылар одағы басшылығы наразы топтың өтініштерін арнайы қарайтынын, осы аптаның ішінде бір шешімге келетіндерін айтты.
Просмотров материала: 8 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 182 034 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 181 549 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 181 128 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 181 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 181 494 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 577 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 704 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 950 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 156 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 297 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 885 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 116 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 282 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 108 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 328 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 368 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 050 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 168 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 998 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 833 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 107 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 046 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 551 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 084 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 870 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 137 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 507 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 891 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 836 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 896 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 853 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 085 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 222 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031